Сабира Нурпеисқызы



Pdf көрінісі
бет24/56
Дата05.10.2022
өлшемі2.08 Mb.
#462052
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56
2 5226507378509221292

ФЛИРТТІ ҚОЛДАНА БІЛГЕН
ӘЙЕЛ- ЕРКЕКТІҢ АРМАНЫНА
АЙНАЛАДЫ 
 
Некеге дейін... 
72


Психологтар, ғалымдар, эксперименттер ер адамдардың
қандай 
қызды 
таңдайтынына 
эксперимент 
жасап
статистикасын шығарған екен. Бірінші жігіттерге салмақты,
байсалды, ұстанымды, бірқалыпты, көп күле бермейтін
қыздарды ұсынды. Екінші нұсқаға флиртовать ете алатын,
үнемі күлімсіреп, жылы-жылы сөздер айтатын қызды
ұсынған. Бұл нұсқаларды ер адамға көрсеткен. Соңында ер
адамдардың барлығынан өмірлік жар ретінде қайсы қызды
таңдайтындарын сұраған. Көп жігіттер "өмірлік жар ретінде,
мүмкін, бірінші нұсқаны таңдар едік, бірақ бірінші нұсқадағы
қыз бізге іш пыстырарлық болатынына 100% сенімдіміз. Ал
екінші қыздан біз үнемі қорқатын боламыз" деп айтқан екен.
Не үшін қорқасыңдар?- деп сұрайды. Көбісінің жауабы:
«екінші нұсқадағы қыз кішкене ұшқалақтау, көп жігіттер
сондай қыздарды ұнатады, сондықтан біз екінші нұсқадағы
қызды әйел қылып алатын болсақ, көп жігіттер оған жабысып,
ұнатып қалады ма деп содан қорқамыз»,- депті. Бірақ
жігіттердің негізгі ойлары түсінікті, иә? Бәрібір жігіттерге
жеңіл мінезді, ақкөңіл, қалжыңдай алатын қыздар ұнайды.
Мен сіздерге қазір сұрақ қойғым келеді. 
Жанымда күйеуім тұрса да, менің энергиям тым көп болғаны
сонша, танымайтын адамдармен де флиртовать етіп тұрамын.
Мен басында мұның флирт екенін білген жоқпын. Тек
табиғатым сондай деп ойладым. Бірақ көп қыздар "сен еркекке
еркелеп, ойнап тұратын сияқтысың" деп көп айтатын. Сосын
мен флирттің не екенін іздене бастадым. Ол - ер адаммен
сөйлескен кездегі қабағыңыздың, көзқарасыңыздың ашық
болуы, күлкіңіздің кішкене жұмсақ болуы, сөйлегеніңіздегі
еркелегеніңіз және міндетті түрде қалжыңдап сөйлеуіңіз. Кез-
келген әңгімеге қалжың сөздерді айтсаңыз, соның өзі флирт
болып саналады. 
Некеге дейін... 
73


Қазір жігіттеріңіз бар болса немесе біркездері жігіттермен
сөйлесіп, кездесуге барсаңыздар, телефонмен сөйлесіп
жүрсеңіздер, өздеріңізді қалай ұстайсыздар? Дауыс мәнері
қандай? Еркелеп сөйлейсіз бе? Қалжыңдай аласыз ба?
Мен мектепте оқып жүргенде ондай болған жоқпын. Мен
ешкіммен сөйлеспейтін қыз болғанмын. Бірақ біздің
сыныбымызда 2-3 қыз болған, барлық жігіттер солардың
айналасында жүретін. Үнемі сол 2-3 қызды кездесуге, туған
күнге шақыратын, үнемі солардың жанында әңгіме айтып
тұратын. Мен қазір соның не үшін екенін түсініп жатырмын.
Себебі, ол қыздардың кішкентай жасынан бастап әйелдік
энергиясы дамыған және жігіттер сол энергияны сезген.
Жігітпен алғаш танысып, араласып келе жатасыздар. Сіз
салмақты тақырыптар қозғай бастайсыз. Саясат, экономика,
біреудің отбасылық өмірін немесе отбасы болғанда әйел
қандай болу керек, еркек қандай болу керек, бала тәрбиесі т.б
терең философиялық, ойландыратын тақырыптарда әңгіме
қозғайтын болсаңыз, ер адам одан шошып қалуы мүмкін.
Болашаққа деген жоспарыңыз, ер адамнан нені күтесіз, оның
барлығы адамды ойландырып жібереді. 
Қарым-қатынасты бірінші жеңілдікпен бастаған дұрыс.
Флиртовать ету әдетте тек басында болады. Ал егер сіз
энергияңызды керемет қолдана алатын қыз болсаңыз, тіпті 1-2
жыл өтсе де, өз жігітіңізбен бірінші рет көрісіп тұрғандай
күнделікті флирт жасай алсаңыз, ол жігіт сізден ешқашан да
суып кетпейді, қызығушылығын жоғалтпайды. Себебі,
флиртовать ете алатын әйел, қыз, жігітке ең маңызды нәрсені
бере алады. Ол не нәрсе? Ол жігіттің сіз үшін ерекше екенін
сезіндіру, үнемі осы қызды жоғалтып аламын-ау деген
қорқыныш. Әйел адам белгісіз жұмбақ болуы керек. Ертеңгі
сөзі, ертеңгі мінезі еркекке белгісіз болу керек. Сіз еркекке
флирт жасап бастағанда, ол басында ләззат алады, ортасында
үйренісуге тырысады, бірақ арасында ашуы келіп, жындануы
мүмкін. 
Некеге дейін... 
74


Мысалы, менің күйеуім әлі күнге дейін маған үнемі "сен
басқа ер адамдармен сөйлесуге ынтықсың" дейді. Білесіз бе
неге олай айтады? Себебі, мен сатушылармен, көшедегі үлкен
аталармен сөйлескен кезде жеңіл сөйлесемін, қалжыңдай
салуға тырысамын. Бұл менде автоматты түрде орындалады|
(қасымда күйеуім болса да). Сосын маған ашуланады. Білесіз
бе не үшін? Еркек қорыққан кезде ғана ашуланып, ұрыс
шығарады. Ол не сізбен айырылысу үшін не сізді жоғалтып
алуға қорыққаннан үнемі ұрысатын болады. Осы екі ғана
себеп бар. 
Мүлдем флиртовать ете алмайтын қыздарға беретін кеңесім:
махаббат жайлы романтикалық, комедиялық кино көру.
Сіздерге ұсынатын фильмдерім: "Красотка", "Блондинка в
законе", "Отпетые мошенницы". Бұл фильмдерде қалай ер
адамдарды бағындыру керек, қалай өзіне қарату керегі жайлы
көрсетіледі. "Очень плохая училка", "Как отделаться от парня
за 10 дней" - комедиялық кино. Осындай киноларды көріп,
кішкене болса да флиртовать ете алатын қасиеттеріңіз дамуы
мүмкін.
Қалай ойлайсыз, жігітке үнемі күліп жүретін, үнемі
қалжыңдайтын, өзін жеңіл сезінетін қыз ұнайды ма немесе
хабарласқан сайын көңіл-күйі жоқ, үнемі ештеңеге көңілі
толмайтын, үнемі еркектен бірнәрсені қалайтын қыз ұнайды
ма? Бірінші нұсқа дұрыс. Себебі, ешкімге ауыр мінезді, ауыр
көңілді, ауыр сөздері бар адам ұнамайды. Үнемі өзін адамның
жанында жеңіл, көңілді, ашық сезінгің келеді. Жігіт сізге
түнде хабарласса да, таңертең хабарласса да, сіз онымен
бірқалыпты, көңілді, қалжыңдап сөйлесетініңізді түсінсе, ол
сізге хабарласудан қашпайтын болады. Себебі, оған сізбен
араласу жағымды болады. 
Ал егер сіз үнемі ол хабарласқан сайын оны ойландырып
тастайтын болсаңыз, келесі хабарласқанда ол ойланады:
-Не істеймін, мүмкін керек емес, хабарласпасам тағы ренжиді,
хабарлассам тағы бастайды қазір,- дейді. 
Некеге дейін... 
75


Қарым-қатынасты ауырлатудың керегі жоқ. Алғашқы
сөйлескенде де өзінше болудың керегі жоқ. Ал біраз уақыт
өткеннен кейін флиртовать етуді тоқтатпау керек. Себебі,
флирт екеуіңізді байлап тұрады, еркекті сізге тәуелді қылады.
Некеге дейін... 
76


Қазір жігітіңізбен нақты үйленетіндей болып жүріп жүрсіз.
Ол қай уақыттан басталады? Мен үшін ол 6 айдан басталады.
Сізге мүмкін 1 айдан кейін, 2-3 айдан кейін болуы мүмкін.
Жігіт сізге қашан той туралы, үйге келін қылып алып барамын
деген сияқты әңгімені бастағанда, сіз осы уақытта ер адамның
ертең күйеу болғанда қалай болатынын елестетіп, ойлануыңыз
керек. Бұл әзіл емес. Сізде өзіңізді кінәлі сезініп, менікі дұрыс
емес, мен жігіт үшін өзгеру керекпін деген сияқты ой әзірге
болмауы керек. Не үшін? Себебі, үйленгенше сізді жігіт алуға
тырысады. Сіз оған тұрмысқа шығуға тырысып жатқан
жоқсыз, жігіт сізді алуға тырысып жатыр. Яғни бар күшін,
өнерін, жеті қырын көрсетіп, жігіт сізді өзіне қаратып, осы қыз
маған тұрмысқа шықса екен деп, барлық жақсылығын жігіт
көрсетуі керек. Қыз өз тарапынан күшті келін болатынын
көрсетіп:
-Мен үйде отырамын, мен жұмыс істемеймін, мен сенің
айтқаныңды тыңдаймын, сенімен бірге тұрамын, сиыр
сауамын,- деп ер адамға барлық жағынан идеалды әйел бола
алатынын, оның жары бола алатынын көрсетпеуі керек.
Қазір 21-ғасыр, жастар қазір тіпті бір үйде тұрады. Азаматтық
некеде тұрады. Мен ондайға қарсымын. Азаматтық неке деген
ол не? Егер жігіт неке қиғанға дейін отбасылық тұрғыдан
қажеттіліктерді ала алса, ол онда біріншіден, көз алдында
әйелінің құндылығын жоғалтады, екіншіден, үйленуге
асықпайды, үшіншіден, сізге қызығушылығын жоғалтады,
"бұл менен ешқайда кетпейді" деп ойлайды. Еркек қызды
әйел қылып алуға барынша асығу керек. 
Некеге дейін... 
77


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет