Сабақтың түрі: аралас сабақ (викториналар) Сабақ әдісі: суреттер, карточкалар, лозунг Сабақтың барысы



Дата26.06.2016
өлшемі83.11 Kb.
#159722
түріСабақ
Сабақ тақырыбы: Азаматтық қорғау және тұрмыстық қайғылы оқиғалар

Сабақтың мақсаты: Азаматтарға төтенше жағдайлар болған уақытта қорғануды үйрету, зілзала, су тасқыны, қар көшу және өрттің пайда болуы туралы мағлұмат беру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ (викториналар)

Сабақ әдісі: суреттер, карточкалар, лозунг

Сабақтың барысы

Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

Табиғи сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

Жер сілкінуіне дейін:
Жағдайды көз алдыңызға елестетіңіз: қатты жер сілкінісі болған кезде егер сіз жұмыста, үйде, ал балаларыңыз сол кезде мектепте немесе балалар бақшасында болса? Өзіңіз бен отбасы мүшелерінің осындай жағдай бола қалған кезде жете зерттеңіз: тығылу үшін ең қауіпсіз жер қайда, жер сілкінісі біткеннен кейін қай жерде кездескен дұрыс т.б. Сіздің алдын-ала құрған «сценариіңіз» апат болған жағдайда көмекке келеді.
Алдын-ала дайын болыңыз:


  • Рюкзак немесе сөмкеңізді құжаттар;

  • Үш күнге жететін тамақ пен су;

  • Алғашқы медициналық дәріханасы мен медикаменттер;

  • Жылжымалы электр фонары мен сіріңке;

  • Жылы киім мен аяқ киім.



Алғашқы жер сілкінісі кезінде :


  • Есте сақтаңыз: жер сілкінісі басталған кезде үрейленбеңіз және басқалардың да үрейленуіне жол бармеңіз;

  • Газ, су және жарықты сөндіріңіз;

  • Жер сілкіну төменгі баллмен жай болса, онда қорықпаңыз, сол жерде тұрыңыз, яғни күтіңіз.

Егер күшті жер сілкінісі болған кезде сіз үйдің ішінде болсаңыз (дүмпу күші бес және одан жоғары болса):



  • Екінші және одан да жоғары қабатта болсаңыз ол жерден ешқайда кетпеңіз;

  • Ішкі қабырғаның қауіпсіз жеріне, бұрышқа, есіктің жақтауына, ваннаға жатыңыз;

  • Кереуеттің, столдың астына кіріңіз, себебі бұлар сізді құлайтын заттар мен сынықтардан қорғайды. Өзіңізді ауыр жиһаздар мен терезелерден аулақ ұстаңыз;

  • Лифтіні пайдаланбаңыз.


Егер көшеде болсыңыз:

  • Ғимараттар мен электр желілерінен алшақ, ашық алаңда тұрыңыз, үзілген электр желілерінен алшақ тұрыңыз;

  • Ғимараттың алдың кесіп өтпеңіз және оған кірмеңіз.

Егер автокөліктің ішінде болсаңыз:

  • Ашық алаңда қалыңыз жер сілкінісі біткенше көлік ішінде болыңыз


Есте болсын. Жер сілкінісі кезінде жер жарылып, адам өлімі сирек кездеседі. Жер сілкінісі кезінде мынадай жағдайларда бақытсыздық орын алады:

  • Ғимараттардың кейбір бөліктерінің қирауы;

  • Сынған терезелердің құлауы;

  • Үзілген электр желілері;

  • Пәтердегі ауыр заттардың құлауы;

  • Өрт;

  • Үрей кезінде бақылаусыз қалған адамдардың мінез-құлқы.

Егер сіз алдын-ала қауіпсіздік шараларын сақтасаңыз, құрбан болу саны аз болары сөзсіз.

Жер сілкінісен кейін:

  • Қажет адамдарға алғашқы жәрдем көмегін көрсетіңіз;

  • Зардап шеккендерді үйіндіден шығаруға көмектесіңіз;

  • Радиоқабылдағышты қосыңыз;

  • Суды, газды, жарықты мүмкіндік болса өшіріңіз;

  • Ашық отты пайдаланбаңыз;

  • Өте сақ болыңыз, ғимаратты тез арада босатыңыз, яғни басқа жаққа барыңыз.

Өрт

  • Отпен жұмыс істегенде абай болуға;

  • Балалардың отпен жұмыс істеген кездегі қырсыздығына;

  • Қоқысты үйге, аулаға, орманды жерлерде өртеуге;

  • Автокөліктен шыққан жалынға;

  • Күн күркірегендегі найзағайларға;

  • Майланған материалдың үйкелісіне;

  • Күн сәулесінің әйнектен өткен нүктесі.

Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0,1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.

Торф пен ағаштардың тамыры жанғанда жер асты өрті жан-жаққа тарайды.

Торф өзінен-өзі ауасыз суда да жана береді.
Орманда жүргенде есіңізде болсын:


  • Қоқыс пен оттықты тастамаңыз;

  • Отты таратпаңыз және қоқысты өртке қауіпті жерлерде жақпаңыз;

  • Абай болыңыз! Отты таза алаңда жағыңыз;

  • Дем алған жерден кетерде отқа су құйып немесе топырақпен жауып, толық өшіріп кетіңіз;

  • Орманда майланған немесе бензин сіңіп қалған маталарды қалдырмаңыз;

  • Бөтелкенің жәшігі мен сынған бөтелкелерді қалдырмаңыз. Күн сәулесі түсіп өртке айналуы мүмкін;

  • Жаңа басталған өртті сумен, ағаштың жапырақты бұтақтарымен және топырақ тастау арқылы өшіріңіз.


Ескерту шаралары:

Өрт қауіпсіздігін сақтау мақсатында алдын-ала жол салу шаралары жүргізіледі. Орманның ішінен ағашы кесіліп салынған жол жасау және тас төсеп орманда ені 5-10 м, ал қылқан жапырақты орманда 50 м-ге дейін. Елді-мекендерде су көздері мен тоғандар 30 куб метр 1 га алаңға есеппен жүргізіледі. Орманға жақын елді-мекендерде тоғандарды уақытылы тазалау, су толтырып қою 1м-ден жоғары орман ағаштарына 10 л су есебімен, құдықтар мен тоғандарды қайта - қайта жөндеу, тыныс алу органдарын респираторлар мен басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету және құрғақшылық уақытта орманға баруды тоқтату (әсіресе көлікпен). Егер сіз орман алқабында немесе торфқа жақын жерде, өртке жақын жерде болсаңыз өз күшіңізбен өртті сөндіруге, әліңіз жетпесе, өрт болып жатқан қауіпті аймақтан шығу керектігін ескертіңіз. Жолға, алаңға, өзеннің жағасы мен судың айналасына, егістікке шығуын ұйымдастырыңыз. Қауіпті аймақтан тез өрт қимылының бағытына перпендикуляр шығыңыз. Егер мүмкін болмаған жағдайда суға кіріңіз немесе су киімді жамылыңыз. Өрт болған жерден шыққаннан кейін тұрған жері өрттің көлемі туралы мекен-жайдың әкімшілігі мен орман шаруашылығы, өрт сөндіру қызметіне хабарлау қажет. Өртті сөндіруді ұйымдастыру керек. Төменгі өртті су құйып, ылғалды топрақтармен, аяқпен тастап өшіру керек. Торфтағы өртті ыстық торфты аударып, су құю арқылы өшіру керек.


Су тасқын, сел
Су тасқынының негізгі үш себебі бар: жаңбырдың өте көп жаууы, қардың тез еруі мен тұрып қалған мұздардың жалжуы, теңіз суының жағаға ұруы, өзенге судың көп құйылуы. Әсіресе қар еруі ұзаққа созылғанда өте қауіпті.

Елді мекендерде су тасқыны боларда алдын-ала қауіпсіздік дайындығын жүргізі керек. Жергілікті елдің топографиясын, климаттық ерекшеліктерін және тарихын біле отырып, су тасқынының қалай болатынын дәлдікпен білу қиындық туғызбайды. Кішкентай су тасқыны шамамен 10-20 жылда бір рет, үлкен су тасқыны 20-25 жылда бір рет, одан да үлкен бүкіл өзендерді қамтитын 50-100 жылда бір рет және 100-200 жылда бір рет, бүкіл аумақты қамтитын үлкен апаттар болуы мүмкін.

Гидрологиялық алдын-ала бақылаудың мынадай жүйесі бар:


  • Қысқа мерзімдік (10-12 тәулік)

  • Ұзақ мерзімдік (2-3 айға дейін)

  • Өте ұзақ мерзімдік (3 айдан жоғары)

Жағаға жақын облыстардың тұрғындары жақын уақытта не болатынына қызығушылық білдіріп жүруі керек.

Жеке адамның алдан-ала қауіпсіздік шаралары:



  • алғашқы толқынның әсерінен құлатқанда;

  • барлық отбасы мүшелерін жүзуге үйрету;

  • қайықтың болуы (мүмкіндігінше екі қайық- біреуі кәдімгі, екіншісі-жел үрлеп толтырылған) ;

  • жергілікті елді-мекендердің топографиясымен танысу;

  • жақын маңда стихиялық жағдай болғанда хабарласу түрін білу.

Су тасқыны кезінде:

  • үйдегі газды, суды, жарықты сөндіру;

  • пештегі жанып жатқан отты өшіру;

  • үйдегі бағалы заттарды үйдің төбесіне немесе жоғары қабатқа шығару;

  • бірінші қабаттағы есік пен терезелерді тақтаймен немесе фанермен қағып тастау;

  • мал тұратын сарайдағы есіктердің ілгішін ашып тастау.

Кездейсоқ су тасқанында өзіңізбен бірге жылы киім, мүмкіндігінше су өткізбейтін киім, жамылғы, тамақ және т.б. керекті нәрселерді алып, рельфтің ең биік жеріне көтеріліңіз, ол жерді ешқашан су баспайды. Егер ол болмаса, қайық және т.б. дайындау қажет.

Су кеткеннен кейін электр сымдарынан, зақымданған газ магистралдан сақ болу қажет. Үйге кірер алдында, су тасқынынан зақымданбағандығын байқау қажет. Судан табылған заттардан тамақ әзірлеуге болмайды.


Қар көшкіні – таулы аймақтарда болатын қардың, тастың көшкіні. Бұл құбылыс көбіне көлдерде судың толуынан, мұздардың еруінен болады. Қар мен мұз еріп, олар төмен қарай ағады. Ағынның биіктігі 10-20 метрге дейін (кей жағдайларда 40-50 метрге дейін), ағу жылдамдығы 3-5 м/с. Көшкіннің астында қалғандардың тірі қалуы мүмкін емес, сондықтан абай болу қажет.

Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600-ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80%, мұз еруінен 15% және қар еруі мен жер сілкінісінен 5% болады.

Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай-ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.

Көшкін қаупі бар кезең – Қазақстанның таулы аймақтарында күн жылыған кезде болады (тамыз-қыркүйек айлары).

Көшкіннің болу белгілері


  • Көшкін қаупі бар аймақтары жаңбырдың үздіксіз жауу;

  • Көшкін қаупі бар аймақтарында күннің жылуы;

  • Көлде деңгейінің күрт төмендеуі немесе жоңғар жағында шұңқыр пайда болуы;

  • Жер сілкінісі.

Көшкіннің жақындау қаупі және белгілері

  • Көшкінге қауіпті арналарда судың тоқтап не болмаса күрт азайып кетуі;

  • Көшкінге қаупі арналардың жоғары жағында қатты дыбыстың пайда болуы;

  • Көшкін алып келген тастардың соққысынан болған қозғалыстар;

  • Көшкін соққысынан болған шаңды бұлттардың пайда болуы;

  • Судың лайлануынан пайда болған көшкін алдындағы себептер.

Көшкін қаупі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау.

  • таулы аймақтардағы жағдайларды бұқаралық ақпараттық құралдаынан тыңдаңыз;

  • Қатерлі аймақта тоқтаусыз жаңбыр жауса, ол жерден тез арада кетуге тырысыңыз;

  • Келе жатқан көшкін ағынына 50-60 м жақындамаңыз;

  • Тау шеттеріне және көшкін ағатын аймаққа тоқтамаңыз;

  • Қауіпті жерлерде адамдар арасындағы қашықтық 20-30 м болсын;

  • Қаупі бар аймақтарға тынығуға бармаңыз, көлдің жағысына лагер палаткасын тікпеңіз:

  • Көшкін болатынын сезген жағдайда, тауға шығып, неғұрлым алысырақ кетуге тырысыңыз;

  • Көшкін өткеннен кейін ол жерге түспеңіз, себебі ол жерде тағы да көшкін қаупі болуы ықтимал;

  • Қауіпті аймақтада қауіпсіздік шараларын сақтаңыз;

  • Теңіздің мұз жағында болу, қауіп төнген жағдайда дауыл тллқыны болмағанда ауа температурасының жағымсыз жағында болу;

  • Көлдің бөгет бойымен, жылжып жүрген үлкен мұздың немесе қар көшкіні үстімен жүрмеңіз;

Төтенше жағдаулар туралы мағлұмат берілгенден кейін 8-«А» және



8-«Б» оқушылары бір-бірлеріне төтенше жағдайлар туралы сұрақ-жауап кезеңін ұйымдастырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет