{Графикалық элементтер
Жарияланымды дайындау- құрастыру үстеліндегі бетті қажетті материалдармен бірте-бірте толтыру болып табылады.
PageMaker жүйесінде объект аталатын мұндай "кірпіштер" мыналар:
●мәтіндік блоктар;
●иллюстрациялар(суреттер);
●графикалық элементтер.
Объектілер құрастыру орнының кез келген жерінде жасалып, сақтала береді, бірақ басуға, шығаруға материалдардың тек қана жарияланым бетіндегі, яғни тікбұрыш ішінде орналасқан бөлігі ғана беріледі.
Үлкен үстел(құрастыру орны)үстінде орналасқан ватман қағазы бетінде(жарияаным беті) безендірудің геометриялық элементтерін- сызықтар, жиектер және т.б. қоса отырып, мәтіндер мен суреттер қиындыларын ретімен қойғандай, объектілерді жылжытуға, алып тастауға, бір-бірінің үстіне қоюға болады.
Дайын жарияланымды құрайтынның бәрі объект деп аталады. Объектілер негізгі үш түрге бөлінеді:
●мәтіндік блоктар,
●иллюстрациялар(суреттер),
●графикалық элементтер.
Графикалық элементтер дегеніміз- неше түрлі сызықтар, тікбұрыштар, сопақшалар және көпбұрыштар. Олардың бәрі PageMaker жүйесінде инструменттер көмегімен жасалады.
Қандай да бір инструментті таңдау үшін палитрадағы осы инструменттің суреті бар батырманы тышқанмен шертіңдер. Таңдалған батырма "басулы" қалады, ал тышқанның меңзері осы инструментке тән түрді қабылдайды.
Сайт. Сайт жасау әдістері
Алдымен сайтты қандай платформа арқылы жасайтыныңызды анықтап алыңыз. Контентті басқаруға арналған жүйе түрлері көп. Таңдалған жүйе уақыт өткен соң сайтыңыз үшін жарамсыз болып қалмасын.
Сайтты әдемі және толық функционалды етіп барлығы жасай алады. Алайда дұрыс таңдалмаған платформа бірнеше мәселе тудырады. Кейбір платформаны қолдану HTML/CSS төңірегінде аздап білімді қажет етеді. Сайт жасауды енді бастайтындарға «WordPress» платфомасы жарайды.
Неліктен WordPress?
Біріншіден, «WordPress» платформасы тегін. Сонымен қатар мұнда көз тартатын шаблондар жетерлік.
Екіншіден, егер сіз «Word» программасымен жұмыс істей алсаңыз, контент қосу кезінде артық мәселе туындамайды. Кез келген тегін плагиндерді өз сайтыңызға қоса аласыз. Осы арқылы сайтты бір беттік визит картасына айналдыруға немесе әлеуметтік желіге ұқсас етіп жасауға болады.
Үшіншіден, «WordPress» үлкен және кішкентай сайттарға да жарай береді. Платформа кез келген веб-сайтқа арналған.
Төртіншіден, сайтпен барлық мобильді құрылғы арқылы жұмыс істей аласыз. Смартфон және планшетпен жұмыс істеу үшін қосымша дизайнерді жалдаудың қажеті болмайды.
Домендік ат пен хостинг іздеу
Сайтты іске қосу үшін домендік ат пен хостинг қажет болады. Домендік ат пен хостинг бағасы айына 3-5 долларды құрайды.
Өзге домендік атты қолданатын сайтқа қарағанда, жеке домендік аты бар сайт жақсы көрінеді. Мұның бағасы да қол жетімді.
Қандай домендік атты таңдаған дұрыс?
Веб-сайт үшін жақсы домендік ат таңдау біршама қиындықтарды тудыруы мүмкін. Домендік ат төмендегі сипаттамаға ие болуы керек:
Көз тартарлық;
Ерекше және қайталанбайтын;
Оңай есте сақталатын.
Веб-сайттың баптаулары
Домендік ат пен хостингті таңдаған соң, сайтты іске қосу керек. Бұл үшін «WordPress»-ті жүктеңіз.
Хостингтік аккаунтыңызға кіріңіз;
Басқарма панеліне өтіңіз;
«WordPress» немесе «Website» батырмасын табыңыз;
Сайтты орнататын доменді таңдаңыз;
«Қазір орнату» (Install Now) батырмасын басу арқылы «WordPress»-тегі жеке сайтыңызға рұқсат аласыз.
Сайтқа шаблон таңдау
«WordPress» арқылы баптауларды орнаттыңыз. Ендігі кезекте сайтқа визуалды әдемілік беру. Платформа автоматты түрде стандартты теманы орнатады. Мұны өзгерту үшін басқарма панельіне кіріңіз. Бұл жерде тегін 1 500-ге жуық шаблондар бар. Шаблонның сапасы жоғары болғанын қаласаңыз, ақылы түрлерін де қарап шығыңыз.
Жаңа теманы орнату үшін «Install», одан кейін «Activate» батырмаларын басыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |