{GoogleClassroomрекшеліктері
Ерекшеліктері:
Ø Кез келген құрылғылар арқылы қашықтықтан басқару;
Ø Арнай программаны жүктеп орнатуды қажет етпейді;
Ø Веб-сервис түрлерінің ақысыз берілуі (Google Диск 15 ГБ көлемді ақысыз орын беріледі);
Ø Google Classroom ұсынатын вес-сервис түрлері: Google Drive, Google Docs, Google Hangouts, Google Calendar, Gmail.
“Google Classroom” бұрыннан танымал Gmail, Docs және Drive сияқты білім беру үшін қолдануға болатын тағы бір Google қызметі ретінде құрылды. Google Classroom қолданушыларға Google Drive-пен жылдам интеграцияны, интерфейсті және оқытушыларға қажет жаңа мүмкіндіктерді біріктіре отырып, жұмыс жасауға ыңғайлы.«Google Classroom» негізгі ерекшеліктері:
· Сыныпты баптау (Настройка класса). Әр сыныпта оқушылардың қоғамдастыққа қосылуы үшін қолдана алатын өзінің коды болады. Бұл процесс алдын-ала тізілімдерді құру қажеттілігін жояды.
· Google Drive-пен интеграция. Мұғалім Google Classroom қолданған кезде, әр сынып үшін жаңа қосымшалармен бірге Google Drive-да Сынып бөлмесі (папка «Класс») автоматты түрде құрылады.
· Ұйымдастыру. Оқушылар Google Classroom қолданған кезде, олардың Google Drive (Google-диск) парағында оқушылар қосылатын «Сынып» (Класс) папкасы құрылады.
· Автоматтандыру. Google құжаты түрінде тапсырма жасағанда платформа сыныптағы әр оқушыға құжаттың жеке көшірмелерін жасайды және таратады.
· Уақыт. Тапсырма құру кезінде мұғалім жұмыстың орындалу мерзімін көрсетеді. Оқушы тапсырманы белгіленген мерзімнен бұрын тапсырған кезде, оқушыда «Көру» құжатында пайда болады, ол мұғалімдерге сұрыптауға мүмкіндік береді.
· Жұмыс / Түзету. Оқушылар жұмысын бастаған кезде мұғалім оқушы «Қарау» («Просмотр») күйінде болған кезде кері байланыс жасай алады. Жұмыс оқушыларға қайтарылған кезде, студент тағы да «Редакциялау» күйіне ауысады және құжат бойынша жұмысын жалғастырады.
· Ыңғайлы шолу. Мұғалімдер де, оқушыларға да барлық тапсырмаларды Google Classroom үй экранынан көре алады. Бұл бірнеше сыныптағы жұмыстарды бірден басқаруға мүмкіндік береді.
· Байланыс. Мұғалім жасаған сынып хабарландыруларымен және тапсырмаға түсініктеме берудің біріктірілген мүмкіншіліктерімен мұғалімдер меноқушылар әрдайым байланыста болып, әр тапсырманың мәртебесін біліп отыруға мүмкіндік алады.
Достарыңызбен бөлісу: |