Сағаттың қалам мен дәптерден ерекшелігі неде? Сандарды қосу арқылы есепте және азайт


жаттығу: «Бейнелі ойлауы мен сезімталдығын дамыту»



бет2/5
Дата01.05.2024
өлшемі2.46 Mb.
#500259
1   2   3   4   5
ПСИХОЛОГИЯ ОЙЫНДАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

1 жаттығу: «Бейнелі ойлауы мен сезімталдығын дамыту».
Мақсаты: Баланың бекйнелі ойлауын жетілдіру.
Жүргізуші: «Мен сендерге мысалдар айтамын, ал сендер әр айтылған мысал сайын көздеріңді жұмып, суреттен көріп оырғандай елестетіңдер».
*Елікке шабуыл жасаған арыстан.
*Құйрығын бұлғандатып тұрған ит.
*Көжеге түскен шыбын.
*Қараңғыда түскен найзағай.
*Сүйікті көйлегіне түскен дақ.
*Күн көзінде жалтылдаған тамшылар.
*Сүйікті ойыншығынды ұрлап бара жатқан досың.
Енді жоғарыда айтылған мысалдарды естеріңе түсіріп, ақ параққа жазып көрсетіңдер. Бұл жаттығуды қолдану арқылы баланың көру есін дамытуға болады.
Сабақ 2.
Мақсаты: Баланың қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру, кеңістікте бағдарлауын дамытумен қатар зейінін, көру арқылы есте сақтауын дамыту.

Қолданылатын құрал-жабдықтар: қарындаштар, ақ парақ, түрлі-түсті қарындаштар мен таяқшалар, бояулар мен фломастер.
Сергіту сәті. Ойын: «Мен қайдамын?».
Мақсаты: кеңістікте бағдарлауын, есту арқылы қабылдауы мен көру есін дамыту, зейінін аудару.
Қазір мен сендермен мынадай ойын ойнамақпын. Сендердің араларыңнан біреу ізкесуші болып сайланады. Біз оның көзін байлаймыз. Ол бөлменің бұрышында тұрады, ал қалғаңдарын бөлменің әр жерінен орын аласыңдар. Балалар өз орындарын тауып болған соң ізкесуші балалардың біреуінің атын айтады. Сол бала тұрған орынан қозғалмастан маңайындағы кез-келген затты тоқылдатады. Ізкесуші дыбыстың шығуна байланысты өзі атын атаған баланың қай жақта тұрғандығын атайды. Дұрыс танып, атаса басқа бала ізкесуші болып сайланып, ойын ары қарай жалғастырылады.

2 жаттығу:
Мақсаты: көру есін дамытуға бағытталған.
Баланың алдына таяқшалар ұсынылады. Бұл таяқшалардан қандай да қарапайым денелер (үй, шаршы, үшбұрыш) жасауға болады. Бала назарын осы денелерге аударып, кейін құрастырылған денелерді жауып қойып, еске түсіруін сұраймыз. Бұл жаттығуды күрделендіруге болады (түрлі-түсті таяқшаларды қолдану арқылы). Бала түс бойынша таяқшалардың орналасу ретін еске сақтап, өз еркімен құрастыра алуы керек.
Келесі нұсқа: құрастырылған дене таяқшаларын санау арқылы баланың көру есі ғана емес, санау іскерлігі де жетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет