Сабақтың тақырыбы: Төрт-түліктің бірі түйе. Сабақтың мақсаты



жүктеу 66.49 Kb.
Дата16.06.2016
өлшемі66.49 Kb.
«Мектепке дейінгі шағын орталығы және гимназия сыныптары бар

21 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесі


Ақтау қаласы
Бастауыш сынып мұғалімі: Куанова Мария

Сабақтың тақырыбы: Төрт-түліктің бірі түйе.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі : Қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі төрт –түлік малдың ішіндегі түйенің ерекшелігіне тоқталу.Оның еті де, сүті де адамға шипалы екенін түсіндіру.

2.Дамытушылығы: оқушылардың мәнерлеп оқу дағдысын дамыту. Түйенің пайдасы туралы білімдерін толықтыру, тіл байлығын , ой өрісін , іскерлік дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру.

3. Тәрбиелігі: Оқушыларды төрт-түлікке деген құрметке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі:Сұрақ жауап,әңгімелеу,көрнекілік әдісі.

Көрнекілік. Интерактивті тақта, суреттер ойын.

Әдісі :Сұрақ-жауап,түсіндіру, мәнерлеп оқу, ой-қозғау, шығармашылық жұмыс, пікірлесу,әңгімелесу.

Қолданылатын технология:Сын тұрғысынан ойлау технологиясының түрлері.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу

Психологиялық дайындық.

Білем деме, балам ,

Білмейтінің көп шығар

Бәрін білген адам ,

Дүниеде жоқ шығар.

II.Үй тапсырмасын сұрау.



I.Қызығушылығын ояту

--Малдармен таныстық .Оның ішінде түйеге тоқталдық .

Түйе туралы кім не айталады.

-Оқушылардан сұрау .

iii. Олай болса қазақ халқының ұлттық кәсібінің бірі-мал бағу. Төрт түлік бізге-кисек-киім, ішсек-тамақ, мінсек-көлік.

Жаңа сабақ:


  • Соның ішінен бүгін түйе туралы толық танысамыз.

  • Балаларға түйе малы туралы интерактивті тақтадан суретін көрсетіп тұрып, мағұлмат беру.

  • Түйе –кйелі жануар. Ол шөл мен аштыққа шыдамды. Ыстық –суыққа төзімді, ұзақ жүрісті қажымайды. Ертеде ата-бабаларымыз көлік ретінде пайдаланады.

  • Оның терісі, жүні, сүті өте пайдалы.Сүтінен шұбат, қымыран сияты сусындар дайындайды.

  • Түйе сүтінің емдік қасиеттері бар, бірнеше ауруға ем.

  • Терісінен аяқ киім тігеді, таспа, қайыс жасаған, ер қаптайды. Жүнінен жылы киімдер тоқиды, көрпеге салады.

  • Түйе 30-40 жылға дейін өмір сүреді.

  • Маңғыстау, Қызылорда обылыстарына түйе шаруашылығымен айналысады.

  • Міне , мына түйені айыр түйе қос өркеш тұқымының бір түрі.

  • Ал, мына түйе Аруана- сыңар яғни жалғыз өркешті түйе ./суретін көрсету.

  • Аруана айыр түйеден гөрі ыстыққа төзімді, сүті де мол /екі-үш есе / бірақ жүні аз болады. Аруана / сыңар өркешті түйе Қазақстанда Атырау облысында ғана өсіріледі

  • Мал өсірсең, түйе өсі, пайдасы оның көл-көсір демекші түйе күніне 40-50 шақырым жүреді.

  • Түйенің төлі бота. Түйе екі жылда боталайды. /Суреттен көрсету./

  • Түйенің пірі-Ойсылқара.

  • Түйе атауларына тоқталу.

  • Түйе: Бота, тайлақ, буыршын, інген,атан, бура.

  • Сонымен қатар түйеден біз шұбат аламыз.Шұбат түйе сүтінен ашытылып жасалады.Шұбат ішсең , бойларың өсіп, шаштарың қалыңдап, жүздерің нұрланады. Суретін көрсету.



II.Топтастыру (Әр топқа сұрақ)

I топ: Түйе жүнінен істелетін бұйым -көрпе тоқыма киімдер т.б.

II топ: Түйе сүтінен әзірленетін тағам- шұбат, қымыран т.б.

III топ:Түйе терісінен жасалатын – аяқ киім, қайыс, таспа т.б.

IY.Кітаппен жұмыс.

1.Мәнерлеп оқу .

2.Тізбектеп оқу.

3.Сұрақ-жауап



Y. Дәптермен жұмыс.

186-жаттығу.



YI. Білгенге маржан

Маң-маң - жәй ақырын, баяу

Шуда - түйенің мойнындағы, тізесіндегі ұзын, жуан және жіңішке қылдан тұратын жүн.

Қом - түйе өркешінің түп жағындағы тұтас біткен жота тұсы, майлы жері.

Мұрындық- байлауға, жетектеуге арналған әбзел .

Шөбі – алабота қурай , теріскен.

Шөк – түйенің шөгіп жатуы.

YII. Жылулық шеңбері.

Атам мені «құлыным »-дейді,

Әжем мені «боташым » -дейді,

Әкем мені «шырағым »-дейді,

Шешем мені «қозым»-дейді.

Ал, шынында мен кіммін.

Мен кәдімгі адаммын.

III. Ойын «Адасқан сөздер» /Төрт түлік атауларын тап/

IX.Төрт түліктің адам өміріне пайдасы.

/бір топ оқушылар/



III.Ой толғаныс.

Сабақты қорыту

1.Түйенің төлі?

2.Түйені сауғанда не аламыз/

3.Түйенің иесі?

4. Түйе неше жылда боталайды?

XI.Мадақтау.

XII. Үйге тапсырма беру.



«Ананың тілі – аяулы үні»

Сабақтың мақсаттары:

1). Оқушыларға тілдің қоғам өміріндегі маңызын түсіндіру;

2). Оқушылардың ой – өрісін кеңейту, тіл байлықтарын дамыту;

3). Оқушыларды қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, шешендік өнердің қыр – сырын ұғынуға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер: Мақал – мәтел жазылған плакат, тіл туралы заң жазылған буклет, үнтаспа.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды қатарға тұрғызып, әнұранды айттыру.



Кіріспе сөз:

Соңғы жылдары ана тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болу, халықтық педагогиканың асыл қазынасын пайдалануға, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт – дәстүрімізді жетілдіруге мүмкіндік туғызғаны еліміз үшін зор қуаныш. Қазіргі заман талабы халықтық дәстүрді кеңінен пайдалана білуді көздеп отыр. Ол үшін халқымыздың ата – бабадан келе жатқан ұлттық аса мұраларын, тұрмыс – салтын, үлгі –өнегесін жүзеге асыруымыз қажет.

Елімізді басқа ел танып жатқанда, тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақты тәрбиелеу басты міндеттердің бірі. Тәрбиенің негізгі құралы – тіл, ол ұлттың тарихи көрініс белгісі.

«Ананың тілі – аяулы үні» ашық тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.



Жүргізуші: Қазақ тілі – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген – дана тілім.

Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені,

Қуанышым, бақытым, дара тілім.



Жүргізуші: Қазақстанда тұратын әр азамат Мемлекеттік тіл – Қазақ тілін білуге міндетті. «Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте» деген нақыл сөздің мағынасын түсінейік, ағайын!

1.Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім –анам тілі – өз тілім!

Туған тілім – далам тілі – өз тілім!

2. Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен мәнім бар,

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып – ақ алыңдар.



3. Туған тілім – тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!



4 .Сүйемін туған тілді – анам тілін

Бесікте жатқанымда – ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан

Құлағыма сіңірген таныс үнім.



5. Жүйрік тілді ақын бол!

Жақсылыққа жақын бол!

Дотарыңмен тату бол!

Дұшпаныңа қату бол!



6 .Тілім менің!

Ұлы Абай, Мұхтардай пірім менің,

Тұнығым, рухани жан азығым

Ол бүлінсеі менің де бүлінгенім.



7.Тілім барда қазағым бар, халқым бар.

Дәстүрім бар,

Ата жолы салтым бар.

8.Тілім менің ерлігімде, елдігім,

Кемеңгерім, шешендігім, кеңдігім.

Тілім менің – мөлдірлігім, пәктігім,

Ойлылығым, тереңдігім, теңдігім.



9. Өз тіліңмен ер жетіп,

Қол созасыың күнге сен.

Өз тіліңмен еліңе,

Пайдалысын күнде сен.



10. Ежелден ұлы еліміз ірі іргелі

Шежіреміз

Тарихымыз ілгері

Менің тілім Қаз дауысты Қазыбек

Әйтеке мен Төле бидің тілдері.

11. Тіл қаруы – сөз,

Сөз қаруы – ой,

Ақылды – ой, алғыр сөз –

Адамның ең жоғарғы қасиеті.



(Ғабит Мүсірепов).

Мұғалім: Тіл туралы мақал – мәтелдер.

Оқушылар:

  1. Тіл тас жарады,

Тас жармаса, бас жарады.

  1. Өнер алды – қызыл тіл.

  2. Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

  3. Аз сөз – алтын,

Көп сөз – көмір.

  1. Тіл – ақылдың өлшемі.

  2. Тілі жеткенше сөйлеген шешен

Қолы жеткенше нұсқаған көсем.

  1. Тіліңмен жүгірме,

Біліміңмен жүгір.

  1. Тіл – тәтті, бауыр – қатты.

Қорытынды.

Мұғалім: Ана сүті бой өсірсе, ана тілі ой өсіреді. Олай болса, ата өсиетіне құлақ асып, ананың тілі арқылы бабалар аманатына адал болайық.

Хор: Ән. «Ананың тілі – аяулы үні».


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет