Садирбекова динара калымбековна


Қорғауға ұсынылатын қағидалар



Pdf көрінісі
бет8/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

Қорғауға ұсынылатын қағидалар 


13
- Басқарушылық құзыреттілік басқару шешімдерін қабылдауды қамтамасыз 
ететін кәсіби-тұлғалық қабілеттер мен басқару білім, білік, дағдыларының 
кіріктірілген 
жиынтығы. 
Ал, 
болашақ 
педагогтың 
басқарушылық 
құзыреттілігідегеніміз оның оқушы тұлғасының дамуын, сыныпты, сабақ 
үдерісін басқару іс-әрекетін қамтамасыз ететін тұлғалық қабілеттерінің, 
педагогикалық және менеджерлік білім, білік, дағдыларының кіріктірілген 
жиынтығы. 
- Педагог-менеджер демократиялық стильдегі, ізгілікті бағыттағы, әдіскер, 
сарапшы, басқарушы, орындаушы, эмоционалдық реттеуші, шешен, шебер 
рөліндегі; тұлғалық, педагогикалық, менеджерлік құзыреттерге ие пән мұғалімі. 
- Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың 
құрылымдық моделі мақсаттық, технологиялық, ұйымдастырушылық және 
өлшемдік құрамдас бөліктерінің бірлігін, оған сәйкес өлшемдер мен 
көрсеткіштерді қарастырады.  
-Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудағы 
педагогикалық мүмкіндіктерді жасау және теориялық тұрғыда негіздеу; кәсіби 
педагогикалық, менеджерлік білімдермен қаруландыратын базалық міндетті 
пәндердің (Педагогика, Білім берудегі менеджмент, Тәрбие жұмысының 
теориясы мен әдістемесі); бейіндік міндетті пәннің (Бағалаудың өлшемдік 
технологиялары) бағдарламаларының мазмұнына қосымшалар; іскерліктерін 
қамтамасыздандыратын «Педагог-менеджер» үйірмесі мен аудиториядан тыс іс-
шараларды жүргізу, оларды оқу және оқудан тыс іс-әрекеттердің кіріктірілуінде 
жүзеге асыру студенттердің басқарушылық тұрғыдан жан-жақты дамуына 
тиімді ықпал етеді.
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру 
кезеңдермен (рефлексиялық, танымдық, жобалаушылық) жүзеге асырғанда 
нәтижелі болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет