Сабақтың технологиялық картасы Пән: Зертханалық істер техникасы Мерзімі Топ 314 Сабақтың №1



бет41/59
Дата11.09.2023
өлшемі0.55 Mb.
#477206
түріСабақ
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59
зертханалық іс оқу құралы каз

Сабақтың өту барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушыларды тізім бойынша белгілеу/ студенттерді журнал бойынша тексеру
Білім алушылардың сырт көрінісін тексеру/ халат, чепшик, қолғап, маска
Оқушылардың біліктілігі мен дағдысын тексеру
1) Химиялық реактивтерді қолдану аясы
2) Химиялық реактивтерді сақтау ережелері
3) Химиялық реактивтерді тасымалдау және сақтау кезінде қойылатын талаптар
15 тақырып
Зертханалық жануарларды күтіп-бағу
1. Зертханалық жануарлардың түрлері
Зертханалық жануарлар - деп арнайы зертханаларда немесе хайуанатханалар (вивариумдер) жағдайларында өсірілетін және экспериментальді мақсатта немесе өнді-рістік практикада қолданылатын жануарлар түрлерін айтады.
Зертханалық жануарларды - олардың ауруларын балау үшін, әр түрлі физиологиялық және патологиялық жадайларды модельдеу үшін, емдеу, алдын алу шараларын зерттеу үшін, химиотерапевтік және биологиялық препараттардың әсерін, керекті мөлшерін, т.с.с. әртүрлі зерттеулер үшін қолданады.
Зертханалық жануарлар негізінен екі топқа бөлінеді: омыртқалы және омыртқасыз-дар.
1.1 Омыртқасыз зертханалық жануарларға қарапайым құрттар, буынаяқтылар жата-ды. Зертханалық зерттеулер үшін қарапайымдылардың келесі түрлері қолданылады: амебалар, трихомонадалар, лямблийлер, трипанасомдар, лейшманиялар, кірпікшілер (инфузориялар).
Зертханалық мақсатта құрттардың әр түрлі тоғышар түрлері қолданылады, яғни адам мен малда ауру тудыратын құрттардың маңызы зор.
Буынаяқтылардың ішінде негізінен қан сорғыш жәндіктер және кенелер қолданы-лады.
Барлық омыртқасыз зертханалық жануарлар аурудың дамуын, өту кезеңін және емдік шараларын зерттеу үшін қолданылады. Зертхана жағдайында омыртқасыз жануарлар ар-найы колбаларда, пробиркаларда ұсталады.
1.2 Омыртқалы зертханалық жануарлар. Биологиялық зерттеулер үшін омыртқалы зертханалық жануарлардың 250- ден астам түрі қолданылады. Олардың кейбір түрлері ғылыми зерттеулер үшін зертханаларда немесе тұқымбақтарында – питомниктерде үнемі өсіріледі, мыс.: ақ тышқандар, ақ егеуқұйрықтар, теңіз шошқашықтары, қояндар, иттер, маймылдар және т.б. Ал кейбір зертханалық жануарларды эксперимент үшін аулап тұрады, мыс.: суырлар, дала тышқандары, балықтар және т.б. Сондай- ақ зертханалық мақсатта құстарда қолданылады, мыс.: тауықтар, көгершіндер, бөденелер, т.с.с.
Кей жағдайда биологиялық эксперименттер үшін ауылшаруашылық малдары қолда-нылады, мыс.: қой, шошқа, сиыр, жылқы, түйе, есек, қашар, қодас және т.б.
Кез келген дәрі - дәрмек, түрлі химиялық қосылыстар қолданысқа түспес бұрын әр түрлі зерттеулерден өтеді. Яғни олардың адам немесе мал организміне әсерін білу үшін, ең алдымен зертханалық жануарларда фармакологиялық, токсикологиялық, радиологиялық, онкологиялық және т.б. зерттеулер жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет