Мұғалім іс-әрекеті:Оқушыларға нұсқау картасын таратады,түсіндіреді,қауіпсіздік техникасының ережелерін еске түсіреді Лаборант көмегімен демонстрациялық тәжірибені тартпа шкафта жүргізеді.
|
Тапсырма №2. Хлор, бром, йодқа сапалық реакция.
Мақсаты: Галогендердің химиялық қасиетін зерттеп, қорытындылау.
Оқушы іс-әрекеті: Оқушылар зертханалық тәжірибе жұмысын бақылап, реакция теңдеуін жазып, кесте толтырады.
Бағалау: Мұғалім жұмысты жинап, тексереді.
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Бейнежазба: хлорид-, бромид- және йодид-иондарына сапалық реакциялар:
https://www.youtube.com/watch?v=Ms2OUXfeCDQ
|
Топтық жұмыс
6 мин
|
|
Қосымша №1
Лабораториялық жұмыс.Хлор, бром, йодқа сапалық реакция
Оқу мақсаты:
- Хлор, бром және йод реакциясын бақылау
- Қорытынды жасап, бақылаға тұжырымдама жаз
- Өздерінің қорытындысын топтастырып, топ ішіндегі бағыттарды белгілейді
Мақсаты:Галогендердің химиялық қасиетін зерттеп, қорытындылау.
Жұмыста қауіпсіздік ережелері:
Галоген ерітінділері улы заттарға жатады
Тәжірибені тартпа шкафында орындау қажет.
Керекті құрал-жабдықтар: 0.2М KCL, KBr, KI ерітінділері, хлор суы, бром суы, йод суы, магний, цинк, кристалды йод, химилық стақан, пробирка, микрошпатель, фарфор ыдысы, шыны таяқшалары, пипетка
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Бейнежазба: галогенид- иондарға сапалық реакциялар, фторды қоса алғанда. https://www.youtube.com/watch?v=NCPOuGx-X6o
|
Жеке жұмыс
5 мин
|
|
1.Әмбебап индикатор қағазын ақ плиткаға қойыңыз. Пипеткамен бірнеше тамшы хлор суын тамызыңыз.
2.Тәжірибені бром және йод суымен қайталаңыз.
3.Калий бромиді бар пробиркаға хлор ерітіндісін қосыңыз.
4,Калий йодиді бар пробиркаға хлор ерітіндісін қосыңыз.
5. Таблицаны пайдаланып басқада араластыруларды орындаңыз, байқалған құбылысты жазыңыз.
|
|
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |