(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
|
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
|
1-суретке назар аудар, әңгімеле. Осы суреттерге қандай ортақ тақырып ұсынасың?
Қандай мәтіндік редакторларды білесің?
Өнер жайлы мәтінді компьютерде қандай мәтіндік редактормен теріп сақтай аласың?
|
Қалыптастырушы бағалау
Мұғалім оқушыларды сабаққа қатысу белсенділігі мен сұраққа жауап беру деңгейіне қарай «Мадақтау сөз» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Тамаша! Керемет! Жақсы! Талпын!.т.б.
|
Интерактивті тақта
Оқулық
Жұмыс дәптерлері
|
Жаңа сабаққа дайындық.
|
Мақсаты: алдыңғы білім мен жаңа білімді ұштастыру үшін, жетелеуші және түрткі сұрақтарды талқылау.
Тиімділігі: оқушыға сұрақ қою, проблеманы зерттеу арқылы ой-өрісін дамытады, ойын еркін жеткізеді. Пікірлерінің еркін айтылуы, ешқандай сынға ұшырамау керек, қағазға түсіруге де, ауызша талқылау жұмысын жүргізуге де болады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырады.
|