2. "Телеграмма" әдісі. конверттен сұрақтарды алып, жұппен жауап береді. Ашық және жабық сұрақтар. (7 мин) 1.Үйкелістің пайдасы. 2.Үйкелістің зияны. 3.Велосипедтің доңғалағы не себепті бедерлі болып келеді? 4.Неліктен ауыр дорба көтеріп келе жатқанда, тайғанақ жолда жүру оңайырақ? 5.Картопты пайдаланып, ауыр шкафты қалай орнынан қозғалтуға болады? 6. Үйкелісті қалай арттыруға , қалай азайтуға болады? 7.Күнделікті өмірде өздеріңе үйкелістің қандай түрлері жиі кездеседі? Айналаларыңа қараңдар, үйкелістің пайдалы әсерін байқай алдыңдар ма? 8. Автомашиналардың доңғалақтарын не себепті бедерлі етіп жасайды? 9. Неліктен жүргізуші жауын-шашын күндері , көк тайғақта , қоңыр күзде көлікті жүргізу кезінде аса абай болуы керек? ҚБ. "Білім динамометр" әдісі. аттарын жазып стикерлер жапсыру. толық түсіндім орташа түсіндім түсінбедім Нәтижесінде: - үйкеліс күшінің пайдалы және зиянды әрекеттерін ажыратады; - үйкелісті қай кезде арттыру не азайту керек екенін түсінеді Сергіту сәті.«2 шындық, 1 өтірік» Оқушылар ретімен сабаққа қатысты 2 шындық, 1 өтірік айтады, бірін-бірі қайталамайды
3. "Саяхаттанушы ақпараттар" Жеке жұмыс. Есептер шығару. (10мин) Сыныптың әр бұрышына ақ парақта есептер мен әр жерде жауаптары ілініп тұрады оқушылар сыныпты айнала жүріп өзі шығара алатын есепті жазып шығарады да жауаптарының астына іледі.
1. .Жалпы массасы 1 т болатын жүгі бар шананы ат тайғанақ мұзбен сүйретіп келеді. Шана табан мен мұз арасындағы үйкеліс коэффициенті 0,05 . Ат қандай тарту күшін өндіреді? 2. Ауыр жүк тартатын жылқы тұқымдарының жарысында олардың бірі бірқалыпты қозғалып, массасы 23 т жүкті жеткізді. Аттың тарту күші 2,3кН болса, үйкеліс коэффиценті неге тең? 3. Динамометрдің көмегімен массасы 200г кеспекті горизонталь тақтада орын ауыстырғындағы оның көрсетуі 0,6 Н болса, үйкеліс коэффиценті неге тең? ( g= 9,8 Н/кг) 4. Ит жеккен шанаға қар үстінде жұмсалатын күш 0,5кН. Үйкеліс коэффиценті 0,1 болса, жегілген иттердің бірқалыпты қозғалып, сүйрей алатын, жүк тиелген шанасының массасы неге тең? ( g= 9,8 Н/кг) 5. Массасы скафандрымен 170кг астронавтың табанының Ай бетімен арасындағы үйкеліс коэффиценті 0,5 болғандағы үйкеліс күшін табыңдар. ( g= 1,8 Н/кг) ? 6. Массасы 2,4 т ғарыш кемесіне, жер маңында әсер еткен ауырлық күшін анықта. ( g= 9,8 Н/кг)