Садирбекова динара калымбековна



Pdf көрінісі
бет55/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

 
«Бағалаудың өлшемдік технологиялары» курсына қосымшада (кесте 12) 
студенттер оқушылардың оқу жетістігін бақылау және бағалауды 
басқарутехнологияларын жасау, пайдалану, сынақтан өткізу үдерісін зерттеуді 
үйренеді. Қалыптастыру және жиынтық бағалауды басқаруды ұйымдастыруда 
оқушымен, ата-анамен, пән мұғалімдерімен өзара әрекеттестікке түседі, 


103
басқарушылық құзыреттілігінің танымдық, зияткерлік, коммуникативтік білім, 
білік, дағдыларын дамытады. Осы мақсатта қосымшада студенттердің 
меңгеруіне арналған бірқатар тақырыптар ұсынылады: Мұғалімнің пән 
мазмұнын жетік меңгеру себептері мен салдарлары. Оқушының тұлғасын, 
сыныптың ұжымын, сабақ үдерісін басқаруға мұғалімнің педагогикалық білім, 
білік, дағдыларының қалыптасуы қажеттілігі. Жаңартылған білім беру мазмұны 
жағдайында оқушылардың оқу жетістігін бағалауды басқару. Осы бағытта 
оқушылармен, ата-аналармен, пән мұғалімдерімен біргелікте атқарылатын іс-
әрекеттерді алдын ала жоспарлау, ұйымдастыру, нәтижелерін талдау, түзетулер 
енгізу. Оқушының қалыптастыру және жиынтық бағалауға мотивациясын 
дамыту. Мұғалімнің оларға, ата-анасына бағалау ерекшеліктері бойынша 
түсіндіру, ақыл-кеңес беру жұмстарын басқару. Мұғалімнің басқарушылық 
құзыреттілігінің зияткерлік құрамының қалыптасуы. Оқу нәтижелерін талдау, 
салыстыру, бағалау, қорытындылау, рефлексия, түзетулер енгізу және т.б. 
Мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінің танымдық білімдері мен зияткерлік 
біліктерінің, коммуникативтік іскерліктерінің мазмұны. Олардың оқушының іс-
әрекетін бағалаудағы маңызы. Мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінің 
коммуникативтік құрамының қалыптасуы. Мұғалім мен оқушының 
өзараәрекеттесу 
принциптерінің 
бағалаудағымаңыздылығы. 
Мұғалімнің 
оқушының оқу жетістігін бағалауды басқарудағы білім, білік, дағдылары.
Мұғалімнің оқушының оқу жетістігін бағалауын өзін-өзі басқаруын тәрбиелеуі. 
Осы тұрғыдан автордың авторлық бірлестікте жарық көрген «Оқыту 
нәтижелерін бағалаудың жаңаша әдістері» атты оқу құралында да осы ой 
толықтырыла түседі [196]. 
 «Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсына қосымшаларда 
оқушының тұлғасын басқару, оның бойында көшбасшылық сапаларды 
қалыптастыру, оларды айқындаудағы дидактикалық әдістемелер, өзін-өзі 
басқару, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі жетілдіру бағытындағы іс-шаралар 
түрлері, оларды жоспарлау, ұйымдастыру, өткізу, сараптама жасау, қателіктерін 
түзету және т. б іскерліктері мен дағдылары қалыптасатын теориялық білімдер 
меңгертіліп, практикалық тапсырмалар ұсынылды. Осы қосымшада (кесте 12) 
13 тақырыпқа қосымша мазмұн жасалды, атап айтқанда: Оқушы тұлғасының 
дамуын басқару. Оқушының тұлғалық ізігілік қасиеттерінің дамуын бақылау, 
мониторингілеу, бағалау, түзетулер енгізу, дамуына ықпал ету. Сыныпты, сынып 
ұжымын басқару. Сыныптың ұйымшылдығын, командада жұмыс істеу 
қабілеттерін, 
бір-біріне 
сыйластық 
қасиеттерін, 
толеранттылығын, 
коммуникативтік іскерліктерін дамыту. Сыныптың тәрбие жұмысын басқару 
ерекшеліктері. Оқушының жеке қабілеттерінің дамуын диагностикалау. 
Сыныпты дамыту бағыттарын болжау, жобалау, стратегиялық жоспарлар құру. 
Жеке және топтық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау. Ата-
аналармен өткізілетін іс-шаралардың бағыттарын анықтау. Оқушылардың 
ұжымын қалыптастырудың стратегиясын анықтау, мақсат қою, болжау, 
бағыттарын жобалау, жоспарлау, ұйымдастыру, рефлексиялық басқару, 
бақылау, бағалау, түзетулер енгізу. Оқушының тәрбиесін басқару ұстанымы, 


104
мақсаты, принциптері, бағыттары, мазмұны,формалары, құралдары. Оқушының 
тәрбиесін басқарудағы демократиялық, гумандылық, жеке тұлғалық, қоғамдық, 
ұйымдық және т.б. Қиын балаларды басқару технологиясы: диагностикалау, 
себептерін айқындау, дамыту бағыттарын анықтау, мақсат қою, болжау, 
жоспарлау, ұйымдастыру, жұмыс түрлерін, орнын, формасын, құралдарын 
анықтау, бақылау, бағалау. Өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі 
жетілдіру рефлексиясын дамыту. Балалардың дарындылығын айқындау 
әдістемесі. Дарындылығын дамыту әдіс-тәсілдері, формалары, құралдары. 
Дарынды балалардың танымдық және өзіндік іс-әрекеттерін дамытуды басқару 
ерекшеліктері. Оқушының жеке тұлғасын, соның ішінде денсаулығын дамытуды 
басқару: болжау, мақсат қою, іс-шаралардың мазмұнынын алдын-ала жарты жыл 
бұрын жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және т.б. Оқушының жеке тұлғасын 
дамытуды басқарудың үлкен бір бағыты мамандыққа бейімдеу, табысты өмір 
сүруді үйрету, еңбек ету арқылы білім алу қажеттілігін санасына сіңіру. Осы 
мақсатта жүргізілетін іс-шараларды алдын-ала жобалау, жоспарлау, 
ұйымдастыру. Оқушының тұлғасын, сынып ұжымын, сабақты басқарудағы 
мұғалім мен ата-ананың серіктестігін орнату. Олардың іс-әрекетін 
ықпалдастыруды жобалау, ұйымдастыру. Мұғалімнің ата-анамен жұмыс 
жүргізудегі коммуникативтік мәдениеті. Оқушының тұлғасы, сыныптың 
ұжымын дамуындағы бастамашылдықтың орны мен рөлі. Оны басқарудағы 
мұғалімнің алдына қойған стратегиялық бағыты мен оның орындалуындағы 
ерекшеліктер. Оқушының тұлғасын, сыныптың ұжымын, сабақ үдерісін 
басқарудағы диагностика түрлері және олардың қолданылуы. Тәрбие үдерісін 
ғылыми негізде басқару принциптері, мақсаты, мазмұны оны жүзеге асыру 
формалары мен әдіс-тәсілдері. 
Кесте 13 - Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінің бағдарламасына 
қосымша 
Тақырыптары 
Бағдарламаның мазмұнына қосымша
тақырыптар 


1-тақырып: Тәрбие үдерісі 
– тұтас педагогикалық 
үдерістің құрамды бөлігі 
Оқушы тұлғасының дамуын басқару. Оқушының тұлғалық 
ізігілік қасиеттерінің дамуын бақылау, мониторингілеу, 
бағалау, түзетулер енгізу, дамуына ықпал ету.
3-тақырып: Сынып 
жетекшісінің тәрбиелік іс-
әрекетінің жүйесі 
Сыныпты, сынып ұжымын басқару. Сыныптың 
ұйымшылдығын, командада жүмыс істеу қабілеттерін, бір-
біріне сыйластық қасиеттерін, толеранттылығын, 
коммуникативтік іскерліктерін дамыту.
4-тақырып: Мектепте, 
сыныпта тәрбие 
жұмыстарын жоспарлау 
Сыныптың тәрбие жұмысын басқару ерекшеліктері. 
Оқушының жеке қабілеттерінің дамуын диагностикалау. 
Сыныпты дамыту бағыттарын болжау, жобалау, 
стратегиялық жоспарлар құру. Жеке және топтық тәрбие 
жұмыстарын ұйымдастыруды жоспарлау. Ата-аналармен 
өткізілетін іс-шаралардың бағыттарын анықтау.


105
13 - кестенің жалғасы 


5-тақырып: Оқушылар 
ұжымын 
қалыптастырудағы тәрбие 
жұмысының ерекшеліктері 
Оқушылар ұжымын қалыптастырудың стратегиясын 
анықтау, мақсат қою, болжау, бағыттарын жобалау, 
жоспарлау, ұйымдастыру, рефлексиялық басқару, бақылау, 
бағалау, түзетулер енгізу. 
7-тақырып. Қазіргі таңдағы 
оқу-тәрбие үдерісіндегі 
тәрбие технологиясы 
Оқушының тәрбиесін басқару ұстанымы, мақсаты, 
принциптері, бағыттары, мазмұны, формалары, құралдары. 
Оқушының тәрбиесін басқарудағы демократиялық, 
гумандылық, жеке тұлғалық, қоғамдық, ұйымдық және т.б. 
8-тақырып. Сынып 
жетекшісінің қиын 
балалармен жұмыстарының 
жүйесі 
Қиын балаларды басқару технологиясы: диагностикалау, 
себептерін айқындау, дамыту бағыттарын анықтау, мақсат 
қою, болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, жұмыс түрлерін, 
орнын, формасын, құралдарын анықтау, бақылау, бағалау.
Өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі жетілдіру 
рефлексиясын дамыту 
9-тақырып: Дарынды 
балалармен жүргізілетін 
тәрбие жұмыстарының 
жүйесі 
Балалардың дарындылығын айқындау әдістемесі. 
Дарындылығын дамыту әдіс-тәсілдері, формалары, 
құралдары. Дарынды балалардың танымдық және өзіндік 
іс-әрекеттерін дамытуды басқару ерекшеліктері. 
10-тақырып: Оқушылардың 
денсаулық пен салауатты 
өмір салтына құндылық 
қатынасын 
қалыптастырудағы сынып 
жетекшісінің іс-әрекеті 
Оқушының жеке тұлғасын, соның ішінде денсаулығын 
дамытуды басқару: болжау, мақсат қою, іс-шаралардың 
мазмұнынын алдын-ала жарты жыл бұрын жоспарлау, 
ұйымдастыру, бақылау және т.б. 
11-тақырып. 
Оқушылармен жүргізілетін 
кәсіби бағдар беру 
жұмыстарының әдістемесі 
Оқушының жеке тұлғасын дамытуды басқарудың үлкен бір 
бағыты мамандыққа бейімдеу, табысты өмір сүруді үйрету, 
еңбек ету арқылы білім алу қажеттілігін санасына сіңіру.
Осы мақсатта жүргізілетін іс-шараларды алдын-ала 
жобалау, жоспарлау, ұйымдастыру. 
12- тақырып. 
Оқушылардың ата-
аналарымен педагогикалық 
әрекеттестік технологиясы 
Оқушының тұлғасын, сынып ұжымын, сабақты 
басқарудағы мұғалім мен ата-ананың серіктестігін орнату. 
Олардың іс-әрекетін ықпалдастыруды жобалау, 
ұйымдастыру. Мұғалімнің ата-анамен жұмыс жүргізудегі 
коммуникативтік мәдениеті. 
13-тақырып: Балалар мен 
жасөспірімдердің 
бастамашылдығын 
дамытудағы тәрбиелік 
жұмыстар 
Оқушының тұлғасы, сыныптың ұжымын дамуындағы 
бастамашылдықтың орны мен рөлі. Оны басқарудағы 
мұғалімнің алдына қойған стратегиялық бакғыты мен оның 
орындалуындағы ерекшеліктер.
14-тақырып. Тәрбие 
жұмыстарының нәтижесі 
мен тиімділігінің 
диагностикасы 
Оқушының тұлғасын, сыныптың ұжымын, сабақ үдерісін 
басқарудағы диагностика түрлері және олардың 
қолданылуы
15-тақырып. Тәрбие 
үдерісін ғылыми-
әдістемелік 
қамтамасыздандыру 
Тәрбие үдерісін ғылыми негізде басқару принциптері, 
мақсаты, мазмұны оны жүзеге асыру формалары мен әдіс-
тәсілдері 


106
Сонымен жоғарыда берілген «Педагогика» пәні бойынша 8 тақырыпқа, 
«Білім берудегі менеджмент» – 8, «Тәрбие жұмысының теориясы мен 
әдістемесі» –13, «Бағалаудың өлшемдік технологиялары» – 8 тақырыпқа 
жасалған пәндер мазмұнының қосымшаларын оқыту негізінде студенттердің 
білім берудегі басқару саласынан, соның ішінде болашақ педагогтың
басқарушылық 
құзыреттілігінің 
құрамы 
(тұлғалық, 
педагогикалық, 
менеджерлік) туралы, оқушының дамуын басқару, сыныпты басқару, сабақты 
басқарудың ұстанымдары, атқаратын қызметі, ерекшеліктері, кезеңдері және т.б. 
туралы теориялық білімдері кеңейтілді, басқару іс-әрекетіндегі іскерліктерінің 
дамуына ықпал етті. Осы меңгертілген теориялық білімдері мен іскерліктері 
болашақ 
педагогтардың 
басқарушылық 
құзыреттілігін 
қалыптастыру 
әдістемесінің жобалаушылық кезеңінде педагогог-менеджер үйірмесінің 
аясында және педагогикалық практика барысында практикалық дағдыларының 
қалыптасуымен бекітілді. 
Педагог-менеджер үйірмесі аптасына бір рет академиялық 2 сағат көлемінде 
өткізілді. Үйірменің негізгі мақсаты – болашақ педагогтардың білім берудегі 
басқару іс-әрекеті саласынан теориялық білімдерін бекіту және практикалық 
дағдыларын дамыту. Осы мақсатқа сәйкес үйірме жұмысы үш бағыттан тұрды
1) шағын курстар; 2) оқу жоспарынан тыс мектеп практикасы; 3) студенттердің 
өзін-өзі басқару саясаты аясында тәрбие іс-шаралары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет