18
ХХ ғасырдың бастапқы кезінде пионерлердің басқарушылық қабілеттерін
қалыптастыру мәселелерін қарастырушы жұмыстар пайда болды. Осылайша,
В.П.Вахтерев «Жаңа педагогика негіздері» атты өз жұмысында педагог-
басқарушылар
рөлін ерекше атап, олар топ бағытын анықтап және оның
мүшелерін өз көңіл күйімен ынталандыру тиістігін көрсетеді [14].
Бұл кезеңге сәйкес зерттеулерде А.С.Залужный жұмыстары аса
қызығушылық тудырады, олар тұлға басқарушылық сапаларын қалыптастыру,
лидерді тәрбиелеу мәселесіне арналған. Автор педагог-басқарушының
белсенділік, сана даму деңгейінің жоғарылығы сынды қабілеттерді ерекшелейді
[15].
Педагогтың басқарушылық іс-әрекеті К.Д.Ушинский еңбектерінде көрініс
тапқан. Оның пікірінше, басқарушы администратор және педагог болуы керек.
К.Д. Ушинский ерекше назарды басқарушы тұлғасына, педагогқа , оның кәсіби
деңгейіне, еңбекқорлық, табандылық, патриотизм, ізгілік, мейірімділік, тәртіпке
бағына білу сияқты қабілеттеріне аударған. Аталған бұл қабілеттерді ғалымның
пікірінше, халықтық принцип негізінде тәрбиелеу қажет [16].
ХХ ғасырдың 30-жылдары басқарушылық іс-әрекет лениндік басқару
ұстанымы негізінде құрылған. Осы кезеңде басқарушыларды дайындауға
арналған көптеген мектептер ашылды. Мұғалімге деген қарым-қатынас түрі
өзгерді: бұл өте сауатты, саяси тұрғыда білімді қоғам мүшелері болды. Мұғалім
бала
тәрбиесімен айналысып, мемлекет болашағын құрды. Ол оқыту мен
тәрбиелеу іс-әрекеттерін сауатты орындауға міндетті болды, кәсіби негізде
оқыту, тәрбиелеу, ағартушылық және басқару қызметтерін орындау қажеттігі
туындады.
Басқарудағы әкімшілік-классикалық мектеп (1920-1950 ж.ж.). Негізін
салушы А.Файоль – француздың ірі компаниясын басқарушы. Л.Урвик, Д.Мунк,
Э.Реймс, О.Шелдон, Джеймс Мони оның ізбасарлары болды. Олардың
ерекшелігі – басқарудың әлеуметтік аспектілеріне көп көңіл бөлген жоқ. Осы
мектептің жасауымен басқарудың әмбебап қағидасы құрылды.
Бұл екі негізгі
аспектіні – ұйымды басқарудың рационалды жүйесін; жұмысшыларды
басқарумен ұйымның құрылымын жасауды қамтиды [12, б.34].
Адамдар арасындағы қарым-қатынас мектебінің (1930-1950ж.ж.) негізі
салынды (М.П. Фоллет, Г.Мюнстерберг, М.Вебер, Э.Дюрнгейм,Гелтон Мейо).
Бұл мектеп кейін жүріс-тұрыс, адамның мінез-құлқынзерттейтін ғылым болып
есептелді. Менеджментті – басқа адамныңкөмегімен жұмысты орындауын
қамтамасыз ету деп түсіндірді. Олардың ғылымға қосқан үлесі –адамзат
ресурстарының тиімділігін өсіру арқылы ұйымның, басқарудыңнәтижелігін
арттыру фактілерін тұжырымдады [12, б.45].
1930 жылдан түрлі қоғамдық ұйымдар мен үйірмелер ашыла бастады,
олардың бағыттары: болып санитарлы-ағартушылық,
қоғамдық-еңбек,
спорттық, мәдени-қауымдық және т.б. саналды. Бірте-бірте бұл бағдарламаларға
басқару элементтері ендіріле бастады. 1960 жылдан лидерлерді даярлауға
арналған, басқарушылық қабілетті дамытушы мектептер ашыла бастады.
Н.К.Крупская және А.С.Макаренко ұйымдастырылған басқарушылық іс-
19
әрекетті игеру маңыздылығын атап өткен. Олар білім алушылардың іс-әрекетін
ұйымдастыру мен басқару біліктіліктерінің маңыздылығына аса көңіл бөлген.
ХХ ғасырдың 50-жылдары Н.К.Крупскаяның «Мектептегі өзіндік басқару және
еңбекті ұйымдастыру» деген атпен мақаласы жарық көреді. Онда автор өзіндік
басқарудың маңызды қызметін ерекшелейді – білім алушылар бойындағы
ұйымдастырушылық, басқарушылық біліктіліктерді дамыту, яғни басқару
біліктіліктері, ұжымды басқару. Ғалым бұл біліктіліктерді төмендегідей әдістер
арқылы дамытуға болады деп пайымдаған – ойын, практикалық сабақтар, еңбек
мектебінің формалары, өзіндік басқару [17, с.71].Сонымен, ғылыми
басқарушылық теориясы және «басқару», «менеджмент» түсініктерінің
анықтамалары пайда болды. Бұл кезең ерекшелігі болып басқару үдерісінің
идеологиясы, басқару принциптерінің басымдылығы танылды. Үшінші
деңгей
басқарушылар тек партия аясында дайындалды. 1950-1990 жж. ғалымдар
оқушылардың, студенттердің өзіндік басқаруына және педагог тұлғасының
әлеуметтік белсенділігіне баса назар аударды. ХХ ғасырдың 50-жылдары
партияның басқарушы мамандарына жоғары партиялық және комсомолдық
мектептер ашылды, онда мақсатты түрде басқарушылық қызмет үшін педагог
мамандарды даярлады. Мысалы, олардың қатарында партия, комсомол
ұйымдарын, аудандық және республикалық мектептерді, жастар газетін және т.б.
атап өтуге болады. Осы мектептерге коммунистік комитет ұсынысымен
ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттерін танытқан жастарды алды.
ХХ ғасырдың 60-жылдары өзіндік басқару мәселесін Н.М.Изосимов,
В.М.Коротов, П.Т.Фроловтар зерттеген. Н.М.Изосимов
өзіндік басқаруды
педагог және білім алушылардың ұйымдастырушылық және басқарушылық
тұлға қабілеттерін дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырған [18, с.16].
Біз аталған ғалымдармен келісе отырып, өзіндік басқарудың тәрбиелік мәні
зор екендігін атап өтеміз, өйткені тәрбиеленушілер өз ұжымында
ұйымдастырушылар бола тұрып, әлеуметтік өмірге бейімделуге қажетті бірқатар
басқарушылық қабілеттерге ие болатындығын айта кету керек.
80-жылдары көпқызметті педагогикалық іс-әрекетке даярлық мәселесіне,
сәйкесінше басқарушылық іс-әрекетке назар бөлінді. Бұл кезеңде тәрбие
жұмысы бойынша әдіскерлерді дайындады, олардың базалық
кәсіби іс-әрекеті
ұйымдастырушылық-басқарушылық
іс-әрекет
болды.
Бұл
жылдары
А.Н.Лутошкин және Л.И.Уманскийдің «Жоғары сынып оқушыларынына
арналған ұйымдастыру жұмыстарының негіздері», «Комсорг жұмысын
ұйымдастыру», «Оқушының іс-әрекетін ұйымдастыру психологиясы» атты
кітаптары шықты.Л.И.Уманский білім алушылар топтарында лидерлікке
ынталандыру мәселесімен айналысқан. Басқарудағы сандық әдістер мектебі
(1950 ж. – осы кезеңге дейін). Бұл мектептің сіңірген еңбегі негізгі
операцияларды зерттеу әдістемесінен тұрады. Бұл әдістің дамуына
компьютерлік технология дамуы түрткі болды. Өз принциптерін жасауда
математикалық, статистикалық мәліметтерді қолдады (Фрейдрих Тейлор). Бұл
мектептің жұмыстарының нәтижесінде басқару моделі жасалды.
Осы моделді
қолдану нәтижесінде күрделі басқару мәселесі терең зерттелді. Ұйымдағы