3. Токсикологияда жасалатын жіті, жітілеу және созылмалы тәжірибелер
1. Зерттелетін заттардың токсикалық қасиеттерін зерттеуде тәжірибенің ұзақтығы зерттеу мақсатына байланысты (№1 кесте).
№1 кесте
Токсикологиялық тәжірибенің мақсаты және ұзақтығы
Тәжірибе сипаты
|
Ұзақтығы
|
Тәжірибе мақсаты
|
Жіті
|
Бір рет енгізу; 1 тәулік
|
Летальды мөлшерді, өлімнің орташа уақытын, химялық заттардың жіті әсерін анықтау
|
Жітілеу
|
2-8 апта
|
Кумуляцияны , аллергиялық әсерді, химиялық заттардың көбею мүшелерінің функциясына әсерін анықтау
|
Субсозылмалы
|
13-18 апта
|
|
Созылмалы
|
6-12 ай
|
|
Өмірлік
|
1 жылдан жоғары
|
Химиялық заттардың жалпы токсикалық мөлшерін анықтау
|
Токсикалық заттарды енгізу тәсілдері
Организмде улы заттардың әсерінен пайда болатын патологиялық процестерді шақыру үшін жануарға улы заттарды ерікті, жартылай ерікті және еріксіз тәсілдермен енгізеді.
Ерікті тәсіл. Бұл тәсілде улы заттар организмге толық мөлшерде түспейді, себебі улы заттарды суға және азыққа қосып береді.
Достарыңызбен бөлісу: |