Садирбекова динара калымбековна



Pdf көрінісі
бет13/74
Дата18.05.2022
өлшемі2.32 Mb.
#457039
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74
Болашақ педагогтардың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру-Дис-2018

Төртінші, педагогикалық менеджменттің даму кезеңі (ХХ ғасырдың 80-
90). ХХ ғасырдың 90-жылдары педагогикалық мамандықтарға зерттеуші
студенттік ортадағы лидерлікті дамыту тұрғысынан аса көңілбөлінді. 
Педагогикалық білім беру мекемелерінде студенттер бойында лидерлік 
сапаларды дамыту бойынша тренингтер, бағдарламалар қолданылды. Ол 
бағдарламалар мақсаттары білім алушыларды белсенді әрекеттерге, өзіндік 
жетілуге, өз болашағын жоспарлауға бағытталды. Бағдарламалар лидерлерді 
даярлауға ынталандырды, яғни ұжымда беделге ие білім алушыларды 
ынталандыру, ол бағдарламалар екі бөлімнен, біріншісінде тұлғаның лидерлік 
қабілеттерін анықтауға арналған психологиялық тесттер, ал екінші бөлімде 
лидерлік қабілеттерді дамытуға арналған жаттығулар мен ойындардан тұрды. 
Педагогикалық менеджмент мәселесі Т.И.Шамова, Ю.А.Конаржевский, 
М.М.Поташник, П.И.Третьякова жұмыстарында көрініс тапты [19].Білім беру 
үдерісінде оқытушылар мен білім алушылар арасында субъект-субъектілі 
қатынастар дамыды, ол тұста педагог және білім алушылар арасында өзара 
әрекеттестік пен ынтымақтастық орын алды. Педагог іс-әрекеті басқарушылық 
сипатта болды. Бүгінгі күн педагогі әдіскер, бақылаушы, басқарушы қызметін 
атқарады. Ол өз әрекетін және білім алушылар іс-әрекетін басқара алады. 
Студенттік ортадағы лидерлікті дамыту мәселелерімен айналысушы отандық 
және ресейлік ғалымдар сәйкес қабілеттерді тек сабақтан тыс уақытта емес, түрлі 
пәндер аясында да дамытуға болатындығын айтады. Ол үшін бұл мүмкіндіктерге 
педагог мамандар өздері ие болулары қажет, себебі басқарушылық қабілеттері 
бар педагогтар, өз кезегінде белгілі деңгейде «идеал», «эталон» болады, білім 
алушылар іс-әрекетін ұйымдастыруға қабілетті болады. 
Бесінші, қазіргі ХХІ ғасыр кезеңі (2000 жылдан - бүгінгі күнге дейінгі кезең). 
Соңғы біз белгілеп өткен кезеңде педагогикалық-психологиялық ғылымда 
көптеген диссертациялық жұмыстар орындалған, олардың аясында лидерлік
басқарушылық әлеует мәні айқындалған, лидерлік сапалардың жіктемелері мен
сипаттамалары берілген, лидерлік қабілеттерді тиімді қалыптастырудың 
педагогикалық шарттары көрсетілген, басқарушылық іс-әрекетке даярлықты 
қалыптастыру 
мәселелер 
қарастырылған. 
Е.Ю.Зимина 
жұмысында 
педагогикадағы басқару практикасының тарихи аспектілері қарастырылған,
болашақ педагогтың басқарушылық құзыреттіліктерін мәселелері көтерілген. 
Ғалым пікірінше, оқу-тәрбие үдерісінде басқарушылық ойындар, кейс-стади, 
практикалық басқарушылық міндеттерді шешу және т.б. интерактивті 
технологиялар қолданылса, басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыру тиімді 
болады [20].Бұл туралы автордың өзінің жарық көрген мақаласында да кеңінен 
айтылады [21].Осы кезеңде білім берудегі менеджмент саласының дамуына 
назар аударылды. ТМД елдерінде жоғары оқу орындарында «білім берудегі 
менеджмент» мамандығы бойынша кәсіби мамандар даярлана бастады. 
Қазақстанда жоғары оқу орындарындағы бакалавриаттың педагогикалық 
мамандықтардың оқу жоспарына «Білім берудегі менеджмент» атты арнайы пән 


21
енгізілді. «Педагогика және психология» мамандығы бойынша бакалавриатта, 
магистратурада «Білім берудегі менеджмент» мамандануы ашылды (Әл-фараби 
атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазмемқызПУ, ПМПУ және т.б.). 
2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-нде аталған 
мамандық 
аясында 
магистратурада 
«Білім 
берудегі 
менеджмент» 
эксперименттік білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Осы кезеңде 
отандық ғалымдар білім беру саласындағы басқару мәселесін зерттеуге баса 
көңіл бөле бастады (кесте-1). Осы тұста айта кететін жайт Қазақстанда басқару 
ұғымына қатысты практикалық маңыздылыққа ие жұмыс 1990 жылы жарық 
көрген «Мектеп директоры басқарушылық іс-әрекетін жетілдіру» атты 
К.Д.Каракуловтың әдістемелік нұсқаулығы, оның аясында қоғамды 
демократизациялау жағдайында жалпы білім беру мектептеріндегі басқаруды 
жетілдіру мәселелері қарастырылған [22]. 1997 жылы Д.Р.Принбекованың 
«Мектеп басшыларын жаңаша басқаруға даярлау» еңбегі жарық көрді.
Кесте 1 - Қазақстандық ғалымдардың білім беру саласындағы басқару мәселесіне 
қатысты зерттулері (1997-2017 жж.) 
Аты - жөні 
Зерттеу тақырыбы 
Қорғау жылы 



Н.А.Абишев
Қазақстанның қазіргі заманғы мектебін реформалауда 
инновациялық 
мектептердің 
педагогикалық 
ұжымдары мен білім берудегі басқару органдары 
арасындағы өзара әрекеттестіктің ғылыми негіздері
2001 
Г.З.Адильгазинов Шағын жинақты мектепте мұғалімнің педагогикалық 
үдерісті басқаруын жетілдірудің теориялық негіздері 
2002 
А.К.Рысбекова
Гимназияда 
ғылыми-әдістемелікжұмыстарды 
басқарудың педагогикалық негіздері 
2002 
А.Туксанбаев
Басқарушы 
мамандардың 
біліктілігін 
көтеру 
жүйесінде мектеп директорының басқарушылық 
мәдениетін 
қалыптастырудың 
педагогикалық 
шарттары
2004 
Ю.В.Баталов
Жоғары кәсіптік білімі бар мамандардың даярлығын 
жетілдірудің 
экономикалық 
және 
басқару 
проблемалары мен жолдары (Шығыс Қазақстан 
облысының және Қазақстан Республикасының 
көліктік-коммуникациялық кешені материалдары 
бойынша) 
2005 
Е. Ш.Козыбаев
Көп деңгейлі білім беру жағдайында менеджмент 
негізінде қазіргі жоғары мектепті басқарудың ғылыми-
педагогикалық негіздері 
2006 
Л.Н.Ким
Мемлекеттік емес ЖОО-да білім беру үдерісін 
басқарудың педагогикалық шарттары 
2006 


22
1 – кестенің жалғасы 



Д. Н.Кулибаева
Халықаралық типтегі мектептердің кәсіби бағдарланған 
білім беру жүйесін басқарудың әдістемелік негіздері 
2007 
С. З.Каирбекова
Қазақстан Республикасында денсаулық сақтау жүйесі 
мамандарының кәсіби біліктілігін қалыптастырудың 
ұйымдастырушылық-басқарушылық технологияларының
әдіснамалық негіздері 
2007 
С. Н.Калиева
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайдағы жалпы білім беретін 
қазақ мектебін басқаруды жетілдіру 
2008 
А.Б.Куспанов
Жоғары мектепті басқару әлеуметтік институттың 
функциясы ретінде 
2008 
Ф.Я.Вассерман
Жалпы білім беретін мектептерде оқыту сапасын басқару 
технологиясы 
2009 
Т.М.Баймолдаев
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-
педагогикалық негіздері 
2009 
С.К Исламгулова. 
Жалпы білім беретін орта мектептің педагогикалық жүйесін 
дамытуды басқарудың теориясы мен практикасы 
2009 
Э.Т.Баярыстанова
Сараптама мен талдау мектепте білім беру сапасын 
басқарудың тиімділігі ретінде 
2009 
Н.Н.Мерхайдарова Жалпы білім беретін мектептегі жасөспірімдер арасындағы 
тұлғааралық қақтығыстарды педагогикалық басқару 
2009 
Г.К.Байжикенова
Заманауи мектептің тұтас педагогикалық үдерісін 
инновациялық басқаруды дамыту 
2010 
Ж.Б.Умирбекова
Қазіргі қоғамның жаһандану жағдайында білім берудегі 
менеджменттің педагогикалық-ұйымдастыру негіздері 
2010 
Б.Сайлыбаев
Үздіксіз кәсіби-педагогикалық білім беру жүйесінде 
мұғалімдер даярлығын басқарудағы сабақтастықтың 
ғылыми негіздері 
2010 
Д. И Абдраимов. 
Техникалық және кәсіптік білім беруді ақпараттандыру 
жағдайында мұғалімдерді басқарушылық іс-әрекетке 
даярлау жүйесін дамыту
2010 
А. С.Сатывалдыева Жоғары білім беру сапасын тиімді басқарудың үлгісін 
жасаудың ғылыми негіздері 
2013 
А. Жунусбекова
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін басқарушылық іс-
әрекетке даярлау
2015 
М. Книсарина
Кіші мектеп жасы оқушыларының басқарушылық 
іскерліктерін қалыптастыру 
2016 
К.Б.Аданов
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби даярлау 
үдерісінде басқарушылық мәдениетін қалыптастыру 
2017 


23
Көрсетілген зерттеулердің мазмұнына жасаған талдау отандық ғылыми 
әдебиеттердегібілім беру саласындағы басқару мәселелерін топтастыруға 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет