Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілі



Дата14.03.2024
өлшемі15.01 Kb.
#495539
түріСабақ
1-күн тапсырмасы


Сабақты зерттеу (Lesson Study) тәсілі
Еліміз оқу жүйесін түбегейлі жаңартуға бел буған. Қазіргі заманда, қоғам мектептегі мұғалімге жаңаша талап қойып отыр. Бүгінде мұғалімнің біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген, жан-жақты болуы керек, өйткені біз алдарымыздағы отырған оқушыларды рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптастыруымыз керек. Бізден кейінгі ұрпақты біліммен сусындату, өз алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда қолдана білетіндей дәрежеге жеткізуіміз керек. Уақыттан қалыс қалмау үшін мұғалім әркез өз деңгейін жан-жақты жетілдіріп отыру керек. Сондықтан, дүниежүзі мұғалімдері қолданатын зерттеу жұмыстарына біз де белсенді араласуымыз керек деп ойлаймын. Action Research зерттеуін Lesson Study зерттеу тәсілінің аналогы деп қарастыруға болаы. Бірақ, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. 333 Lesson Study-ге шараны бірлесе жоспарлап, өткізетін, қадағалайтын, оқыту мен оқуды талдай отырып, өз қорытындыларын қағаз бетіне түсіретін мұғалімдер тобы қатысады. Lesson Study-ді бірлесіп жоспарлап, сабақты өткізу барысында зерттелетін үш оқушыны үнемі назарға ала отырып, оқыту әдістемесін пайдаланады және оның нәтижелерін мұқият зерттейді. (Пит Дадли, 2012 .Lesson Study: нұсқаулық). Ал, Action Research зерттеуі дегеніміз не? Оның оқытушылар үшін қандай пайдасы бар? Басқа зерттеу жұмыстарынан айырмашылығы қандай? Мақала осы сұрақтар төңірегінде болады. Ғылым саласына «Action Research» деген санаттың енгізілуі әдетте Курт Левиннің (1946) атымен байланыстырылады және бұл терминді пайдалана отырып еңбек шығарған бірінші адам болса да, ол бұл идеямен ертеректе 1913 жылы Вена қаласында басылып шыққан жұмыс арқылы Германияда танысты деген болжам бар (Altrichter H. & Gstettner P.,1992). Сабақты зерттеу тәсілі сыныпты зерттеу нысандарының бірі болып табылады, бұл 1870 жылдары Жапонияда тәжірибені жақсарту мен жетілдіру мақсатында пайда болған.
Сабақты зерттеу тәсілі Макота Йошида Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританиядажаңа тәсілдің таныстырылымын жасағаннан кейін, Жапониядан тыс жерлерде 2007 жылданбастап танымал бола бастады. Аталған елдердің зерттеушілері жапондық ғалымдардыңхалықаралық зерттеу аясында көрсетілген академиялық жоғары жетістіктеріне ықылас танытты. Йошида бұл жетістік Сабақты зерттеу тәсілінің жапон мектептерінде кеңінен
қолданылуынан болып отыр дегенді алға тартады. Сондықтан қазіргі кезде Шығыс Азияның бірқатар елдерінде Сабақты зерттеу мұғалімдердің педагогикалық білімдері мен тәжірибесін дамытуға арналған тиімді құрал ретінде белсенді енгізіліп жатыр. Атап айтқанда, Сабақты зерттеу тәсілі тәжірибені жақсартудың демократиялық жолы болып табылады. Зерттеу жүргізетін топ әдетте кемінде үш мұғалімнен тұрады, бұлтәжірибесі мен білімдері бір-біріне жайлы әсер ететін фактор болып есептеледі. Топ
мұғалімдері көп жағдайда бір мектепте жұмыс істейді, бірақ тәжірибені жақсарту мақсатында бірлесе жұмыс істеу үшін басқа мектептердің мұғалімдері де тартылуы мүмкін. Кейде топты кәсіби ұйымдастыру үшін белгілі бір тәсілдерді немесе оқу бағдарламаларының аспектілерін пайдалану саласында мол жұмыс тәжірибесі бар, тиістідайындықтан өткен мұғалімдер арнайы шақырылуы мүмкін.
Зерттеу жұмысы мұғалімге күнделікті оқу үдерісінде кездесіп жүрген проблеманы анықтап, оны шешу бағытында бірнеше (мақсатқа жеткенге дейінгі) айналымдық әрекет жасауға мүмкіншілік береді. Екінші сөзбен айтқанда, бұл жоба практика мен теорияны ұштастыратын жоба.Яғни, зерттеу оқыту мен оқу тәжірибесін анағұрлым жетілдіру мақсатында практиктің жеке жағдайында орындалады және соған бағытталған әрекеттерге негізделеді. Төмендегі суретте айналымның қалай орындалатыны көрсетілген: Action Research зерттеудің айналымы: Яғни, сыныптағы сабақ үрдісі бойынша проблеманы анықтап, тақырып таңдалғаннан кейін, іс-әрекет жоспарлау, әрекет, бақылау және бағалау кезеңдерімен кезектесіп жүзеге асады. Кейбір жағдайларда бағалаудан зерттеу жалғасын табу керек екенін көруге болады. Зерттеу жұмысы қайта жоспарланып, екінші айналым жүргізіледі. Зерттеу жұмысы бірнеше циклдан тұруы мүмкін. Және де бір зерттеуге бір ғана емес екі немесе одан да көп мұғалім қатысуы мүмкін. Зерттеу жұмысы мектеп ішінде, бірнеше мектептер мұғалімдері ұжымында жүргізілуі мүмкін. Яғни, олардың идеялары тұтасқан жағдайда. Action Research зерттеуінің бірінші, негізгі кезеңі тақырып таңдау. Тақырып қандай болуы керек? Бірінші, менің ойымша оқыту процесіне оң әсерін беру керек. Екінші, ол тақырып сізге жақын боуы керек, яғни алынған мәселе сізді көп ойландырады, немесе оны шешу үшін сіздің кейбір ұсыныстарыңыз бар.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет