Садирбекова динара калымбековна



Pdf көрінісі
бет56/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

1. Шағын курстардың дәріс семинарлары ұйымдастырылды және өткізілді. 
Соның бірінен мысалдар келтіріп өтейік «Білім беру ортасын жобалау» дәрісінің 
негізгі мақсаты – қазіргі заманғы оқу ұйымдарының білім беру ортасын жобалау 
және жабдықтау туралы ақпаратты жүйелеу. Осы дәрістерді меңгеру барысында 
студенттер кәсіптік мектептерде білім беру ортасын дамытудың негізгі 
бағыттарын, жеке ғимараттар мен оқу орнының құрылымдық компоненттерін, 
жабдықтармен оқыту семинарларын, зертханалар мен кеңселер стандарттарын, 
оқу мен оқу-әдістемелік мүмкіндіктеріне қойылатын негізгі талаптар, оқыту 
нысандары мен дербес өндірістік, қауіпсіздік мәселелері, санитарлық-
гигиеналық кабинеттердің жабдықтары мен жабдықтарға арналған техникалық 
талаптарды игереді. Нәтижесінде студенттер оқу орнының білім беру ортасын 
ұйымдастырудың үздік нұсқаларын табуға, білім беру және өндірістік процестің 
ұтқыр және өзгермелі кеңістіктік ортасын құру бойынша мақсатты жұмыс 
жүргізуге үйренеді. 
«Білімдегі ақпараттық технологиялар» дәрісін игеру олардың ақпараттық 
технологиялар тұжырымдамаларын қорытуды қамтамасыз етеді; студенттерді 
тарихты, кәсіби білім беруді ақпараттандыру қағидаларын, білім беру 
ұйымдарында 
компьютерлік 
техниканы, 
видеотехниканы 
және 
коммуникацияны пайдаланудың негізгі бағыттары мен білім беруді басқару 
жүйесімен таныстырады. Оқудың негізгі мақсаты – студенттерге білім беру 
материалдарының фрагменттерін немесе Power Point бағдарламасының 
көмегімен негізгі оқу бағдарламаларының мазмұнын ұсынуға, қалыптасқан 
ұғымдарды түсіну, зерттелетін технологиялық объектілердің көрінісі, суреттері 
және т.б. үйрету. 


107
«Шығармашылық – ғылым – ғылыми зерттеулер» дәріс семинары 
мұғалімнің ғылыми басқарудағы шығармашылық әлеуетін дамытады.
2. Оқу жоспарынан тыс практика (эксперимент тұрғысынан) 
оқушылардың мектептегі оқудан тыс үйірме сағаттары есебінен өткізілді. Оқу 
жоспарынан тыс практиканың мақсаты – болашақ педагогтардың оқушылармен 
өзара әрекеттестікке түскенде басқарушылық дағдыларын дамытуға ықпал ету. 
Оқу жоспарынан тыс практика аптасына бір рет 2 сағат барлығы 32 сағат 
көлемінде жүргізілді. Сағат екі бөлімнен тұрды, бірінші бөлім – жобалық іс-
әрекет сабақ өткізіледі. Екінші бөлім – оқушылармен оларды қызықтыратын 
тақырыптарында әңгімелесу, біргелікте серуендеу, мұражайға, театрға, 
концерттік бағдарламаларға бару, оның нәтижелерін талдау, ой бөлісу, 
қорытындылау, эссе жаздыру және т.б. Осы сабақтар арқылы олардың сабақты, 
сынып ұжымын, оқушы тұлғасының дамуын басқару тиімді болады.
Экспериментке «5В011000 – Физика», «5В011700 – Қазақ тілі және 
әдебиеті»мамандықтарындағы студенттер қатысқандықтан олардың мектепте 
оқушылармен жүргізілген жобалық іс-әрекет сабақтары, физика саласынан 
жобалық іс-әрекет, қазақ тілінен жобалық іс-әрекет, қазақ әдебиетінен жобалық 
іс-әрекет болып үш топқа бөліп оқытылды. Оқушылар сабақты меңгеру 
нәтижесінде «Латын әліпбиін үйрену ерекшеліктері», «Әдепті сөздер әлемі», 
«Шешендер шешкен даулы мәселелер», «Түркі ғұлама ойшылдары 
еңбектеріндегі басқару туралы ой-пікірлер», «Күн энергиясын пайдалану», 
«Баламалы энергия көздерін алу жолдары», «Робототехниканың даму 
перспективалары» және т.б. тақырыптар бойынша жобалар қорғады.
Болашақ педагогтардың оқу жоспарынан тыс педагогикалық практикасы 
төрт кезеңнен тұрды: 1) практикаға даярлық (кеңес, жеке жұмыс жоспары, 
күнделік, сабақ және тәрбие жұмысының сценарийлері және т.б.); 2) білім 
алушылардың практика алдын ала қорғауы (есеп); 3) Білім алушылардың 
практика қорғауы (есеп); 4) практиканың қорытынды конференциясы (баяндама) 
және негізгі әдістемелік принциптері өзін-өзі бақылау, өзара бақылау жеке кеңес 
алу, түзету болып табылады.
3. Педагог-менеджер үйірмесінің жұмыстары сабақтан тыс уақытта 
жүргізілетін университетте және мектепте өткізілетін тәрбие іс-шараларын 
(бұқаралық мәдени шаралар, демалыс күнін тиімділікпен өткізу, спорттық 
жарыстар, байқаулар және т.б.) ұйымдастыру және өткізуден тұрады. Мектеп 
оқушыларымен бірлестікте бір тәрбие іс-шарасын ұйымдастыру осы үйірменің 
қорытынды кезеңі болып табылады. Оны ұйымдастыру мен өткізу сценарийі 
үйірме сағатында талданады. Тәрбиелік іс-шара сценарийі мақсат қою, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет