{ЦББР көмегімен оқу сабақтарын ұйымдастыру
Цифрлық білім беру ресурстары - бұл цифрлық түрде ұсынылған фотосуреттер, бейнефрагменттер, статикалық және динамикалық модельдер, виртуалды шындық және интерактивті модельдеу объектілері, картографиялық материалдар, дыбыстық жазбалар, символдық объектілер және іскерлік графика, мәтіндік құжаттар және оқу үдерісін ұйымдастыру үшін қажетті өзге де оқу материалдары.
Сабаққа дайындық кезінде мұғалімге көмек: Сабақ кезінде мұғалімге көмек : Үй тапсырмасын дайындау кезінде студентке көмек: Функционалды мақсаты бойынша ЦББР бөлінеді : Функционалды мақсаты бойынша ЦББР бөлінеді : Білім беру және әдістемелік бойынша ЦББР түрлерін қарастырыңыз
Оларға мыналар жатады:
Электрондық оқулықтар: дәстүрлі оқулықтардың прототиптері; түпнұсқа электрондық оқулықтар; пәндік оқыту жүйелері; пәндік оқыту орталары.
Электрондық оқу құралдары: тәрбиешілер; тренажерлер;оқыту; оқыту-бақылау; ойын; интерактивті; тақырыптық жинақтар; анықтамалықтар мен сөздіктер; практикалық және зертханалық.
Электрондық оқу-әдістемелік кешендер (ОӘК):пәндік әлемдер; бағдарламалық-әдістемелік кешендер; пәндік оқу-әдістемелік орталар; инновациялық ОӘК.
Бақылаудың электрондық басылымдары: тесттер; тест тапсырмалары;тестілеу бойынша әдістемелік ұсынымдар; аспаптық құралдар.
{Цифрлық рессурстарды қолданудың практикалық артықшылықтар
Цифрлық білім беру ресурстары (бұдан әрі — ЦБР) білім беру мазмұнын анықтайтын электрондық оқыту жүйесі компонеттерінің бірі болып табылады. Білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін, оқу үдерісінде өскелең ұрпақтың ЦБР белсенді қолдану, бүгінгі таңда берілген бағдарлама аясындағы педагогикалық қоғамдастықтың алдында өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
ЦБР топтамасы қарастыратын негізгі мәселелер— мұғалімге сабақты даярлау барысында көмектесу; сабақ барысындағы көмек; оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу. Мұғалімге сабаққа даярлық барысында көмектесу: – жекеленген сандық объектілерден сабақты құрастыру және моделдеу; – пән туралы білімді тереңдетуге арналған қосымша және анықтамалық кең көлемді ақпараттың болуы; – ЦБР топтамасында ақпаратты тиімді іздестіру; – бақылау және өзіндік жұмыстарды даярлау; – шығармашылық тапсырмаларды даярлау; – цифрлық объектілермен байланысты сабақ жоспарларын даярлау; – Интернет арқылы басқа мұғалімдер қызметтерінің нәтижелерімен алмасу. Сабақ барысындағы көмек: – мультмедиялық проектор арқылы даярланған цифрлық объектілерді демонстрациялау; – лабораториялық жұмыстарда виртуальды лабораториялар мен интерактивті моделдерді қолдану; – оқушыларды компьютерлік тестілеу және білімдерін бағалауға көмектесу; – сабақта оқушылардың ЦБР-мен жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары; Оқушыларға үй тапсырмасын орындауда көмектесу: – материалды жаңаша көрсету арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру; – оқушылардың өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта өзін-өзі автоматты бақылауы; – Баяндамалар, презентациялар, рефератттар және тағы сол сияқтыларды даярлауға үшін қажетті объектілердің үлкен қоры; – Энциклопедиялық сипаттағы қосымша ақпараттарды тез арада алу мүмкіндігі; – Пәндік виртуалды ортада оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту; – Оқушының пәнді оқуын өзіне ыңғайлы темпте және материалды игеруді өзінің жеке қабылдау ерекшелігіне байланысты таңдалған деңгейде ұйымдастыруына көмектесу; – Оқушыларды заманауи ақпараттық технологияларға үйрету, АТ меңгерудегі талпыныстарын және олармен үнемі жұмыс істеуді қалыптастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |