Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын) «Парасаттылық туралы» Сабақтың мақсаты



бет3/12
Дата28.04.2024
өлшемі0.84 Mb.
#500040
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
кмж тарбие 7в

Тәрбие сағаты

«Жеке бас гигиенасын сақтау»

Күні

29.01.2024

Класс жетекші:

Аманжолова Г

Класс:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтыңтақырыбы: Эпиграфтар (тақырыпмазмұнынашатын)




Сабақтың мақсаты:

Оқушыларымыздың салауатты өмір салты жайлы білімдерін тереңдету, адам денсаулығының қымбаттылығын, жат қылықтардан сақтай отырып, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру. денсаулық туралы түсінік беру.

Құндылықтарды дарыту

Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру.

Ресімдеу

Слайд,презентация

Музыкалық және бейне көркемдеу

интерактивті тақта, слайд

Үлестірмелі материалдар

мақал – мәтелдер жазылған плакаттар

Тақырыптықкөрмелерменақпараттықстендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары



Сабақтың барысы




Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар
Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)



Салауатты өмір дегенді қалай түсенесіңдер? Осыған байланысты біз бүгін сыныбымызды 2 топқа бөлінеміз. Әр топ өздеріне тапсырған тапсырмалар бойынша дайындық жүргізіп, бүгінгі сабағымызда сол тапсырмаларды ортаға салып басқа топтармен білімдерімен алмасып, «Салауатты әдеттер бөлімшелеріне» саяхатқа шыққалы отырмыз. Әр топтың жетекшісі, дәрігері, спорт маманы қызықты мәліметтер дайындады. Онда жаңа да қызықты оқиғалардың куәсі боламыз. Сонымен саяхатымызды бастайық 



Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.

Компьютер



Сабақ басы (13 мин)



Біз келген бірінші бөлімше «Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану бөлімшесі» деп аталады.
Оларды барлығы да маңызды. Егер сен олардың барлығын жаттап, есте сақтайтын болсаң, ешқашан да ауырмайсың, әрі сүйкімді, әрі мықты боласың.

Жеке бас тазалығының ережелері.
- Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
- Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
- Үйықтар алдында жуынып, бөлмеңді желдетіп алуды ұмытпа;
- Тамақ ішердің алдында, жұмыс істегеннен кейін, әжетханадан соң міндетті түрде қолыңды жу;



суреттер

Ортасы (20 мин)

Екінші бөлімше « Денсаулық және дұрыс тамақтану, дене шынықтыру бөлімшесі» деп аталады.
Ал енді дұрыс тамақтану ережелеріне келер болсақ.
Оқушының тамақтану кестесі.
Оқушының сабаққа барар алдында еттен, балықтан жасалған тамақтар немесе сүт тағамдарын ішкені дұрыс. Өйткені бұл тағамдардың құрамында өсіп келе жатқан ағзаға пайдалы көптеген витаминдер мен минералдар бар. Қуатты ішкен таңертеңгі ас адамның ой еңбегі мен дене еңбегінің потенциалын көтереді.

«Дәрігер кеңесі» 

Мыналардан бойыңызды тасада ұстаған жөн:


- Артық салмақ қосатын шамадан тыс калориялы тағамдардан;
- Біркелкі тамақтанудан;
- Қант пен тәттілерді шектен тыс пайдаланудан;
- Мал өнімдері мен шұжық майларын мөлшерден тыс қолданудан;



Компьютер

Соңы



Бүгінгі сабағымызда біз денсаулық туралы көптеген мәліметтер алдықҰлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ, «байлық па, әлде атақ па?» деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. 



Оқушылар бір біріне сұрақтар қою арқылы білімін толықтырады

презентация

Бекітілді ___________
Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет