Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
15 мин.
|
|
Сынауыққа ¼ бөлігіндей дистилленген суды құйып оғанкальциді салыңыз. Сынауыққа 2-3 тамшы фенолфталеин тамызып бақылау жүргізіңіз. Реакция теңдеуін молекулярлы және ионды түрде құрастыру, тотығу тотықсыздану үдерістерін бөлу.
Сынауықтың сыртқы қабырғасының қызуы ненің белгісі?
Фенолефталин ерітіндісін тамызғанда қандай өзгеріс байқалды? Не үшін?
|
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
https://www.youtube.com/watch?v=QCMtSOLjyik
|
Топтық жұмыс
6 мин
|
|
«Сілтілік және сілтілік жер металдардың реакциялары»
Металдар үшін (Li, Na, K, Mg, Ca) төмендегі кестені дәптерлеріңізге сілтемені пайдаланып (http://www.ptable.com/) толтырыңыз.
Тапсырмалар
Сілтілік металдарға байланысты келесі сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сыртқы электрондық деңгейлерінде қанша электрондары бар?______
2.Неліктен сілтілік металдарды керосинның астында сақтайды? _______________________________
3.Сілтілік металл атомдары электрондарынан айырылған кезде қандай бөлшектер пайда болады? ___________
4.1-ші топтағы металдардың басқа топтағы металдардан кем дегенде 3 айырмашылығын көрсетіңіз. _______________________________
5. Сілтілік металдардың сумен әрекеттескен кезде қандай газ бөлінеді? _________________
6.Осы газды қалай анықтауға болады?
|
|