Саипов амангелді болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбек даярлығының теориясы және практикасы



бет2/5
Дата24.06.2016
өлшемі0.95 Mb.
#156838
түріАвтореферат
1   2   3   4   5

СЫРТҚЫ ОРТА

(сабақ және сыныптан тыс шығармашылық өнертапқыштық –

тұлға мен ортаның өзара әрекеті)

Идеалдары мен сенімдері

(гештальт)




ӘДЕТТЕР

БЕЙІМДІЛІК



ЫҚЫЛАСЫ

ҚҰШТАРЛЫҒЫ



ЖАҒДАЙЫ, ОРНЫҒУ

Креа-

тивтілік

Көркемдік қызығушылық-гештальт

Өнерде өзін көрсетуге қажеттілігі

ГЕНОТИП

үшінші шығарма-шылық өнімі

екінші шығарма-шылық өнімі

бірінші шығарма-шылық өнімі



Өзін-өзі көрсетуге

қажеттілігі
Таным қажеттілігі
Өзін-өзі сыйлау қажеттілігі

Өзін басқаларға сыйлату қажеттілігі

Қауіпсіздікке қажеттілігі
Биологиялық қажеттілігі


ҚАЖЕТТІЛІГІ (гештальт)





Сурет 1 - Көркемдік-еңбек әрекетінде қажеттілік – мотивациялық факторлардың ықпалымен студент тұлғасының шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы және дамыту

Ғалымдардың ұсынған білім сапасы өлшемдерін (тереңділігі, толықтығы, икемділігі, белсенділігі, нақтылығы, жалпыламалығы, жүйелілігі, саналылығы, түсініктілігі) және білім өлшемдерін (білімнің беріктілігі, білімнің ғылыми-лығы, меңгеруді автоматтандыру деңгейі) жан-жақты қарастыру, жетекші өлшемдерге білімнің жүйелілігі мен белсенділігін жатқызуға болады деп ой тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Сонымен бірге, педагогикалық зерттеулерде қолданылатын осы тұжырымды, бағыттарға негіздеу, оқытушы мен оқушының өзара әрекеттестігі жағдайында тұлғаның дамуын қамтамасыздандыруда, алдыңғы ұрпақ тәжірибесін келесі ұрпаққа жеткізуде, адамның шығармашылық қабілетін дамытуда, қоғамның қалыптасқан мәдениетін, моральдық, мінез-құлық нормаларын қабылдауда жүзеге асырылады деген түсінікті туындатады.

Болашақ кәсіптік оқыту мұғалімін даярлау процесінде технологиялық бағыттылықты ұстанған орынды. Өйткені ол педагогикалық технологияда (пәнаралық деңгейде) және оқыту технологиясында (жеке пәннің көлемінде) өзінің тәуелсіздігін көрсетеді. Зерттеуде педагогикалық технологияның мәні негізделіп, осы екі ұғымға түсінік беріледі. Бұл ұғымдар бізге болашақ кәсіптік оқыту мұғалімін оқытудың технологиясын анықтауда негіз болатын принциптерді жүйелеуде септігін тигізді.

Ғылыми зерттеулерге жасаған талдау оқыту компоненттерінің құрамы туралы әр түрлі көзқарастың қалыптасқанын, оқыту әдістері бойынша өзіндік орны бар жіктемелер ұсынылғанын айғақтайды. Жіктемелерді негізге алу оқу әрекетінде репродуктивтік және шығармашылық әдістердің оқу әрекетіндегі өзара байланысын анықтауға, оқу барысында оқудың мақсатына, оқытудың түрлері мен сапасына сәйкес келетін әдістерге тоқталуға мүмкіндік береді. Нақты айтқанда, жетекші әдісті таңдау мынадай сұрақтарға жауап іздестірумен тікелей байланысты болады: Қай оқу материалын түсіндірмелі-көрнекілік, репродуктивтік әдістерге жатқызуға болады? Қандай жолмен проблемалық жағдайларды туындатуға және оқу проблемаларын, соның ішінде зерттеу проблемаларын шешуге болады?

Біз өз зерттеуімізде аталған әдістерге, олардың атқаратын функция-ларына, іс-әрекеттегі көріністеріне талдау береміз. Және осы жоғарыда айтылғандарды тірек ете отырып, әдіснаманың ғылыми деңгейін ғылымның әдістері мен принциптерінің және білімдерінің бірлігі, ал болашақ кәсіптік оқыту мұғалімінің ғылыми деңгейдегі әдіснамалық білімнің негізін технологиялық іс-әрекет әдіснамасы (ұғымдық аппаратты қалыптастырудағы принциптер мен әдістер жүйесі) құрайды деп ой тұжырымдаймыз.

Соңғы жылдарда орындалған ғылыми зерттеулерге жасаған талдау қарастырылып отырған проблеманың мақсатты түрде зерттелмегенін, әйтседе, кейбір бағыттарының, мәселен, оқушыларға көркем-әстетикалық тәрбие беру (Б.М.Неменский, Н.Н.Фомина, Л.П.Печко және т.б.), бейнелеу өнері сабағында оқушыларды көркемдікке тәрбиелеу (Г.В.Лабунская), бейнелеу өнерін оқытуда шығармашылыққа баулу (Н.М.Сокольникова), халықтың сәндік-қолданбалы өнер құралдары арқылы оқушыларды көркемдікке тәрбиелеу (Р.А.Махаев), бастауыш сынып оқушыларының сәндік-қолданбалы өнерге эстетикалық қызығушылығын қалыптастыру (С.А.Жолдасбекова), болашақ бейнелеу өнері мен еңбек мұғалімдерін кәсіби-көркемдікке даярлау (Қ.Ералин) мәселелерінің кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі, пәнді оқыту әдістемесі, жалпы педагогика мамандығы саласында орындалған жұмыстарда қарастырылатынын айта кеткен жөн.

Болашақ кәсіптік оқыту мұғалімінің даярлығында «көркем өнердің», «көркем еңбектің» алатын орны ерекше. «Көркем» сөзі - әсемдікке, сұлулыққа саяды. Қазақ тілінде оның қолданылу аясы өте кең: көркем еңбек, көркем өнер, көркем туынды, көркем шығарма, көркем сөз, көркем шежіре, көркем проза, көркем аударма, көркем табиғат, көркем гимнастика, көркем тіл, көркем ой, көркем композиция деген сияқты жүзден аса түрлері бар.



«Еңбек» ұғымы, ғалымдардың айтуынша, кең ауқымды қамтымайды: көп жағдайда еңбек - әрекеттер жиынтығы ретінде қарастырылады. Десек те, еңбек сөзінің қолданылу аясы өте кең: қол еңбегі, ақыл-ой еңбегі, дене еңбегі, механикаландырылған еңбек, автоматтандырылған еңбек және т.б. Соңғыларын процесс деп айтқан дұрыс. Еңбек пен процесс ұғымдары екі бөлек мағынаға ие: біріншісі – қарапайым іс-қимылды қамтыса, екіншісіне күрделі тұрғыда ұйымдастырылып, техника түрлерін қолданып, жүзеге асырылатын технологияны жатқызуға болады.

«Еңбекке тәрбиелеу», «еңбекке үйрету», «еңбекке баулу», «еңбекке оқыту» деген ұғымдардың сөз айналымына терең еніп кеткені соншалық, көп жағдайда бұларға талдау беру қажеттігін ешбір адам ойламайды. Өйткені, еңбекке даярлау мәселесі тек мектеппен шектелмейді: яғни, ол үйде де, бала бақшада да, білім беру мекемелерінде де, жұмыс орнында да, демек, өмір бойы өзінің жалғасын табады.

«Даярлау» ұғымы – жан-жақты дайындықты қамтиды: қандай да бір нәрсенің орындалуына алдын ала әзірлігі. Даярлау ұғымы дайындық ұғымынан әлдеқайда ауқымды. Даяр және дайын ұғымдары бір сөз сияқты көрінгенімен, даяр сөзінің астары қандай да бір істі атқаруға, орындауға жан-жақты әзірлікті меңзейді (жоспарлау, сызбалау, конструкциялау, жасау, жинақтау, әрлеу, сәндеу және т.б.). Дайын сөзі қайсы да бір істің бітіп, аяқталғанын көрсетеді де, көлемі жағынан шағындау болып келеді: орын дайын (отыруға), тағам дайын (ішуге), көлік дайын (мінуге) және т.б. Көркем еңбекті жүзеге асыруда даярлықтың үш түрі негізге алынады: өнертанымдық, көркемдік-практикалық, әдістемелік.

Болашақ мұғалімдерді көркемдік-еңбекке даярлауда да даярлықтың осы үш түрін негізге алуға болады. Көркемдік еңбектегі даярлықтың бұл түрлері даярлықтың мазмұны, әдіс-тәсілдері мен әдістемесі, жұмыс формалары дұрыс айқындалғанда ғана тиімді жүзеге асады.

Біз осының бәрін ескере отырып ғылыми еңбектерге талдау беру арқылы олардың мақсат – міндеттерін, атқаратын функцияларын, өзіндік белгілерін анықтап, мазмұндық сипаттама береміз. Даярлық мазмұны көркемдік-еңбек білімін, педагогикалық білімді, педагогикалық іскерлік пен дағды арқылы меңгерілген білімді шығармашылықпен дамытуды, ақпараттық құралдарды тиімді пайдалануды қарастырады.

Көркемдік еңбекке даярлық әдістемесі, көркемдік-еңбектен білімі беру әдістерінің педагогикалық білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру әдістерінің, педагогикалық іскерлік пен дағдыны шығармашылықпен дамыту әдістерінің жиынтығын құрайды.

Болашақ мұғалімді көркемдік-еңбекке даярлау формалары ретінде студенттердің өздігімен дербес орындайтын жұмыстарын (СӨЖ), арнайы курстар пәндерін, студенттердің таңдау пәндерін, педагогикалық іс-тәжірибені (соның ішінде: үздіксіз педагогикалық іс-тәжірибе, кәсіби педагогикалық іс-тәжірибе), рефераттарды, курстық жұмыстарды, дипломдық жұмыстарды (соның ішінде: диплом алды іс-тәжірибесі), студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын айтуға болады.

Көркемдік-еңбекке даярлықтың педагогикалық технологиясы болса, мынадай элементтерді қамтиды: даярлық диагностикасы; даярлық жобасы; даярлық жоспары; даярлықты ұйымдастыру; даярлықты талдау; даярлықты бағалау. Ал көркемдік еңбекке даярлық белгілеріне: көркемдік еңбекке кәсіби жеке біліктілік деңгейін арттыруға ұмтылуы; көркемдік еңбек дағдыларын меңгеруге талпынысы; көркемдік еңбекке оқытудың педагогикалық іскерліктерін игеруге оң көзқарасы; көркемдік еңбекке оқытудың дағдыларын қалыптастыруға қызығушылығы; көркемдік еңбектің кәсіби маман даярлаудағы ролін білуі; көркемдік еңбек туралы білімі; көркемдік еңбек әрекеті туралы түсінігі мен білімі; көркемдік еңбектің мазмұнын анықтау іскерлігі; көркемдік еңбек сабағының бағдарламасын жасау іскерлігі; көркемдік еңбектің сабақ жоспарын жасай білуі; көркемдік еңбек сабағын өткізу іскерлігі; өзінің педагогикалық іс-әрекетіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді көре білуі және бағалай білуі; өткізілген көркемдік еңбек сабағына өзінің атқарған істеріне талдау бере білу іскерлігі жатады.

Біз ғалымдардың «даярлық», «мұғалімдердің даярлығы», «болашақ мұғалімдерді даярлау» ұғымдарына берген анықтамалырын жүйеге келтіре отырып, болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбек даярлығы ұғымына өз анықтамамызды береміз. Біздің пайымдауымызша, «болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбек даярлығы дегеніміз – студенттердің көркемдік-еңбек пен көркемдік еңбекке оқыту саласынан меңгерген теориялық, практикалық, әдістемелік білімі және оларды кәсіби іс-әрекеттерде шығармашылықпен тиімді пайдалана білу іскерлігі мен дағдысы».

Қазіргі жағдайда білім берудің сапасын көтеру жоғары білім беру құрылымын реформалауда, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын ендіруді, педагогикалық процесті жетілдірумен қатар, болашақ кәсіптік оқыту мұғалімін көркемдік-еңбекке даярлаудағы тұжырымдамалық көзқарастарды айқындауды қажет етеді. Біз осыны ескере отырып «Болашақ мұғалімдерді көркемдік-еңбекке даярлау» тұжырымдамасын жасадық. Тұжырымдаманы даярлауда 050120 – «Кәсіптік оқыту» мамандықтары бойынша мұғалім даярлау бағдарламалары, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған «Технология» білім беру саласы мен «Еңбекке баулу» пәні бағдарламалары және жалпы педагогикада көрініс алған кәсіби қағидалар (педагогикалық процестің мақсаттылығы, теория мен практиканың өзара байланысы, кәсіби даярлықтың біртұтастылығы, жас мамандардың кәсіпке бейімделуі) негізге алынды.

Тұжырымдама мазмұнында мына мәселелер көрініс алады: білім беруді ізгілендіру мен ізгіліктендіру болашақ мұғалімнің өздігімен шығармашылық тұрғыда жетілуінің негізгі факторы; болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбек даярлығының біртұтас педагогикалық процестегі көрінісі; болашақ мұғалімдердің көркемдік шығармашыл қызығушылығын дамыту бағыттары; болашақ мұғалімдердің кәсіби компетенциялары – көркемдік еңбекке даярлық сапасының көрсеткіші. Тұжырымдама болашақ мұғалімнің атқаратын іс-әрекетінің көлемін бүгінгі күннің талабына қарай болжамдайды. Бұны, болашақ мұғалімнің білім – білігін іс-әрекетте пайдалануға мүмкіндік беретін «технология» жүйесінде көрініс алған даярлықты ұйымдастыру барысында жүзеге асыруға болады.

Технология студенттердің жаңа бір көркемдік әрекетін қамтамасыз-дандыратын материалдық және рухани құндылықтарын жасау деген түсінігін береді. Болашақ кәсіптік оқыту мұғалімнің технологияға даярлығы түсінігінің аясында, біз жалпы кәсіптік көркемдік еңбек-шығармашылық даярлықты қарастырамыз. Жалпы кәсіптік даярлық – болашақ мұғалімнің арнайы даярлығының, яғни, көркемдік-еңбек және шығармашылық даярлы-ғының теориялық негіздерінен көрініс береді. Көркемдік-еңбекке даярлық – заттарды немесе бұйымдарды көркемдік-өңдеу процесінде іскерлік пен дағдыны қалыптастыруға қажетті біліммен қамтамасыздандырылады. Шығармашылық даярлық – берілген затты немесе бұйымды көркемдеп өңдеудегі білім, өзіндік ізденіс, танымдық көзқарас деңгейімен айқындалады. Тұжырымдаманы негізге ала отырып біз, онда көрініс алған болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығының мақсатын анықтап, міндеттерінің шешімін іздестіреміз.

Болашақ мұғалімдерді көркемдік-еңбекке даярлаудың мәні қоғамдық-әлеуметтік тапсырыспен, мұғалімнің әдіснамалық-теориялық даярлығына деген сұраныспен және осы даярлықтың практикалық-қолданбалы бағытты-лығын дамыту қажеттілігі арасындағы объективті қайшылықпен айқын-далады. Ал технологиялық даярлығының мазмұны тар және кең ұғымда анықталады. Тар ұғымда технологиялық даярлығының мазмұны іс-әрекеттегі бұйымдарды кешенді көркемдеп өңдеу (бұйымдарды көркемдеу процесін даярлау) бойынша білім, іскерлік, дағдыны меңгертуді көздейді, кең ұғымда ғылыми-жаратылыстану, жалпы-кәсіптік, оқыту технологиялық, шығармашылық даярлықты қарастырады. Біз оларға ғалымдардың ұсынған тұжырымдамалық қағидалары мен кәсіптік оқыту мұғалімін кәсіби даярлау саласында жинақталған тәжірибені негізге ала отырып мазмұндық сипаттама береміз.

Болашақ кәсіптік оқыту мұғалімдерін көркемдік-еңбекке даярлаудың мәні мен мазмұнын анықтау бізге олардың басқа мұғалімдер даярлығынан өзіндік ерекшелігін салыстырмалы түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл ерекшелік оқытуды көркемдеп өңдеуден, оқушыларды көркемдік-еңбекке даярлау сапасын арттыру мақсатында материалдық негізін құрудан және ұйымдастырудан байқалады.

Әлбетте, болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығы өздігімен қалыптаса қоймайтыны белгілі. Оны тиімді жүзеге асыру үшін, ең алдымен, болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастырудың құрылымдық моделін жасап, өлшемдерін, көрсеткіштері мен деңгейлерін белгілеп алу қажет (сурет 2, кесте – 1).

Ұсынылып отырған модель болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастыру деңгейін зерттеп білуге, көркемдік-еңбекке даярлауда тірек болатын принциптерді анықтауға (оқу ақпаратының практикалық-бағдарлық сипаты мен вербальды емес құралдар байланысының тиімділігін қамтамасыздандыратын шарттарды анықтау; болашақ мұғалім-дердің көркемдік-еңбекке жеке даярлығы деңгейін бағалау барысында, олардың оқу әрекетіндегі репродуктивті және шығармашылық әдістердің үйлесімділігін қамтамасыз ету; ақпараттық технологияларды материалдық база мен мұғалімдердің біліктілігінің мүмкіндіктері, оқу процесінің дидактикалық материалдармен жабдықталуы негізінде ендіру; оқыту формасы мен оқу процесі ұйымдастырылуының мазмұн мен әдіске сәйкес болуы; рейтингтік жүйенің студенттердің өздік жұмысын белсендіруде пайдалану) және педагогикалық шарттарды айқындауға (оқытылатын пәндер бойынша меңгерілуге тиісті білім деңгейін нақты анықтау; кәсіби іс-әрекетке қажетті білімді белгілі деңгейде студенттердің санасына қалыптастыру; маманды даярлауда саралы көзқарасты жүзеге асыру; студенттерде өздігімен білімін жетілдіру дағдысын қалыптастыру, ой еңбегі мәдениетіне тәрбиелеу; таңдаған мамандықты игеруге қатысты шығармашылық әрекетке даярлығының болуы: шығармашылық іс-әрекетке даярлығының бүкіл оқу кезеңін қамтуы; студенттердің дербес дамуын қамта-масыздандыратын вариативті бағдарламалардың болуы) септігін тигізді.

Әдетте, кәсіби маманды даярлаудағы жетекші бөлімді оқыту процесін, ұйымдастыру құрайды, соның барысында білім алушы студенттер әлеуметтік қоғамда жинақталған тәжірибені оңтайлы меңгереді. Сондықтан оқыту процесінде алдымен студенттер әрекетінің репродуктивтік және шығармашылық әдістері арасындағы тиімді қатынасты қамтамасыз-дандыратын шарттарды белгілеп алған жөн. Бұл әдістер өзара сабақтастық және жаңашылдық қатынаста болады. Сабақтастық – адам тәжірибесінде жинақталған білімді келесі ұрпаққа үздіксіз жеткізу процесі, жаңашылдық –

ескі білімді қабылдап, өзгерту арқылы жаңа сапаны алу нәтижесі деген түсінікті береді.

Болашақ мұғалімнің оқу әрекетінің шығармашылық бағыт алуы көптеген жағдайда оқытудағы проблемалылықты біртіндеп жетілдіру есебінен қамтамасыздандырылады. Осыған орай, біз проблемалық әдістің мәнін оқытудағы проблемалық принциптің тұлғаландырылған көрінісі ретінде қарастырамыз.




Мақсаты: бүгінгі қоғам талабына сай көркемдік-еңбек пәнін өткізуге құзырлы кәсіби біліктілігі жоғары тұлғаны қалыптастыру







Болашақ мұғалімдерді көркемдік-еңбекке даярлау міндеттері



Көркемдік-еңбек білімін беру



Көркемдік-еңбек педагогикалық білімін меңгерту

Көркемдік-еңбек білімін ұйымдастырудың педагогикалық дағдысын меңгерту

Тұлғаның шығармашылық дамуына жол ашу


Көркемдік-еңбекке даярлау мазмұны

Көркемдік-еңбек білімі



Педагогикалық білімі, іскерлігі, дағдысы

Алған білімді шығармашылықпен дамыту, ақпараттық құралдарды пайдалану



Болашақ мұғалімдерді көркемдік-еңбекке даярлаудың педагогикалық технологиясы






Даярлық диагности-касы



Даярлық жобасы

Даярлық жоспары

Даярлықты ұйымдастыру

Даярлықты талдау

Даярлықты бағалау


Болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастыру компоненттері




Мотивациялық



Мазмұндық

Іс-әрекеттік

Бағалаушылық





Болашақ мұғалімдердің көркемдік-еңбекке даярлығын қалыптастыру өлшемдері




Көркемдік-еңбекке кәсіби ынталының болуы



Көркемдік-еңбектен іргелі теориялық білімінің болуы

Көркемдік-еңбектен практикалық іскерлігінің дағдысының болуы

Көркемдік еңбектегі өз іс-әрекетіне баға бере білуі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет