Сабақтың тақырыбы: Виртуалды мәшинелер Оқубағдарламасынасәйкесоқытумақсаттары



бет3/3
Дата01.04.2024
өлшемі269.18 Kb.
#497197
түріСабақ
1   2   3
4,Виртуалдық машиналар

Жүйелік виртуалды машина «қонақ» операциялық жүйесіне виртуалды аппараттық құралдарға, оның ішінде процессор мен жадыға, енгізу / шығару құрылғыларына, графикалық интерфейске қолжетімдікті қамтамасыз етеді.
Виртуалды компьютерлерді құру және басқаруға арналған көптеген программалар бар.
VirtualBox вир­туал­ды ма­ши­на­сы. VirtualBox – ең танымал операциялық жүйелерді орнатуға болатын тегін виртуалды машина. VirtualBox – Windows,Linux, FreeBSD, Mac OS жүйелерімен жұмыс істейді.
VirtualBox операциялық жүйелердің 32 және 64 биттік нұсқаларын қолдайды.VirtualBox VMware Workstation ақылы программасында құрылған виртуалды компьютерлермен жұмысты жүзеге асырады.
VirtualBox-ты орнату және онымен үйде де жұмыс жасау өте ыңғайлы және қарапайым. Программа өнімді және тұрақты. Ол кеңфункционалды, меншікті интерфейсі бар
және ақысыз орнатылады.
VMware вир­туал­ды ма­ши­на­сы. VMware – ең танымал және кең таралған виртуалды машина. VMware, әдетте, ірі алаңдар немесе корпорациялар үшін қолданылады.
Виртуалды VMware машинасы екі түрде ұсынылады: Workstation және Player. VMware Workstation – қуатты машина,бірақ ақылы. VMware Player– VMware Workstation-ның ақысыз қысқартылған нұсқасы.
VMware Workstation 32 және 64 биттік жүйелермен, USB 3.0, түрлі операциялық жүйелерді көтере алады. VMware Workstation– ірі компаниялар қолданатын ең жақсы
виртуалды машина, бірақ оның бағасы жоғары болғандықтан, жеке қолданушылар арасында танымалдылығы төмен.
Microsoft Virtual PC вир­туал­ды ма­ши­на­сы. Microsoft Virtual PC – ақысыз виртуалды машина. Ол кеңфункционалды және ыңғайлы интерфейсі бар, бірақ оның бір үлкен кемшілігі – тек Windows операциялық жүйелерімен жұмыс істеуі. Оған Linux немесе Mac OS қосуға болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет