Сабира Нурпеисқызы


Кішкентай қыздың техникасы



Pdf көрінісі
бет16/56
Дата05.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462052
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56
2 5226507378509221292

Кішкентай қыздың техникасы
Жұмыстан күйеуіңіз келді дейік. Сіздің түріңіз ойланып
тұрған сияқты, ойға шомылып тұрған сияқты болу керек.
Күйеуіңіз сізден:
-Не болып қалды, неге ойға кіріп кеттің,- деп міндетті түрде
сұрайды.
Ол сұрайды, сіз жауап бересіз. 
-Өз-өзіме ашуым келіп тұр.
-Неге ашулысың? 
-Менің мына нәрсені алғым келіп тұр, жағдайымыз оған
келмейтінін, әзір оған мүмкіндігіміз жоқ екенін білемін. Бірақ
алғым келіп тұр және сол үшін өз-өзіме ашуланып тұрмын,-
деп айтасыз. 
Ер адамда автоматты түрде сіздің өтінішіңізді орындағысы
келетін рефлекс пайда болады. Әрине, өтініш жағдайға келіп
тұру керек (ақша жоқ кезде шуба сұрау сияқты болмасын).
Некеге дейін... 
47


Егер сіз одан сыйлық алғыңыз келсе, оған өзіңіз сыйлық
беріңіз. Бірінші қадам сізден болсын. Кішігірім қолдан
жасалған немесе сатып алынған сыйлық сыйлаңыз. Бастысы
оған пайдалы және ол бұрыннан бері қалап жүрген нәрсе болу
керек. Сыйлықтарыңыздың арасы апта сайын емес, арасы ұзақ
болу керек.
Тағы да бір мысал: дүкеннен бір сақина көріп қалып оған ұзақ
қарап тұрыңыз. Сосын, "қарашы жаным, сондай әдемі, иә?" деп
айтасыз. Сіз сұрап жатқан жоқсыз. Жай ғана сізге осы сақина
ұнағанын айтасыз. Ал оның есінде сіздің келе жатқан туған
күніңіз бар. Ол міндетті түрде дүкенді және сізге ұнаған
сақинаны есінде сақтап қалады. Сосын тағы да бір сөзді
қосасыз: 
-Қазір біздің оған жағдайымыздың келмей тұрғаны өкінішті,
бірақ маған осы сақина қатты ұнап тұр,- деп айтасыз. 
Сонымен, мақтағанда, алғыс айтқанда және өтініш жасағанда
сізге тек қана шынайылық керек. Тек шынайылықпен ғана ер
адамның барлық сіздің өтініштеріңізді орындауына жол бере
аламыз.
Ер адамның сыйлық беруге өзінше көзқарастары болады. Мен
қазір қалай сыйлық сұрау керек жайлы айтамын. Бірақ
күйеуіңіздің қаржылай мүмкіндігі болмаса, мысалы, бір
айлықтан екінші айлыққа әрең жеткізіп жүрген болса, ол
туылғаннан бастап сараң болса, оның өзгертуге мүмкін емес
мінезі болса және егер сізді жақсы көрмесе, осы сипаттар
болатын болса, менің сыйлықты сұрау жайлы ақпаратым пайда
әкелмеуі мүмкін.
Сыйлық сұраудың бірнеше ережелері бар. 
Бірінші ереже, еркекке керек нәрсесін беру. Еркекке керек
нәрсе не? Ол тамақ, киім, дүние емес. Әрине, ол нәрселер де
керек, бірақ ол екінші жоспарға, екінші орынға кететін нәрсе
болып табылады.
Некеге дейін... 
48


Ең бірінші керек нәрсе - моральдық тұрғыдан көңіл бөлу. Яғни
сіздің көңіліңіз толмайтын жағдайлар болмау керек. Ол
еркекке жағымсыз энергия береді. Оған үнемі критика
жасамау керек. Ол қандай критика болу мүмкін? Бір жағынан
сіз жақсылық жасап жатырмын деп ойлайсыз. Оны түзетемін,
түзеткенім келешекте керек болып қалады деген ой болуы
мүмкін. Бірақ түзетудің өзінде де өз құпиялары болады.
Еркекке бірден сен дұрыс істеп жатқан жоқсың ғой, оны былай
істеу керек десеңіз, оны әйел адам мүмкін балаңыз түсінетін
шығар. Бірақ еркек оны “оның айтқаны дұрыс екен ғой, менікі
емес” деп қабылдамайды. Бірден критика пайда болады. Ал
адам ол критикадан қорғана бастайды.
Екінші ереже, оған жабысып қалмауыңыз керек. Кей әйелдер
еркекке жабысып, оның бүкіл энергиясын алғанша немесе
шектен шығып екеуі ұрсысып қалғанша жабысып тұра береді .
Бұл нәрседен арылу керекпіз. Қызығушылығы бар,
самооценкасы жоғары және өзіне деген сенімділігі бар әйел
болу керек. Егер бойыңызда осы үш сипат болатын болса, сіз
олай еркекке жабысып қалмайсыз. Оған еркіндік беру керек.
Келесі ереже одан өтініш сұрай білу керек. Әйел адам негізі
қиялшыл болып келеді. Сыйлық сұраған кезде біздің ойымыз
"егер мен оған иіс су алып бер десем, онда ол тосын сый
болмай қалады. Одан не пайда, ол маған ақша берді, мен барып
өзім-ақ сатып алмаймын ба, ақша менде ғой" деп ойлаймыз.
Бірақ өкінішке орай адам басқа адамның ойын оқи алмайды.
Бізде ондай қасиет жоқ. Сол себепті еркек сізге сыйлық
бергенін қаласаңыз, сіз оған міндетті түрде қалай барын
айтуыңыз керек. "Жаным, мен иіссу алғым келеді". Иіссудың
қандай екенін айтпай-ақ қойыңыз. Егер соншалықты астарлап
айтқанды түсінбейтін еркек болса, каталогты ашасыз немесе
сайтқа кіріп: 
-Міне, жаным, мынау бағасы, аты Chanel, скрин жасап қойдым,
саған WhatsApp-қа жібердім. Осыны менің туған күніме
немесе 8 наурызға сыйлашы. Мен өз-өзіме ақшаны құртып
алғым келмейді, егер маған сен өз қолыңмен сыйласаң, мен
күшті сезімде боламын,- деп айтыңыз.
Некеге дейін... 
49


Оның ойынша гүл солып қалады, крем, иіссу оның барлығы
сізде бар. Мен сыйлық жасасам онда бір пайдалы нәрсе берейін
деп ойлайды. Ол ас үй жабдығы, ыдыс-аяқ немесе телефонға
баланс, балаға қарайтын керекті бір құрал-жабдық. Олардың
ойына крем, иіссу, косметика мүлдем кіріп шықпайды. Менің
алған нәрсем оған ұнамайды деген сылтаулары бар. Олар
дұрыс айтады қыздар. Күйеуіңіз, жігітіңіз сыйлық берген кезде
біздің жауабымыз "мәссаған, жаным, жарайсың, өмірімде
күтпеген сыйлық еді" деген жауап емес. Біз "жаным, негізі
басқа түсі болған жоқ па, қызылын алу керек еді" деп айтамыз.
Қыздар, өздеріңіздің жауаптарыңыз естеріңізге түсіп жатқан
шығар. "Қымбат қой, ақшаны құртпай-ақ қою керек еді немесе
ақшаны жинап қойып кейіндеу дұрыс нәрсе алатын едік" деп
айтамыз. Осы сөздерден кейін күйеуіңізден керемет сыйлық
күтпеңіздер. Одан сыйлық алу үшін қайтадан тәрбиелеу керек
болады. Қандай сыйлық жасаса да, аспанға секіру керек,
шынайы қуанышты көрсету керек. "Мәссаған, жаным, күтпеп
едім, мен сені ұмытып кететін шығар деп ойлап едім" деп
айтыңыз. Алғыңыз келген сыйлықтың әрбір сипатын айтуға
тырысыңыз. Үлкен, кішкентай, жасыл, қызыл және қандай
марка екенін айту керек. Не үшін ол сыйлық сізге керек? Не
үшін ол сыйлық сізге керемет бір сезім сыйлайды? Осының
барлығын міндетті түрде айтыңыз. Оны айтатын сәтті (момент)
таңдаңыз. Тал түсте базарда немесе оның қолы тимей жатқан
кезде тосыннан айта салмай, оны кешке жақын төсекке бірге
жатқанда немесе оңаша қалғанда, көңіл-күйі жақсы кезде
айтсаңыз болады.
Туған күніңізге 1-2 ай қалса: 
-Менің туған күнім келе жатыр, осы нәрсені алып берші,- деген
сияқты сөздерді айтып қойыңыз. Екі ай бойы сол нәрсені күтіп
жүріп, екі ай өткеннен кейін ол нәрсені ұмытып кетсе оған таң
қалмаңыз. Жарайды, ол ұмытып кетті дейік. Сол күні таңертең
тұрасыз, туған күніңіз немесе 8 наурыз болады делік. Таңертең
тұрасыз, күйеуіңіз құттықтамайды. Сіз айтасыз: 
-Білемін ғой мен сені, бірдеңе дайындап жүрсің, мен сені
білемін ғой,- дейсіз. Ол әдейі ұмытып кеткендей сипатта 
Некеге дейін... 
50


Мүмкін күйеуіңіз шынымен де әдейі ұмытып кеткен шығар.
Сырттай түр көрсетіп, менің әйелім мені әдейі ұмытып кетті
деп ойласын, ал мен жұмыстан кейін бір тосын сый жасаймын
деуі мүмкін. Ал ол шынымен ұмытып кетсе, сіз оған астарлап
есіне түсіресіз. "Сен маған сыйлық сыйламадың, екі ай бұрын
айттым ғой, ал сен ұмытып кеттің" деген әңгімелермен сіз
қарым-қатынасты құртып, келешекте тағы да ұмытып
кететіндей жағдай тудырасыз. Таңертең тұрғанда: 
-Жаным, мен сені білемін ғой, бәлкім, жұмыстан кейін
бірнәрсе дайындап қойған шығарсың,- деп айтасыз. Ол: 
-Не үшін дайындаймын, қызықсың сен осы,- деген секілді
сөздер айтады. Сіз: 
-Жақсы, жарайды, мен сені білемін ғой,- деп тағы айтасыз.
Сосын күтіңіз. Жұмыстан кейін ол міндетті түрде сыйлық
әкелу керек. Оның есіне түсу керек. Себебі, сіз сендіңіз ғой. Ал
ол сіздің сеніміңізді ақтағысы келеді. Егер тіпті осындай
сөздерден кейін де ол ұмытып кетсе, демек оның не қаржылай
жағдайы жоқ немесе оның сізге деген реніші бар. Онымен
ашық сөйлесіңіз. Мүмкін ол сыйлық сыйлау дұрыс емес деп
ойлайтын шығар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет