Сайфуллаев бауыржан нұрымбетұЛЫ



Pdf көрінісі
бет12/175
Дата25.05.2024
өлшемі3.36 Mb.
#501851
түріПрактикум
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   175
Қозоқ тили практикуми

ӨНЕР – БІЛІМ БАР ЖҰРТТАР 
Өнер – білім бар жұрттар 
Тастан сарай салғызды; 
Айшылық алыс жерлерден, 
Көзіңді ашып - жұмғанша, 
Жылдам хабар алғызды. 
Аты жоқ құр арбаны 
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды. 
Адамды құстай ұшырды; 
Мал істейтін жұмысты 
От пен суға түсірді; 
Отынсыз тамақ пісірді, 
Сусыздан сусын ішірді. 
Теңізде жүзді балықтай, 
Дүниені кезді жалықпай, 
Білгендерге осылар 
Бәрі - дағы анықтай, 
Білмегенде танықтай; 
Біз де бекер жатпалық, 
Осыларға таныспай
Ат өнері білінбес 
Бәйгеге түсіп жарыспай; 
Желкілдеп шыққан көк шөптей 
Жаңа өспірім достарым, 
Қатарың кетті-ау алысқа-ай, 
Ұмтылыңыз, қалыспай. 
Біз надан боп өсірдік 
Иектегі сақалды. 
Өнер – жігіт көркі деп 


18 
Ескермедік мақалды... 
Біз болмасақ сіз барсыз, 
Үміт еткен достарым, 
Сіздерге бердім батамды. 
Ыбырай Алтынсарин 
25-жаттығу. Мәтінді оқы. Қарамен жазылған сөздерді буынға бөліп, 
буынның қай түрі екенін анықта. 
АНА ТАБИҒАТ 
Табиғат – адамзат өмір сүріп жатқан орта, ортақ үй, ортақ мекен. Адам мен 
табиғат – егіз ұғым. «Ағаш жапырағымен, жер топырағымен көрікті» дейді 
халқымыз. Табиғат көркейіп, желегі жасыл тартса, адамның да тынысы кеңейіп, 
көңілі көтерілері анық. 
«Мәуесі бардың әуесі бар» дейді халқымыз. Табиғатқа өз үйіндей қарап, 
оны аялаған адамның да қоршаған аясы әдемі болмақ. Үйің мен бау-бақшаңа 
қарай қарағаның сынды тұтас табиғатқа да сондай жанашырлықпен қараған 
жөн. 
Адамның тағдыры табиғатқа байланған. Табиғат болмаса, адам өмір сүре 
алмақ емес. Таза ауасы мен шипалы суы, ну орманы мен асқар тауы жоқ 
мекеннің қадірі де аз. Ағашы оталып, суы тартылған табиғаттың адамзат үшін 
берері де жоқ. Ал берері жоқ табиғатта адам қалай тіршілік кешпек. Судың да 
сұрауы бар емес пе?! 
Қоршаған ортасы лас, суы лаң, ағашы улы табиғаттың адамға да зияны көп 
екені айтпаса да белгілі. Сондықтан табиғатты аялау, оған қамқорлық таныту 
жер бетіне келген кез келген жұмырбасты пенденің парызы мен борышы 
болуы керек. Халқымыз топыраққа шыққан жасыл шөптің өзін жұлуға тыйым 
салған. Өйткені шөп – таудың көркі, малдың жемі. Оны жұлу өзіңнің тамырыңа 
балта шабумен бірдей. 
Табиғат – адамзаттың анасы. Дүниеге есігін ашқан сәбиге бар ризығы мен 
несібесін тосатын ана сынды табиғат та буыны қатаймаған адам баласына бар 
болмысын беріп, береке сыйлайды. Ырысымен бөліседі. Бала шақтан өтіп
ержеткен шақта анамызға қалай қамқорлық қылғанымыз сынды табиғат анаға да 
солай қамқорлық қылуымыз қажет. Ананың ашуы мен қаһары қашанда ауыр. 
Табиғат-ананың да қаһары адамзатқа жеңіл болмас. 
Табиғат, 
Әшкерелеп сөкпе бізді. 
Тазала, саумал ауа, 
Самалыңмен 
Заводтың мұржасындай өкпемізді. 
Санадан гөрі кейде сезім жетік, 


19 
Сезімсіз болар менің сөзім жетім... 
Табиғат, 
Емде мені, 
Оралайын 
Өзіңсіз күн жоғына көзім жетіп! – деп Қадыр Мырза Әли ақын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   175




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет