Сабақтың типі: Білім мен іскерлікті игеру. Сабақтың түрі: дәстүрлі Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап



бет2/2
Дата08.03.2023
өлшемі20.16 Kb.
#470512
түріСабақ
1   2
Сабақтың тақырыбы

Құрақтың 200ге жуық түрі бар:
- Шатыр құрақ.
- Бота көз құрақ.
- Тырна құрақ.
- Қарсы құрақ.
- Саты құрақ.
- Ши құрақ
- Қайшы құрақ.
- Шахмат құрақ.
- Жұлдыз құрақ.
- Оюлы құрақ.
- Сегіз жапырақ құрақ
Осылардың ішінде бүгін біз сегіз жапырақ құрағына тоқталамыз.
Сегіз жапырақ құрағы геометриялық фигуралар арқылы құралады. Осы фигуралар арқылы ең алдымен үлгілер дайындап аламыз. Суреттерін көрсету.
Құрақ құраудың мақсаты
Асқан шеберлікпен матадан Мата қиындыларын
әр түрлі пішіндерді қиып кәдеге жарату
бір бұйым жасап шығару

Құрақ өнері тек қазақ халқында ғана емес, әлемнің басқа ұлт халықтарында да құрақ өнері дамыған. Қазіргі кезде мата қалдықтарынан тігілген бұйымдар әр ұлттың тұрмысында кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, орыс халқы бұл өнерді «Лоскутная техника» деп атайды. Ал Европа халықтарында «Пэчворк» деп аталса, жапон халқында құрақ өнері «Сашико» деп аталады. Орыс халқы мата қиындыларынан «Ласкутная техника» әдісімен жамылатын көрпе, төсеніш, тұтқыш, жастық сияқты бұйымдар дайындаған. Қазіргі жапон халқында «Сашико» техникасы ұлттық кимано киімінде және үй тұрмысында қолданып жүр.


Ортадағы құрақ пен шетіндегі құрақтың арасына «су» жүргіземіз.
«Су» дегеніміз бір түсті матадан кесіліп алынған жіңішке жолақ.
«Қос су» дегеніміз екі түсті матадан жүргізілген жолақ.
Құраққа қойылатын талап – біреу- ол мата бөлшектерінің симметриялы болуы және оның түстерінің үйлесімді болуы. Ертедегі шеберлеріміз, әжелеріміз, апаларымыз математиканы оқымаса да үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб жасай отырып құрақтардың үйлесімділігін тауып құраған. (Өрнектер құрау техникасы көрсетіледі)
Яғни, мата қалдықтарын қалдырмай іске асырып отырған. Құрақтан: көрпеше, дорба, түскиіз, жастыққап, аяққап, ыдыс қойғыш, төсек жапқыш, төсегіш тігіледі. (бұйым түрлері көрсетіледі)


V.Тәжірибелік жұмыс
1.Жұмыс орнын дайындау.
2.Қажетті құралдарды орналастыру.
3.Қауіпсіздік ережесін қайталау.
4.Оқушыларға жұмыс беру.

Алдымен қауіпсіздік ережесіне назар аударайық: 


1.Тот басқан ине қолданба.
2.Жіпті тісіңмен қима.
3.Қайшының үшкір жағымен, қасыңдағы адамға ұсынба.
4.Қайшыны көзіңе жақындатпа.
5.Қайшыны ашық қалдырма.
6.Жұмысың аяқталған соң, жұмыс орнын жинастыр.
Енді балалар жұмысымызды бастаймыз.
Мен сіздерге нұсқау картасын таратамын. Сол нұсқау картасы арқылы сіздер жұмыс жасай аласыздар.
Нұсқау картасы таратылады.
Жұмыс кезінде оқушыларға ережені естеріне түсіріп, көмек беру керек.
1. Дайын үлгілерді мата бетіне салып қиып аламыз. 2. Екі жапырақша бөліктерін бір –біріне беттестіріп, тігін машинасында тігеміз. Жапырақшаларды екі -екіден тігіп аламыз.
3. Сегіз жапырақшаларды беттестіріп тіккен соң, жан –жақтағы бөлшектерін біріктіріп тігеміз.


(Балаларға түсінікті болу үшін алдын ала түрлі түсті қағаздан дайындалып қойылған құрақ үлгілерін таратып беріп, сегіз жапырақ құрағын құрастыртамын. Әр бала түс үйлесімділігін таңдай отырып, құрастырады.)
Келесі жұмыс бөлігінде құрақтың астары өлшеніп, қырқылады, көктеледі. Квадрат формалы көрпешенің бұрыштарын тігуді доғалдап, жіберген ыңғайлы болады. Бір жақ қабырғасы жиек жағынан 20см –дей астарға бекітілмей, аудару үшін қалдырамыз. Көрпеше жұмсақ болу үшін арасына ситепон не мақта саламыз.
VI. Қорытындылау. Бүгінгі сабақта құрақ құрауды үйрендік, олай болса аяқтаған бұйымызды мектебіміздің «Шебер қолдар» көрмесіне ұсынамыз.


VІI. Үйге тапсырма. Аяқталмаған бұйымымызды үйден аяқтап келу. Қатырма қағаздан құрақ түрін жасап келу.


VІІI. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет