ІІІ. – Балалар,ана тілімізді терең меңгеруден жалықпайық.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау.
Сабақтың мақсаты айтылып,зат есімнің түрленуі туралы түсінік беріледі.
1.Зат есімді түрлендіретін оның жалғаулары болып табылады.
2.Көптік ұғымды білдіретін көптік жалғаулар зат есімге үндестік заңы бойынша жалғанады.
3.Лексикалық мағынасы көптік ұғымды білдіретін зат есімдерге көптік жалғауы жалғанбайды: бидай,шаш,су,ақша,қымыз,көмір,ұн,күріш,т.б.
Оқушылармен біріге отырып,зат есімнің тірек сызбасын сызамыз.
негізгі,туынды
дара,күрделі
жалқы,жалпы
деректі,дерексіз
кім?не?
көптеледі
тәуелденеді
септеледі
жіктеледі
IV. Сабақты бекіту.
1. Интерактивті тақта арқылы еліміздің көрікті табиғаты көрсетіледі.
- Балалар,табиғат көрінісіне қарап,зат есімдерді қатыстыра қосымша мәтін құраңдар.Сөйлемдерің мағыналы,әдемі болсын.Мәтінге ат қойыңдар.Қандай зат есім түрлерін қамтыдыңдар? Ең әдемі мәтін бағаланады.
Сұлу табиғат
Қазақстанның табиғаты өте керемет.Көз тартарлық ғажайып көрінісінің бірі – Көкшетаудағы Бурабай.Бурабай өзінің Жұмбақтасымен,Оқжетпесімен және биші қайыңдарымен,көкке өрлеген биік шыршаларымен,таза ауасымен әлемге танымал.Ақындар мен жазушылар сексен көл қоршаған Көкшетаудың көз тоймас сұлу табиғатын жырлап тауыса алмаған.
2. Оқулықпен жұмыс. 34-жаттығуды ауызша орындап мақсатын айқындау. (Жаттығудың мазмұнына, авторы Тоныкөк (646-741ж.) екеніне басты назар аудару).
3. Тақтамен жұмыс. Екі оқушы тақтаға шығарылып,мұғалімнің қалауымен жаттығу ішінен екі сөйлемге морфологиялық талдау жасау.
Ел төре-сі жау-ла-ма-са, о-ған ер-іп мен жау-ла-ма-сам, ел-ім, халқ-ым жой-ы-лар е-ді.
О-ның шаб-у-ыл-ы-ның нәтиже-сі-н-де, ме-нің шаб-у-ыл-ым-ның нәтижес-сі-н-де ел-іміз қайта ел болды,халқымыз қайта халық болды.
4. Қалған оқушылардың назары интерактивті тақтадағы алдын ала компьютер арқылы сызылып дайындалған «Зат есім» сөзжұмбағына аударылады.
Сөзжұмбақты шеш.
-
Ұлттың аты
-
Әженің сөзі
-
Дауыс толқыны
-
Сөзді,оның мағынасын зерттейтін сала
-
Тиянақты ойды білдіреді
-
Септік атауы
-
Затты ажарландыра түсу үшін ұқсас затқа балау,құбылту.
5.«Кім жылдам?» ойыны. Логикалық тапсырма.
І топқа
Төмендегі сөздерден алдымен етістік,содан кейін қайтадан зат есім жасаңдар: ес,ой,жиын,бас,хабар, бір.
ІІ топқа
Төмендегі сөздерден алдымен зат есім,содан кейін қайтадан етістік жасаңдар: жина,ойын,кес,теп,айт, бұр, соқ, тала.
ІІІ топқа
Төмендегі сөздерден алдымен зат есім,содан кейін үндестік заңына байланысты көптік жалғауын жалғаңдар: ойна,көр,қыс,тап,тара,шай,жама,өлше,шал,кес,түс,қуан.
V. Сабақты қорытындылау:
1. Зат есімнің түрленуі дегеніміз не?
2. Көптік жалғауларын ата.
3. Көптік жалғауы қандай сөздерге жалғанбайды?
VI. Оқушы білімін бағалау.
VII. Үйге тапсырма. Зат есімнің түрленуі.Көптік жалғау. 35-жаттығудың мақсатын толық орындау.Соңғы бес сөйлемге морфологиялық талдау.
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 7-сынып
Сабақтың тақырыбы: Септік жалғау.Жай септеу,Тәуелді септеу
Сабақтың мақсаты: 1) оқушыларға септік жалғаулары,жай және тәуелді септеу туралы мағлұмат бере отырып,олардың теориялық және тәжірибелік білім деңгейін,ой-өрісін,іскерлік дағдыларын,шығармашылық қабілеттерін байқау және бағалау; 2) оқушылардың ойлау қабілеттерін жетілдіру,өздігінен іздену дағдыларын қалыптастыру,сөйлеу тілін дамыту; 3) шапшаңдыққа,тиянақтылыққа тәрбиелеу,халық даналығы – мақал-мәтелдердің мағынасын аша отырып,оқушыларды ізгі істерге баулу.
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту.
Сабақтың әдісі: хабарлау,баяндау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті.
Көрнекілік: сызба-кесте,жетондар,бағалау парақтары,үстел сілтемелері,топтастыру,кеспе қағаздар,диаграмма.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру: а) оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу; ә) сабаққа даярлықтарын тексеру.
Ой шақыру.
а) Морфология нені зерттейтін ғылым?
ә) Сөз құрамы туралы не білесіңдер?
б) Түбір мен қосымша морфема дегеніміз не?
в) Топтастыру сратегиясын негізге ала отырып жалғау мен жұрнақтың түрлеріне топтау жасаңдар (әр топқа парақ таратылады).
Қосымша
Жұрнақ Жалғау
(Жұмысын аяқтаған оқушы өз топтастыруын тақтаға сызып түсіреді)
-
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Міне,осы мәселеге орай 7-наурызда елбасымыздың «дағдарыстан дамуға» атты жолдауы жарияланды. Қазір осы жолдау мәтіннен алынған үзіндімен жұмыс жүргіземіз.Алдымен мәтінді оқып шығып,асты сызылған сөздерді құрамына қарай талдаймыз.
Әлемнің дағдарыс жағдайында экономикалық қауіпсіздік проблемасын шешу жолдарын іздестіру әлемнің барлық елдерінде жүріп жатыр. ТМД елдерінің арасында Қазақстанның әлемдік қаржы дағдарысын бірінші болып сезінгені белгілі.Түбегейлі жаңарту жоспарының бір нұсқасын Қазақстан ұсынады.Әлемдік валюталық-қаржылық жүйенің терең қайшылығы бізге оның архитектурасын реформалау жолын да анық көрсетіп отыр.
Елбасы осындай ойларды айта келе жаңа үйлесімді жүйенің даму негізі жаңа әлемдік валюта болуы тиіс екендігіне сенімділігін жеткізді.
Мұндай жүйе адамзат тарихында алғаш рет әбден заңды және жария әлемдік валютаны құру үшін негіз бола алар еді.Тек қана күш жігерді біріктіру нәтижесінде ғана ЕурАзЭҚ елдерінің экономикасына төнген жаһандық дағдарыстың талқандаушы зардаптарын төмендетіп, оны еңсере және жаңа болмысты қалыптастыра аламыз.
Тек осындай қадам ғана бүкіл ЕурАзЭҚ кеңістігінде ғылымды, білім мен мәдениетті орнықты және стратегиялық дамытуды қамтамасыз ете алады.Жүйелік дағдарыстан тек қана жүйелік жаңару жолы арқылы шығуға болады.Дағдарыс біз оған сайма-сай әрекет ете бастағанда ғана аяқталатындығы анық.
а) Септік жалғаулы сөздердің астын сызып,үстіне сұрақтарын жаз.
ә) Қарамен жазылған ілік септік жалғаулы сөздерді салыстыр. (әлемнің,елдерінің)
б) Табыс септік жалғаулы сөздерді салыстыр. (валютаны,дағдарыстан)
в) Барыс септік жалғаулы сөздерді салыстыр. (бізге,экономикасына)
г) Табыс септік жалғаулы сөздерді салыстыр (ғылымды, зардаптарын)
д) Осы талданған сөздердің септеулерінде қандай ерекшелік бар?
Септік жалғауы туралы түсінігімізді кесте-сызбаны пайдалана отырып пысықтап кетейік.
Септік
|
Сұрақтары
|
Жай септеу
|
Тәуелді септеу
|
Атау
Ілік
Барыс
Табыс
Жатыс
Шығыс
Көмектес
|
кім,не
кімнің,ненің
кімге,неге
кімді, нені
кімде,неде
кімнен,неден
кіммен,немен
|
әке,дала
әкенің,даланың
әкеге,далаға
әкені,даланы
әкеде,далада
әкеден,даладан
әкемен,даламен
|
әкем,далам
әкемнің,даламның
әкеме,далама
әкемді, даламды
әкемде,даламда
әкемнен,даламнан
|
Септік жалғауы да көптік жалғауы сияқты сөз бен сөздің арасын байланыстырып,оларды өзара қарым-қатынасқа түсіреді.Септік жалғауы дегендегі «септік» деген термин «сеп» (жәрдем,көмек,дәнекер) деген ұғымды береді.Осы сөзден туған «септеу» деген сөз екі түрлі мағынада жұмсалады: бірі – екі нәрсені жалғау,ұластыру; екіншісі – сөздердің септік жалғауларын қабылдап өзгерілу жүйесі.
Қазақ тілінде мынадай септіктер бар: атау,ілік,барыс,табыс,жатыс,шығыс,көмектес.Әрбір септіктегі сөз белгілі бір сұрақтарға жауап береді.Сөзің қай септікте тұрғанын оның сұрағына қарай ажыратамыз.
Жаттығулармен жұмыс.
а) Тірек сөздер таратылады.Әр топ ойыншылары сол сөздерге байланысты мақал айтады.
ә) Берілген тірек сөздерге лексика-грамматикалық талдау жасау.
Кеспе қағаздармен жұмыс.
а) Мақалдың мағынасын түсіндіріңіз.
ә) Септік жалғаулы сөздерді табыңыз.
б) Мақалға байланысты шағын әңгіме жазыңыз.
Берілген сөздерді жай және тәуелді септеңіз.
Қазақ. Жақсылық. Халық. Көңіл. Дала.
Сабақты бекіту.
Септік жалғаулы сөзді табыңыз.
а) қалалық ә) мақал-мәтелдер б) оқушыларым в) оқығансың г) оқығанға
Тәуелді септеуді табыңыз.
а) кітапты ә) қаламмен б) айтқаннан в) бесікте г) даланың
Берілген сөздер қай септік жалғауын қабылдап тұр?
а) барыс ә) шығыс б) жатыс в) көмектес г) табыс
Шығы септік жалғаулы сөзді табыңыз.
а) қарамастан ә) келгенімен б) көргенін в) қалада г) әкесіне
Кімді,нені,кімін,несін сұрақтары қай септікке тән?
а) атау ә) ілік б) барыс в) табыс г) көмектес.
Үйге тапсырма беру.
Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |