Сабақтың түрі: тәжірибелік Сабақтың оқу әдісі: тәжірибелік жұмыс Құрал, жабдықтар: магнитті қосқыш параметрі



Дата26.10.2022
өлшемі43 Kb.
#463417
түріСабақ
Магниттік жүргізгіштер параметрлерін оқу


Тақырыбы: Магниттік қосқыштардың құрылымдары мен параметрлерін оқу


Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Магниттік қосқыштардың түрлерімен таныстыру және параметрлерін оқуды үйрету
2. Дамытушылық: олардың жетістіктерімен, кемшіліктерімен таныстыру
3. Тәрбиелік: Тақырып мазмұнын толықтай аша білуге оқушыны тәрбиелеу
Сабақтың түрі: тәжірибелік

Сабақтың оқу әдісі: тәжірибелік жұмыс


Құрал, жабдықтар: магнитті қосқыш параметрі


Сабақтың барысы:



  1. Ұйымдастыру бөлімі: оқушылармен сәлемдесу, жорнал бойынша тексеру;

2. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Шаппа қосқыш дегеніміз не?
2. Түрлері?
2. Құрылымы қандай?

3. Жаңа тақырып;


1. Магнитті жүргізгіштер
2. Параметрлерін оқу тәсілдері
Сабақ барысы:
Магнитті жүргізгіштер – электрқозғалтқыштарды және басқа электр қондырғыларын арақашықтықтан басқаруға арналған аппараттар. Магниттік жүргізгіштердің негізгі бөлігі айнымалы токтың үш полюсті контакторы болады. Контактор магниттік жүйеден, орауыштан, бос (күш) түйіспелері мен блок түйіспелері бекітілген жылжымалы бөліктен және доға сөндіргіш камералардан тұрады. Магниттік жүргізгіштердің көмегімен қалыпты кернеулі 500 В-қа дейін болатын, ал қуаты 1,1 кВт-қа, 75 кВт-қа дейін келетін қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды электрқозғалтқыштарын басқаруға болады
Кернеу кенет жоқ болып кеткенде немесе номинал мәні 50-60%-ға дейін төмендегенде, магниттік жүргізгіштің тартқыш орауышы оның магниттік жүйесін тартып тұра алмайды да, бас (күш) түйіспелерін ажыратып, қондырғыны электр желісінен айырады. Электр желісіне қосылған қондырғыны бұлай қорғау нөлдік қорғау деп аталады. Кернеу қалыпты мәнінен қайта көтерілгеннен кейін де қондырғы электр желісінен ажыратылған жағдайында қалады. Осы себептен электр қозғалтқышын немесе басқа электр қондырғысын оның өздігінен жүруіне байланысты туатын апаттардан сақтайды.
Электр энергиясын сымдар бойынща беріп тарататың әртүрлі тірек құрылымдарынада ашық ауада орнатылған құрылымы – электірлі әуе желілері 1000 В-ке дейінгі кернеулі және 1000 В кернеуден және жоғары (3,6,10 Кв және стандартты кернеу шкаласынан жоғары) болып бөлінеді.
Елімізде әуе желілері өте кең таралған өте кең таралған және мынадай ерекшеліктері бар:
Әуе желілерін құру кезінде көлемді жер жұмыстарының қажеттілігі;
Әуе желілерін пайдалану және жөндеудің қарапайымдылығы;
Кернеуі 1000 В-қа дейінгі әуе желілері тіректерінің радиоторап,
телефонмен байланыс, сыртқы жарықтандыру, телебасқару және белгі
беруге арналған сымдарды ілуге кернеуге пайдалану;
1 км әуе желісі құрылымы құнының төмендігі (осы қашықтықта)
Кабельді желілер құрылысымен салыстырғанда шамамен 25-30%-на төмен
желінің қалыпты кернеуіне және оған қосылған тұтынушылар III класқа
жатады.
Әуе желілерін құру кезінде сол жердің климаттық жағдайын сымдағы мұздақ заттардың пайда болу мүмкіндігіне есепке алу керек.
Пайда болған мұздақ әуе желілеріне қауіпті. Олар әуе желілері сымдарына косымша жүктемелерді тудырады және сымдардың жиі үзілуі мен желі тіректердің бұзылуына себепкер болады.
Әуе желі сымдарында пайд болатын мұздақ ауданы мұз қабырғасының қалыңдығымен сипатталады. Осы белгі бойынша мұздақтың төртауданы бар:
I аудан – сымдағы мұздың қабырғасы 5 мм –ге дейін;
II aудан – сымдағы мұздағы қабырғасы 6-10 мм;
III aудан – сымдағы мұздағы қабырғасы 11-15 мм;
IV aудан – сымдағы мұздағы қабырғасы 16-20 мм.
Егер әуе желі сымдағы мұздағы ұабырғасы 20 мм –ден асса, жер ерекше мұздақты ауданға жатады.
Кернеулі 10 кВ- ке дейінгі әуе желілерінің сымдарын ағаш немесе темірбетон тіректерінде қондырылған оқшаулатқышқа бекітеді.
Құрлымына атқаратын қызметіне және аралықтарда қондыру орнына қарай әуе тіректері аралықты, бұрышты, тармақтаған, қиылысқан және соңғы тіректер болып бөлінеді.
Аралық тіректер сымды жер бетінен қажетті биіктікте ұстауға арналған жәнебір бағытқа сымдардың керілуі пайда болатын көрші өткіндердің үзілуі жағдайында күшке есептелген. Олардың 1 кВ кернеу кезінде 35-45 м, 6 және 10 кВ кернеуде 50-60 м қашықтықта арналары тік аймақтарда қондырады. Әуе желілері тіректерінің бір-бірінен алшақтау арақашықтығын тірек қадамы деп атаймыз.
Аралық тіректер әуе желілерінің жалпы көлемінің 80%-ын құрайды.
Бұрыш тіректері әуе желілері арналары бағыттарының өзгеретін орындарында орнатылады. Бұл тіректерге қалыпты жұмыс кезіндесымдарданпайда болған ішкі бұрышының биссектрисасы бойында көрші өткіндер сымдардың ортақ керілу күш түседі.
Тармақталған тіректер әуе желілері арналарынан алыс қашықтықта электр қамтамасыз ету үшін магистральді әуе желілерінен сымдарды тармақтауға арналған.
Қиылысқан тіректерге әуе желілерінің екі бағыттағы сымдарын айқастыру үшін қолданылады.
Соңғы тіректер әуе желілерінің басы мен алдында орнатылады. Олар желінің бойымен бойымен бағытталған. Олар желінің бойымен бағытталған, бір жақты қалыпты керілген сымдардың бір бағыттағы күшін қабылдайды.
Әуе желілерінде, сонымен қатар, жоғарыда аталып өтілген тіректермен салыстырғанда беріктігі жоғары және құрылымы күрделенген анкерлік тірек қолданылады.
Анкерлік тіректер аралық, бұрышты тармақталған, айқастырылған немесе (концевие) болып бөлінеді. Аралық анкерлік тіректердің сымын арна бойымен немесе қиғаш орналастырады.
Екі анкерлік тіректердің арасындағы қашықтықты анкерлі өткін деп атаймыз.
Аралық тік аймақтарында орташа курделенген әуе желісінің анкерлі өткіні 1 кВ кернеуде 150-180 м-ге тең, ал 6 және 10 кВ кернеуде  250-280 м-ге тең. Анкерлі өткінді қолдану әуе желілерінің механикалық беріктігін арттырады.
Әуе желілерінің сымдары жер бетінен жоғары көтерілуі және бір-бірінен алшак болуы керек, сонымен қатар, қиылысқан және параллель орналасқан нысандардан белгілі бір қашықтықта орналасуы керек. Бұл арақашықтықты сымның габаритті және бір-бірімен жақындау габариті деп атаймыз.
Әуе желілерінің сымдарының жер бетіндегі габариті сымның төмен қарай ең салбыраған нүктесінен жерге деиінгі арақашықтықты атаймыз.

4. Жаңа тақырыпты бекіту:


1. Магнитті қосқыштар дегенімз не?
2. Түрлері?
3. Құрылымы мен параметрлері?


5. Үйге тапсырма: {6}§13

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет