Сабақтың тақырыбы Валенттілік. Химиялық формулалар Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет2/4
Дата04.03.2024
өлшемі192.32 Kb.
#494278
түріСабақ
1   2   3   4
Сабақ жоспары Валенттілік. Химиялық формулалар 7-сынып

Құндылықтарға баулу

Жұптық жұмыс кезінде өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау, өз бетімен жұмыс орындау кезінде адалдылық таныту

Пәнаралық байланыс

математика

Алдыңғы оқу

5.1.1.7-ең кіші ортақ еселік
7.1.2.1-атомдар мен молекулалардың айырмашылығын білу
7.1.2. -әрбір элементтің химиялық таңбамен белгіленетіндігін және белгілі атом түрі екенін білу
7.1.2.4-заттарды құрамына қарай жай және күрделіге жіктеу
7.1.2.10-салыстырмалы атомдық массаның анықтамасын білу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар



Ресурстар

Басталуы
1 мин

1 мин
2 мин


3 мин

4 мин



I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылармен амандасу. Жағымды психологиялық ахуал орнату:

  • Егер сіз мектепке көтеріңкі көңілмен келсеңіз – оң қолыңызды көтеріңіз;

  • Егер сіз адамның шыншылдығын бағаласаңыз – алға адымдаңыз;

  • Егер сіз өз біліміңізге сенсеңіз – аяғыңызды қозғаңыз;

  • Егер де сізге химия пәні ұнаса – шапалақтаңыз;

  • Егер де сіз мемлекет болашағы біздің қолымызда деп сенсеңіз – қол ұстасыңыз.

2) Оқушыларға өзін-өзі бағалау парағын үлестіріп, толтыру ретін түсіндіру.
Өзін-өзі бағалау парағы
Оқушының аты-жөні__________ Сыныбы_______ Күні______



Толық-тыру тесті

Ой қозғау

Химия-лық эстафета

Модель құрасты-ру

Plickers

Жалпы



















3) «Анаграмма» әдісі
Жаңа сабақтың тақырыбынын ашу үшін сөздердегі әріптердің орнын ауыстырып қоямын
«Влнттлкаеіі. Хмлқиияы фрмллроуаа» - «Валенттілік. Химиялық формулалар»
Жаңа сабақтың тақырыбы жарияланған соң, оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Мақсатқа жету үшін қажет критерийлер бірге талқыланады.

II. Үй тапсырмасын сұрау


1) «Толықтыру тесті» әдісі:

  1. Салыстырмалы атомдық масса ... деп белгіленеді.

  2. Салыстырмалы атомдық масса - ... (ағылшын тілінде)

  3. Массаның атомдық бірлігі ... тең.

  4. Элементтердің салыстырмалы атомдық массаларының мәні ... берілген

  5. Массаның атомдық бірлігі - ... (ағылшын тілінде).

Дұрыс жауаптары:

  1. Аr

  2. Relative atomic mass

  3. 1,66·10-24г

  4. Периодтық жүйе кестесінде

  5. Atomic mass unit

Жұмысты аяқтаған соң, бірін-бірі тексереді. Оқушылар берген әр дұрыс жауабы үшін 1 баллмен бағаланады.

2) «Ой қозғау» әдісі:


Химиялық элемент таңбаларын жазып, салыстырмалы атомдық массаларын тап.
I. натрий, көміртек, темір
II. оттек, бор, мыс
III. кальций, азот, аргон
Салыстырмалы атомдық массалары берілген элементтердің таңбаларын жазыңдар.
I. 80, 7
II. 19, 65
III. 28, 64



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет