Сабақтың тақырыбы Виртуалды машиналар Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет1/5
Дата25.09.2022
өлшемі38.02 Kb.
#461311
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Ашық сабақ жоспары Виртуалды машиналар

Қысқа мерзімді жоспар




«Аягөз қаласының политехникалық колледжі» КМҚК

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
11.2В Аппараттық қамтамасыз ету

Күні: 22.04.2021ж

Оқытушының аты-жөні: Сарсембекова Г.С.

Топ: 20-ЭПС-1

Қатысушылар саны: 10

Өтілу түрі: ZOOM платформасы (онлайн)

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Виртуалды машиналар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

11.1.2.1 виртуалды машиналардың мақсатын сипаттау.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушылар Виртуалды машина не екенін біледі;

  • Виртуалды машиналардың мақсатын түсінеді.

Бағалау критерийлері:

  • Оқушылар виртуалды машиналардың сипаттамасын түсінеді;

  • Виртуалды машиналардың мақсаттары мен артықшылықтарын түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар



Пәнге қатысты лексика және терминология:
Виртуалды машина – виртуальная машина – virtual machine;
Виртуалдау – виртуализация – virtualization;
Виртуалды операциялық жүйе – виртуальная операционная система – virtual operating system;
Гипервизор – гипервизор – hypervisor;
Жүктеу – скачать – download.

Құндылықтарға баулу

Құрметтеу: топтық жұмыс кезінде жұптық қарым-қатынастарды дамытуды қамтиды
Академиялық адалдық: академиялық адалдық принциптерін сақтауға негізделген басқа адамдардың идеялары мен ойларын құрметтеу.

Пәнаралық байланыстар

Орыс тілі, ағылшын тілі.

Алдыңғы білім

Мобильді құрылғылар сипаттамасы

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы
8 минут

Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқушыларды түгендеу.
Жаңа сабақты бастамас бұрын, өткен тақырыпты қайталау мақсатында алдын-ала бөлінген 2 топ бойынша, студенттер берілген тақырыпшалар бойынша презентация арқылы сабақ айтады.
1 топ – Мобильді құрылғылар сипаттамасы;
2 топ – Мобильді құрылғылардың негізгі компоненттерінің сипаттамалары.

Презентация

Сабақтың ортасы
1 минут


1 минут

10 минут


Сабақты бекіту

4 минут

4 минут

5 минут

4 минут

1 минут
2 минут



Миға шабуыл. Тақырыпқа байланысты студенттерге қысқаша бейнеролик көрсетіледі. Бейнеролик көру арқылы, студенттер сабақтың тақырыбын табады.
Оқушыларға жаңа тақырыптың мақсатын, бағалау критерийлерін түсіндіру.
Жаңа тақырып бойынша термин сөздермен танысады.

«Көрсетілім» әдісі. (Қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалануда көрсетілім әдісі (демонстрация) арқылы оқушылардың визуалды көру дағдысы мен есте сақтау дағдысын қалыптастыру)




«Виртуалды машиналар» презентациясы көрсетіледі
Кейде белгілі бір программаның қаншалықты дұрыс жұмыс істейтіндігін тексеру үшін, компьютерге бірнеше операциялық жүйені орнату қажет болады. Программаның барлығы бірдей кроссплатформалы бола бермейді.
Компьютерде бір уақытта бірнеше операциялық жүйенің жұмыс істеуі виртуалды машиналардың арқасында ғана жүзеге асады.
Виртуалды машина – арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер.
Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – компьютер ішіндегі компьютер және ол негізгі компьютер ресурстарын пайдаланады (жедел жады, процессор және қатқыл диск).
Виртуалды машинаны компьютерге орнату барысында жасанды түрде виртуалды компьютер құрылады. Әрбір виртуалды машинаның процессор, жад, қатқыл дискілер, желілік интерфейстер сияқты жеке виртуалды жабдығы болады. Виртуалды жабдық шын компьютердегі нақты жабдықпен салыстырылады. Операциялық жүйе оны нақты, яғни шынайы деп санайды. Виртуалды машинаның ерекшелігі – ол жүйенің қалған бөлігінен оқшау тұрады, яғни оның ішіндегі программа компьютердің өзіне әсер ете алмайды.
Бір компьютерде бір уақытта бірнеше виртуалды машина жұмыс істей алады. Дәл саны аппараттық ресурстарға байланысты: процессор неғұрлым күшті, жедел жады көбірек, жинақтағыш кең болса, машина саны соғұрлым көп болады. Виртуалды машиналардың қосымша-эмуляторлары оларға әртүрлі операциялық жүйе (ОЖ) орнатуға әрі іске қосуға мүмкіндік береді.
Виртуалды машина төмендегі мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін қолданылады:

    • Екінші/басқа операциялық жүйе орнату;

    • Программалық жасақтаманы тестілеу;

    • Күдікті программаларды қауіпсіз іске қосу;

    • Компьютерлік желінің эмуляциясы (бәсекелестік);

    • Негізгі компьютер операциялық жүйесінен іске қосуға болмайтын қосымшаларды іске қосу;

  • Вирустардан қосымша қорғану.

Виртуалды машина 2 түрге бөлінеді:



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет