Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
1-тапсырма.
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді.
Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады
|
1. Жануарлар басқа тірі организмдерден тәуелсіз тіршілік етуі мүмкін
бе, қалай ойлайсың? Есіңе түсір, қандай жанды табиғат патшалықтары бар? Осы патшалық өкілдеріне мысал келтіреді.
2. Жүйелеудің берілген мысалдарын мұқият қарайды. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары неде екендігін анықтайды.
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- Тапсырманы сипаттап түсіндіреді.
- Айырмалықтарын айтып береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
2-тапсырма.
Оқулықта және «OnlineMektep» бағдарламасында берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. «OnlineMektep» бағдарламасы, конспектпен жұмыс, онлайн тапсырмаларды орындайды.
Дескриптор: Жалпы – 10 балл.
- Конспектті пайдалана отырып. Берілген уақыт ішінде тапсырмаларды орындайды.
|
ДК
|
|
3-тапсырма.
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Нұсқаулық негізінде анықтағыш карточкада көрсетілген өсімдік түрін анықтайды.
|