Сағаттың қалам мен дәптерден ерекшелігі неде? Сандарды қосу арқылы есепте және азайт


Ойын: «Жазылмай қалған сөздерді орнына қой»



бет3/5
Дата01.05.2024
өлшемі2.46 Mb.
#500259
1   2   3   4   5
ПСИХОЛОГИЯ ОЙЫНДАР МЕН ТАПСЫРМАЛАР

Ойын: «Жазылмай қалған сөздерді орнына қой».
Мақсаты: еске сақтау ауқымын кеңейту.
Мысалы: қант, оқ, жәшік, балық, би, алмұрт. Кейін қатардан бір сөз алынып, сөздер қатары оқылады. Балалар қатардан түсірілген сөзді тауып айтуы керек және реттік санын сақұтауы керек. 3 рет қатардан басқа сөз алынып тасталады. Ал 4 рет қатардағы барлық сөздер алынып қалады.

Сергіту сәті. Ойын: «Тығылмақ».
Мақсаты: Бір-біріне жағымды әсер қалдыру, өзіні-өзі сенімділігін арттыру, қорқынышын сейілдіру.
Ойынның барысы: Балалар өз арасынан бір баланың көзін мықтап байлап, өздері бірінің қолдарынан бірі ұстасып өлең айтады. Соңғы сөзді айтып үлгерместен жан-жаққа бытырып қаша жөнеледі. Ортадағы көзі байланған бала оларды ұсауға кіріседі. Ұстап алға жағдайда көзін шешіп, ойынды басқа бала жалғастырады.
Ойын: «Бейнесіне қарай тану».
Мақсаты: Баланың байқағыштығын, еске сақтауын дамыту. Балалардың қалауымен топтан 5 бала таңдалынады. Біреуі жүргізуші болады. Қалғандары «көрермендер» болып, орындықтарға жайғасады. Олар жүргізушіге өздерінің сыртқы бейнелерін көрсетеді. Жүргізуші мұқият қарап, есіне сақтауға тырысады. Кейін жүргізуші олардың әрқайсысының бейнесін көргені бойынша салып береді.
3 жаттығу «Бейнелік ойлаудың тура және ұқсас түсінігі».
Мақсаты: Бейнелік ойлау қабілетін дамыту. Екінші кезеңі мысалдар мен сөздерді қағаз бетіне белгілемей ойда сақтауды дамыту.
«Балалар, мен сөздерді оқимын, ал сендер осы сөздерді естеріңе сақтауға тырысыңдар және де осы жолы әр сөзге сурет салысыңдар. Ал қазір ақ парақ алып, сөздерді естеріңе түсіре отырып, жазыңдар».
1 тапсырма: Балаға карточкадан көрсетілген сандық қатарды көрсетіп, жазылған қалпында қайталауын сұраңыз. Кейін бұл қатар бір санман көбейеді. Бұл максималы сандық өлшемді бала қалай қайталай алады?
6 2
2 8 3
3 7 1 4
6 3 9 1 5
7 1 4 9 2 6
8 4 1 8 3 9 2

1 жаттығу. Корректуралы проба «Қыздар»


Мақсаты: балалардың белсенделегін арттыру үшін ұйымдасқан қызмет жасауға кірістіруге дайындау.
Жүргізуші: «Балалар, мен сендерге би билеуді ұсынамын. Дөңгелектеніп тұрайық. Алдымен қайсыларыңның ырғақ сезу сезімдерің жақсы дамығанын анықтауымыз керек». Музыка ойнатылады. Жүргізуші бидің түрлі қозғалыстарын жылдам көрсетеді, ал балалар оларды айнытпай қайталауға тырысуы керек. Ойын аяғында ең жақсы биші анықталады.
2-жаттығу. «Кодтау» (Векслердің мәтіні бойынша сәл өзгертулермен) 1-10 дейінгі таңбалар жазылған бланк беріледі. Барлығы 5,10 саннан. Сандарды белгілі Жұлдыздармен кодтаудың үлгісі беріледі.
«Екі- үш буын» ойыны.
Мақсаты: зейінді, сөйлеуді, ойлаудың жылдамдығын дамыту. Балалар шеңбер құрып отырады. Жүргізуші допты кездейсоқ ретпен балаларға лақтырып түбір сөз айтады. Ал балалар допты қағып алып сөзді әрі түрлендіреді..
Доп қызыл болса- (үй- үйлер)
Доп көк болса- (үй үйшік)
Сөздердің нұсқалары.
Бақ, бұта, мұрын, жапырақ, саңырауқұлақ, үстел, пышақ, шар.
Еден, мысық, шкаф, піл, емен, аға, ауыз, тіс.
Сағат, кесе, тиын, көз, қолшатыр, көже, сандық.
3-жаттығу:Корректуралы проба: «Адамдар».
Әр қатарда тоғыздан орналасқан адамдардың суреті беріледі. Олардың айырмашылығы қолдарын, аяқтарын, әртүрлі етіп ұстауларында.
Тапсырмалардың нұсқалары:
Бір аяғына сүйеніп тұрған адамдарды боя (астын сыз, штрихте, сана)
Бір аяғында тұрып қолдарын жан-жаққа сермеп тұрған адамдарды боя (астын сыз, штрихте, сана)
Аяқтарын алшақ басып, қолдарын жан-жаққа сермеп тұрған адамдарды боя(
(астын сыз, штрихте, сана)
Аяқтарын бір-біріне жақын қойып, қолдарын төмен салбыратып тұрған адамдарды боя (астын сыз, штрихте, сана)
Тапсырмалардың басқа да нұсқалары болуы мүмкін. Суреттегі адамдардың бастарын моториканы дамыту үшін штрихтеуді ұсынуға болады.
Сергіту сәті «Тыңда да орында» ойыны.
Мақсаты: Іс-әрекеттерін іштей жоспарлауын, ерікті зейінін дамыту.
Жүргізуші бірнеше іс- қимылды атайды, бірақ көрсетпейді. Тапсырманы 2 рет қайталайды. Кейін балалар осы тапсырманы жүргізуші көрсеткен бастапқы ретпен жаңғыртулары керек.

  1. Басын оңға бұру, бастапқы қалып.

2.Оң қолын жоғары көтеру, сол қолын жоғары көтеру, қолдарын
жерге түсіру.
3.Оң аяғын көтеру, денесінің салмағын сол аяғын түсіру, оң аяғын жерге тіреу.
Ескерту: бірнеше ойынды жүргізуші рөлін мұғалім не алдын-ала дайындалған бала ойнау керек. Бірінші ойында балаларға бірден 4 тапсырманы беруге болмайды. Алдымен 2 тапсырманы беріп көріп бақылау керек. Жақсы орындайтын болса келесі екеуін беруге болады.
«Жағдайлы волейбол» ойыны

Мұғалім әділдік пен әділетсіздікті көрсететін жағдайларды айтады , сол арада дұрыс жауапқа бала допты қағып алады , бұрыс жауапқа қағып алмайды


« Таңғажайып дорба » ойыны

Дорбада бірнеше жеміс , көкөніс бөліктері бар .Бала көзі жабылып , дорбадағы заттың дәмін татып , оның қай жеміс екенін ,дәмі , исі , формасы , түсі жайында ажырата баяндайды .



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет