көмектесіп жатырмын деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ олай емес.
Сіз оған көмектесіп жатқан жоқсыз, сіз оның көңіліне таласып
жатырсыз. Егер бұл қайталана беретін болса,
сіз оның
орнындағы міндеттерін үнемі орындап жүресіз, ал
манипулятор әрқашан қолжетімсіз болады, өміріңізге келмейді
немесе өте сирек пайда болатын болады. Ақыр соңында
истерика, айқай-шу, ұрыстар болады. "Неге келмейсің? Неге
көңіл бөлмейсің?"- деген сияқты әңгімелер пайда болады. Ал
манипулятор өзінің жоқтығымен сізді жазалайтын болады.
Тым жақсы сөйлесіп жатқан кезде оған ұнамсыз нәрсені
жасасаңыз, мүмкін ол сізге бір өтініш айтады:
-Маған мына
нәрсе керек болып тұр жасап берші.
Сіздің бас тартқаныңызға ол бірден 2-3 күнге жоқ болып
кетеді. Телефонды бір көтермесеңіз, керісінше ол 1 күнге
хабарласпай немесе телефонды көтермей жоқ болып кетеді. Ал
егер оған ұнайтын, оның сұраған
өтініштеріне дұрыс жауап
бере алсаңыз, өтініштерін орындасаңыз, онда манипулятор
сізді өзіне жақын тарта бастайды. Яғни сөйлесіп, жылы сөздер
айтып, арасында кездеседі. Бірақ бір қателік жасасаңыз немесе
ол манипулятордың өтінішіне көнбесеңіз немесе бір
қоңырауын көтермей қойсаңыз, ол
сізді жоғалып кетіп
жазалайды.
Достарыңызбен бөлісу: