Садыкбаева Айнур Аскаровна


Жасөспірімдердің әлеуметтенуі. Әлеуметтендіру ұғымының қалыптасуы



бет5/10
Дата03.01.2022
өлшемі315 Kb.
#451959
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
14. Садыкбаева Айнур Аскаровна Жасөспірімдердің девиантты мінез- құлықты болуының әлеуметтік-тұрмыстық себептері р

1.2. Жасөспірімдердің әлеуметтенуі. Әлеуметтендіру ұғымының қалыптасуы

Жасұрпақтың жан –жақты дамуын, олардың бойында қоғамдық талаптар алдындағы жауапкершілігін, білім алуға, ғылымға,техникаға, өнерге ұмтылысын, ұлттық дәстүрге деген құштарлық сезімін қалыптастыру арқылы қоғамдық өмірге даярлау мектептің оқу –тәрбие процесінің басты міндеті болып табылады.

“Әлеуметтендіру” ұғымы алғашқы рет өткен ғасырдың орта шенінде американдық психология мектебі өкілдерінің еңбектерінде қолданыла бастады. Сондықтан да болар бұл ұғымды ғылымға ендірушілердің алдыңғы санатында американдық психолог ғалымдар А.Бондураның, Д. Доллэрдтің, Дж.Кольманның, А.Парктің, В.Уолтерстің және басқалардың аттары атала бастады.

Дей тұрғанмен, бұл феноменнің мән –мағынасы мен қоғамда атқаратын қызметін екшелеуге деген қызығушылық өткен ғасырдың 70-ші жылдары белең алды. Мұның себебі, Батыстың жалаң, даңғаза, бейресмлік өмір салтынан түңілген жас, өсіп келе жатқан балауса ұрпақтардың бойында өмірге, болмысына қызығушылық пен немқұрайлық психология пайда бола бастады. Бейресми топтар көбейіп кетті. Басқару жүйесіне наразылық көрсетулер орын алды. Өмірге түңіліп өз -өзіне қол салушылық, нашаға әуестенушілік, жезөкшелік, қоғамға жат құбылыстар өрістеді.

Қоғамдық өмірдің төрінен орын алып , өсіп келе жатқан жас ұрпақтың арасында жаппай өрістеген осындай әлеуметтік дерттің, келеңсіз құбылыстардың астары мен мәнін жас ұрпақтың тәртіпсізденуінің себебі мен салдарларын бағымдаған ғалымдар оның алдын алудың, жастар арасынан мүлдем аластатудың, жа ұрпаққа тәлім –тәрбие беріп, оларды қоғамдық өмірге белсенді азамат ретінде қосудың жолдары мен айла амалдарын іздестіре бастайды. Нәтижесінде өсіп келе жатқан жас ұрпаққа тәлім –тәрбие бере отырып, оларды әлеуметтендірудің, яғни әрбір жас ұрпақты мақсатты бағытта тәрбиелеп, қоғамдық өмірге қосудың ғылыми негізделіп, жан –жақты қорытылған ондаған тұжырымдамалары пайда болды.

Олардың мазмұнында негізінен әрбір жаңа, келер ұрпақтың өмірден, қоғамдық қатынастар жүйесінен өз орнын тауып, қоғамдық өмірге бейімделіп, қалыптасатын мінез –құлықтың белгілі бір қоғами ортаға тән типінің қалыптасуының диспозиялық иерархиялық құрылысын бағымдау басты орында тұрады.

Дей тұрғанмен, түлі ғалымдар мазмұнында “әлеуметтендіру” жеке тұлғаны қоғамдық қатынастар мен талаптар негізінде тәрбиелеудің сапалы белгісі ретінде қарастырылады. Мысалы, бұл мәселе философияда “әлеуметтендіру – ғасырлар бойы жинақтаған ұрпақтан – ұрпаққа ауысып отыратын еңбек дағдыларын, білімін, этникалық нормаларын, құндылықтарын, дәстүрлерін жеке тұлғаның игеруі мен одан әрі дамуы мен оның әлеуметтік сапаларды қалыптастыру арқылы, қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу үрдісі тұрғысынан қарастырылса, ал психологиялық түсініктер сөздігінде: “жеке тұлғаны әлеуметтендіру – оның өмір үріп отырған қоғамның толыққанды мүшесі ретінде әлеуметтенуіне мүмкүндік туғызатын белгілі білім, ғылым, нормалар мен құндылықтарды меңгеру үрдісі”- деген анықтама беріледі.

Жас ұрпақты әлеуметтендіру мәселелері алғашқы монографиялық зерттеулердің алдыңғы қатарында Дж. Кольманның “Молодежное общество” (1961), А. Бондура мен В. Уолтерстің “Социальное изучение и развитие личности” (1968) тағы басқа еңбектерін жатқызуға болады.

Батыс Европалық оқымыстылардан өзгеше ресейлік ғалымдар “әлеумттендіру ” терминінің мазмұнын әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлғаның өмірлік позициясын қалыптастыру мәселелері құрайтындығына баса назар аударады. Сонымен бірге, жеке тұлғаны әлеуметтендіру тұрғысынан айқындайтын мақсатты түрдегі тәрбе үрдісін және оның қалыптасуын стихиялы ықпал ететін әртүрлі өмір тіршілігі жағдайларын қамтитынын көрсетеді[19].

Бұл мәселеге байланысты С.Конның анықтауынша “әлеуметтендіру дегеніміз индивидке әлеуметтік тәжірибені меңгерту арқылы жеке тұлға ретінде қалыптастыру үрдісі десе [20] , Я.Шепаньскийдің түсіндіруінше “әлеуметтендіру үрдісі – бұл индивидтің әлеуметтік ортаға ендірілуі, оның әлеуметтік ортаға бой ұсынуы ”[21]. Бұлардан өзгеше Г.М Андреева әлеуметтендіруді бір жағынан , тұлғаның белгілі бір әлеуметтік ортаға еніп, онда жинақталған әлеуметтік тәжірибені меңгеруін, екінші жағынан, индивид өзінің белсенді іс -әрекетінің ықпалымен әлеуметтік қарым –қатынастар жүйесінің ұдайы толықтырылып отырылуын қамтамасыз ете алуы, әлеуметтік ортаға белсенді түрде қосылуы” – деп анықтайды [22].

Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді педагогикалық тұрғыдан қарастыратын атақты педагог А.В.Сухомлинский “Ұжымды тәрбиелеу әдісі ” еңбегінде: әлеуметтендіру үрдісі ұжымның тәрбиелік күшін жетілдірудің ең маңызды екенін педагогикалық әдебиеттерден жиі оқуға болады.

Сонымен, жас ұрпақтың әлеуметтенуі дегеніміз – жас, өсіп келе жатқан әрбір баланың басқалармен қарым –қатынас және іс-әрекет барысында өзі өмір сүріп отырған қоғамда қабылданып, тұрақтанған адамгершілік сапаларымен мінез-құлық нормаларын, тәртіп ережелері мен құндылықтарды өз бойына сіңіріп, әлеуметтік тәжірибені меңгеріп қалыптасуы, өмірге бейімделуі. Жас ұрпақтың әлеуметтенуі, бір жағынан ол өмір сүріп отырған қоғамдағы әр түрлі сипаттағы факторлар мен әртүрлі өмірлік жағдаяттардың ықпалымен әсер етудің стихиялы жолымен қалыптасса, екіншіден, мақсатты тәлім –тәрбиелік жұмыстар арқылы адамгершілігі жоғары азамат, қоғамдық талапқа сай, біліктілігі сан қырлы маман ретінде қалыптасуы жүзеге асырылады.

Жеке тұлғаны әлеуметтендіруді екі фазаға бөліп қарастыруға болады. Біріншісі - әлеуметтік бейімделу, яғни жеке тұлғаның өмір сүретін ортасындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға, әлеуметтік нормаларға, әлеуметтік ұйымдар сияқты әртүрлі деңгейде құрылған қоғамға бейімделу.

Екіншісі – адамдардың жан дүниесіне әлеуметтік нормалар мен құндылықтар тағы басқа компоненттер жеке тұлғаның ішкі жан дүниесіне тәжірибелердің жетілу нәтижесінде ауысады. Жкек тұлға әлеуметтік ортаға өз бетінше өмір сүре алатын тұлға ретінде енеді[24].

Р.С.Немов әлеуметтендіруді “жеке тұлғаның қоғамдық тәжірибені үнемі белсенді түрде меңгеру үрдісі нәтижесінде жеке тұлға болып қалыптасып адамдар арасында өмірге қажетті білім , әдеп , дағдыларды , шеберліктерді меңгеріп , оны белгілі бір міндеттерді шешу барысында қолданылуы ” деп түсіндіреді.

И.С.Кон блса “әлеуметтендіру үрдісін жеке тұлғаны қалыптастырумен емес, жеке тұлғаның алған әлеуметтік бағытына оның әлеуметтік құрылымындағы ерекше орнына байланысты ” деп түсіндіреді[25]. Яғни адам дүниеге кегенде әлі негізінен биологиялық жан. Нәрестеде әлеуметтік өмір туралы әлі ешқандай түсінік жоқ, онда адамның тек мүмкүндіктері ғана бар. Нышан деп аталатын ол мүмкүндіктер басқа адамдармен қарым –қатынас жасап, қоғамдық қатынастар жүйесіне енудің нәтижесінде ғана адамдық қасиеттерге айналады. Сондықтан да К.Маркс адамның мәні , сайып келгенде, барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады деген болатын. Демек адам болып туылмайды, адам болып қалыптасабы. Адамның адам болып қалыптасуы оның физиологиялық және психикалық дамуына сәйкес табиғи нышандарының негізінде жүзеге асады. Мұнда әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, мәдени құндылықтарды меңгеру, мектеп пен жанұяда тәрбиелеу, замандастарының ықпалы сияқты факторлар шешуші әсерін тигізеді. Адамдардың бұл қалыптасу процесі әлеуметтендіру деп аталады.

А.В.Мудрик : “әлеуметтендіру екі жақты процесс . Бір жағынан тұлға өзі мүше болып саналатын әлеуметтік топ пен қоғамның әлеуметтік тәжірибесін, құндылығын, нормаларын меңгерсе, екінші жағынан, әлеуметтік тәжірибемен әлеуметтік байланыс жүйесін белсенді меңгереді[26].

Тәрбие әлеуметтік үрдістің бір бөлігі ретінде даму үрдісін практикалық іс-әрекетте, ойынға енгізу негізінде мақсатты бақарады. Әлеуметтік шығармашылыққа балалардың өзін жеке тұлға екенін сездіретін түрлі іс-әрекеттер арқылы жағдай жасау, өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қабілеті мен қызығушылығын дамытуы қажет.Сонымен қоғам мен жеке тұлға қызығушылығының үндестігін қамтамасыз ету керек. Яғни, әлеуметтендірудің педагогикалық аспектісі –жеке тұлғаның әлеуметтік жағынан жетілдірудің тиімділігін көтеру мақсатындағы педагогикалық ықпалын қарастырады. Бұл тұрғыдан Т.Н.Мальковскаяның зерттеулерін айтуға болады. Ол әлеуметтендіруді жас ұрпақты өмірге дайындау дей отырып жеке тұлғаның әлеуметтенуі қоршаған орта мен адамдар арасындағы қарым –қатынас жүйесі сияқты маңызды факторлардың ықпалымен жүреді.

Балалалдың жеке тұлғасын әлеуметтендіруге бағытталған педагогикалық жұмыстың негізгі мақсаты қандай? Біздің пікірімізше, балалар ұйымының жұмысында әлеуметтік жұмысқа дайындау. Осы мақсаттан шығатыны балалар ұйымы жұмысында балалардың жеке тұлғасын, әлеуметтендіру ерекшелігін айқындауға болады.


  1. мемлекеттік әлеуметтік институттар мен балалар ұйымдарының ара қатынасы балаларды болашақтағы әлеуметтік қатынастарға сілтейді;

  2. балалардың жеке тұлғалық ерекшелігі, қызығушылығы мен қажеттіліктерін есепке ала отырып, олардың әлеуметтік қатынастарға өз еркімен қатынасуы әлеуметтендіруді жүзеге асыруға мүмкүндік береді;

  3. ұйымда балалардың әлеуметтік тәжірибені меңгеруі олардың үлкендермен қарым – қатынасы мен олардың бағалауын есепке ала отырып жүзеге асырылады.

Жоғарыда көрсетілгендей балалар ұйымдарының өзіндік әлеуметтік орны болуы керек. Ұйымдардың болашақ мақсаты - өз мүмкүндіктерінің жалғасын таба білуі, балалар қызығушылығымен жұмыс жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет