Сабақтың тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану процесі (33-сабақ) Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



бет9/52
Дата01.02.2024
өлшемі2.71 Mb.
#490459
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52
10-сынып. 3-тоқсан

Жаңа сабаққа кіріспе



Әр түрлі батарейкалардың суреттері көрсетіледі. Осы заттарды біз не үшін пайдаланамыз? Батарейкалар қандай талаптарға сай болу керек? Батарейкаларда электр энергия қалай пайда болады? Аккумулятор мен батарейканың қандай айырмашылығы бар?



Тапсырма: мырыш-мыс гальваникалық элементтің мысалында, сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Гальваникалық элементтің сызба нұсқасын құрастыру үшін қандай мәнді пайдаланасыз?

  2. Берілген гальваникалық элементтің сызба-нұсқасын құрастырыңыз.

  3. Анодта өтетін үдерістің сызба нұсқасын жазыңыз.

  4. Катодта өтетін үдерістің сызба нұсқасын жазыңыз.

  5. Гальваникалық элементте өтетін жалпы тотығу-тотықсыздану реакциясының теңдеуін жазыңыз.

  6. Мырыш-мыс гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз ЭҚК= Екатоданод

Тапсырманы орындауға қиналып отырған оқушыларға сурет беріледі



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
15 мин.

Тапсырманы орындап болған соң, тапсырманы орындауын талдайды. Мұғалім оқушылар бұрыс орындаған жерлерді түсіндіреді.

Метатанылымды дамытатын сұрақтарды қояды: Неліктен мырыш анод болады? Неліктен катод ролін мыс атқарып тұр? Катодта қандай процесс өтіп жатыр? Анодта қандай процесс өтіп жатыр? Тұз көпіршесі не үшін қажет? Қалқа не үшін қажет? ЭҚК –ні қалай пайдаланады?







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет