Сабақтың түрі зертханалық-практикалық сабақ Сабақтың типі жаңа сабақ



бет2/3
Дата14.02.2023
өлшемі159.31 Kb.
#469526
түріСабақ
1   2   3
Гюйгенс принципі. Жарықтың шағылу заңы

Жарықтың шағылуы — жарықтың екі ортаның (1-орта мен 2-ортаның) бөліну шекарасына түскен кезде затпен әсерлесуі нәтижесінде бөліну шекарасынан кері қарай таралуы. Бұл жағдайда түскен және шағылған сәуле үшін 1-орта мөлдір болуы тиіс. Жарық шығармайтын денелер бетінен Жарықтың шағылуы салдарынан көрінетін болады. Мөлдір 1-ортадағы жарық сәулесі сыну көрсеткіші сол ортаға қарағанда өзгеше болатын 2-ортаға жеткен соң, оның біршама бөлігі сынып, басқа бағытпен таралады да, енді бір бөлігі 1-ортаға қарай кері шағылады. Шағылған және сынған сәулелер қарқындылығының салыстырмалы шамасы жарық түскен дененің табиғатына, оның бетінің тегістігіне, жарықтың құрамы мен түсу бұрышына, т.б. тәуелді болады. Кейде жарық сәулесі толығымен кері шағылады. 
Толқындық теория негізінде жарық неліктен қалың шыны бетінен шағылмайтынын және жұқа металл фольгадан толығымен шағылатынын түсін­ діруге болады. Шыны – диэлектрик, онда еркін зарядталған бөлшектер жоқ, ол электрмагниттік тол­ қындар үшін мөлдір. Металдарда еркін электрондар жарықтың әсерінен тербелмелі қозғалыс жасайды, олар тудырған өріс жарық толқынын шағылдырады.
Шағылу заңдары көптеген құрылғылар мен ат­тракциондарда қолданысқа ие болды.
Көліктерде бұрыштық шағылдырғыш – катафот қолданылады, ол шыны немесе пластмассадан жасалады. Велосипедтің артына қызыл, алдына ақ, дөңгелегінің сымдарына қызғылт катафот бекітеді. Жарықшағылдырушы жарық сәулесін бетке түсу бұрышына тәуелсіз жарық көзіне кері бағыттайды. Олармен барлық көлік құралдары мен жолдардың қауіпті бөліктері жабдықталады.
Жарықшағылдырушы материалдар өрт сөндіру, медицина, әскери және қызметтердің басқа түрле­ рінің жұмысшылары үшін арнайы киім тігуде қолда­ нылады.
Жарықшағылдырушылардың маталық негіздегі және ПВХ негіздегі екі түрі бар. Маталық негіздегі жарықшағылдырушылар материалдың жұмыс қаба­ тына полимерлі желім арқылы жағылатын шағылды­ рушы алюминий қабаты бар шыны микрошарларды қолдану арқылы өндіріледі.
Білім дағдысы: Түсіну (G)
Белсенді оқыту: «Суреттер сөйлейді»
Сұрақ:
Күн көкжиектен батқанда неге бірден қараңғы түспейді?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет