Т/А6 Сөйлеу мәдениетін дамыту. Коммуникативтік жағдаятқа сай эмоционалды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру
Оқушылардың барлығы:
Эмоционалды сөздерді қосып, диалогке қатыса алады;
Оқушылардың көпшілігі:
Оқшау сөздерді еркін қолданып, диалогке дайындықсыз қатысады;
Оқушылардың кейбірі:
Эмоционалды-экспрессивті сөздерді еркін қолданып, диалогке дайындықсыз қатысады;
Оқшау сөздерді орынды қолданып, дербес ой білдіреді.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика мен терминология: Қыстырма сөздер, қарапта сөздер, одағай сөздер, орфоэпиялық норма, сингармонизм, ықпал
Диалог және жазылымға пайдалы тіркестер:
Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен... ойлаймын, себебі... Қорытындылай келе,...
Оқушылармен амандасу.
«Атомдар мен молекулалар» әдісімен4 топқа бөлінеді. Шарты: әуен қойылып, оқушылар оған билейді, әр тоқтатқан сайын «Атомдар мен молекулалар1» деп әр түрлі сан айтылып, топтасады, қайта жалғасады. Мұғалім «4» деген санды айтқан кезде, бөлінген құрамы ұнаса, солай бөлуді ұсынады болмаса қалауынша жалғастырып барып, топқа бөледі.
«Бес қадам» ойынының шарты: Ортаға табан іздері тасталады.Сыныптан 5 оқушы ойынға шығады. Әр оқушыға лексикалық тақырып бойынша бір сұрақ қойылады. Оқушы берілген табан іздерін баса отырып, жылдам жауап береді.
Сұрақ үлгілері: –Ұлттық киімнің 1 түрін ата.
– Қысқы киімдердің 1атауын айт
–Киім түрлеріне қатысты 1 мақал айт.
– Киімге қатысты 2 сын есім айт.
–Қыздардың 2 киімінің атауын ата.
Ал енді мына суреттерге қарап, бүгінгі сабақ тақырыбын болжап көріңіздер.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаты таныстырылады.
Киіну.Сән.Талғам. Оқшау сөздер Тыңдалымалды тапсырма
– Қалай киіну керек? Қалай ойлайсыздар?
–Кейбір адамдардың «Сәннен қалу – қатарыңнан қалу» деген сөзіне қалай қарайсыздар? Пікірлері тыңдалады.
–Бүгінде кішкентай балалардың киім үлгісі үлкендердің сән үлгісінен кем түспейді. Балақай, егер сен ең сәнді болғың келсе, «Таңшолпанның» кішкентай көрермендеріне арналған кеңесін ескер.
http://kaztrk.kz:8888/ru/node/4241 тыңдалымытыңдалынады.
Ж/Ж.Тапсырма –Қыздарға арналған қандай киім түрлерін кездестірдіңіздер?
–Қандай ер балаларға арналған киім үлгілерін байқадыңыздар?
–Қандай әшекей түрлері сөз болады?
Төмендегі кестені толтыру тапсырылады.
Бағалау критерийі:
Әр түрінен кемінде 3 киім атауын жаза алады.
Топтық жұмыс.«Сәнбике немесе сәнгер болғың келе ме?» тақырыбында пікірталас ұйымдастыру. Әр топтан 1 сарапшы тағайындалады.
Сарапшылық бағалау.
Бағалау критерийі:
Дайындықсыз диалогке түсу;
Ойын дәлелді көркем (2 теңеу,2 эпитет қолдану) жеткізу
С. Грамматикалық тақырып түсіндіріледі.
Оқшау сөздер
Оқшау сөздің түрі
Ережесі
Мысалы
Тыныс белгілері
Қаратпа сөз
Біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын сөз.
Самат, ертең сынақ болады. Ұялма, балам, жоғары шық. Ендігі кезек сенде, қарағым!
Оқшау сөз сөйлемнің басында келсе, одан кейін үтір қойылады.
Қыстырма сөз
Сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөз.
Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. Бұларды, әрине, осы жерде жасауға болмайды. Өзі осында келген шығар, сірә?!
Оқшау сөз сөйлемнің соңында келсе, оның алдынан үтір, соңынан леп белгі қойылады.
Қыстырма сөзтүсіндірмесөз не сөйлем түрінде қолданылса, жақшаға алынып жазылады. Мысалы: Жақаң (менің әкем)ол кезде жас еді.
Одағай сөз
Сөйлеушінің түрлі көңіл-күйін білдіретін сөз.
Қап, оны кеше сұрау керек еді. Қазақтың даласы, шіркін, кең байтақ қой! Аз сабыр етсең қайтер еді, ә?!
Оқшау сөз сөйлемнің ортасында келсе, оның екі жағынан үтір қойылады.
Тапсырма. Оқшау сөздерді пайдалана отырып, 3 сөйлемді ауызша құрастыру тапсырылады.