Сабақтың түрі: Панорамалық сабақ. Сабақтың әдісі: Түсіндіру,талдау, сұрақ-жауап


Қазақ шешендік өнерінің кезеңдері



бет2/4
Дата21.11.2022
өлшемі27.51 Kb.
#465398
түріСабақ
1   2   3   4
аттест Ұлттық шешендік өнер туралы түсінік

Қазақ шешендік өнерінің кезеңдері.


Осы аталған билердің ішінен , біз Төле би Әлібекұлына тоқталамыз. Төле 17-18 ғасырларда өмір сүрген. Кейбір деректерде Төле Әлібекұлы 1663 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Шу ауданының Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Кейін Ташкент маңында, Жиделібайсын жерінде,Сырдың бойында көшіп жүрген. Көп тұрған жері –Шыназ(ескі Ташкент), сол жерде 1756 жылы қайтыс болады.Қазақ шежіресінде: Дулаттан Жаныс, одан Жарылқамыс-Жанту би- Құдайберді би – Әлібек- Төле би. Төле жастайынан ескіше оқып сауатын ашады, аңыз, хисса-хикаяларды көп оқиды. Ол әкесіне еріп жүріп,ел көреді,жұрт таниды.Он бес жасынан ел билігіне араласып,өзінің ақылымен,парасаттылығымен, әділ шешімімен, шешендік өнерімен көзге түседі. Төле жас кезінде талай жасы үлкен,атақты абыз билердің алдынан өтіп, батасын алады. Төле би бала кезінен ел ішіндегі жер дауы,жесір дауына араласып,тіпті ұсақ – түйек дау-дамайға кесім айтып отырған. Кейін оның үлкен мемлекеттік істерге, ел тағдырына қатысты жайларға белсене араласқан.Төле би Әлібекұлы кезінде қазақ хандығын,қазақ елінің бірлігін нығайтуға қызмет еткен қайраткер.Төле бидің қоғамдық қызыметі, әсіресе 1723 жылғы жоңғар шапқыншылығынан кейін анығырақ көзге түседі.Ел басына екі талай күн туған қысылтаяң кездерде Ұлы жүзді бастаған Төле би қонысынан көшпей, елін, жерін бүліншіліктен сақтап қалған,күші басым жауға қарсы шығып,қамсыз отырған халық қанын төкпей,айла-тәсіл қолданған.Осы арада Төленің даналығын бейнелейтін бір халық аңызы бар.(Қарлығаш би аңызы ауызша) Аңыздың қаншалықты шындық екенін басып айту қиын. Бірақ бір шындық: Ташкент пен Шымкет айналасындағы қазақтар мен өзбектер Төле биді «Қарлығаш би» деп қадірлейді екен. Қабілет қарымымен, даналық тапқырлығымен, шешендігімен дүйім жұртты аузына қаратқан,тосын жерден, тығырыққа тірелген дағдарысты сәттерден жол тауып,әділ шешімімен жұртқа танылған Төле би шығармаларының бүгінгі ұрпаққа берері көп.
-Жаттығу жұмысы.(Мағынасын ашу)
Даналық сөзден дән ізде.

  1. Халықтан қайырымдылықты,

Қариядан байымдылықты үйрен.

  1. Ынтымақсыз елді-ұрысы билейді,

Ынтымақты елді-дұрысы билейді.

  1. Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім,
Ұқпасқа айтқан сөз жетім.
(Төле би)

  1. Кісі біреуге туыспау керек,

Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады.
(Әйтеке би)

  1. Ерінбей еңбек етсең,шыдап егер,

Тікен де гүлге айналып шыға келер.
(Сағди)

  1. Сөзіне қарай кісіні ал,

Кісіге қарап сөз алма.
Шын сөз қайсы біле алмай,
Әр нәрседен құр қалма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет