Жаңа сабаққа кіріспе
|
«educaplay» платформасы арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
1.а=1 түріндегі квадрат теңдеуді қалай атаймыз?
2.Дискриминант мәні 0-ден үлкен болса, онда .....
3.Дискриминант мәні 0-ге тең болса, онда .....
4. Келтірілген x2+px+q=0 квадрат теңдеуінің түбірлерінің қосындысы оның қарама-қарсы таңбамен алынған екінші коэффициентіне, ал көбейтіндісі ........ тең
5.Егер u+v=–p, u·v=q болса, онда u және v сандары x2+px+q=0 теңдеуінің түбірлері болады.Бұл қандай теореманың анықтамасы?
Сен білесің бе ?
Квадрат теңдеулерге келетін есептерді шешу тәсілдерін алғаш кімдер қолданған ?
Француз математигі Ф.Виет туралы не білесің?
|
Сабақты бастамасы: Бұрын өткен сабақты пысықтау cұрақтары қойылады. «educaplay» платформасы арқылы өткен сабақтан сұрақтар қойылып, жауап алынады.
Ұғып ал!
1.Виет теоремасын жаттап алу керек.
2.Виет теоремасының қасиеттерін меңгеріп , дәлелдей білу керек.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар, оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыны«Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
«Жарайсың!», «Жақсы» деген мадақтау сөзімен ынталандыру
|