Саламатты Қазақстан


Медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу



бет4/4
Дата12.06.2016
өлшемі300 Kb.
#129835
1   2   3   4

5.5. Медициналық, фармацевтикалық білім беруді жетілдіру, медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу
      Бағдарлама шеңберінде дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және денсаулық сақтау кадрларын үздіксіз кәсіби дамыту жүйесін жетілдіру, сондай-ақ ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтаудағы инновациялық технологияларды енгізу жоспарланып отыр. «Назарбаев университеті» базасындағы Медициналық мектепте дәрігерлерді да

ярлау Америка моделі бойынша жүргізілетін болады. Кадрларды даярлаудың қазақстандық жүйесімен салыстырғанда, бұл модель шеңберінде Рremed міндетті кәсіпке дейінгі даярлық болуы, Медициналық мектепке түсу үшін арнайы іріктеу рәсімі, сондай-ақ қорытынды аттестаттау алу үшін тәуелсіз емтихан тапсыру көзделген.


      Мақсаты: денсаулық сақтау саласының бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін құру және инновациялық технологияларды дамыту.
      Негізгі міндеттері:
      1) денсаулық сақтау кадрларына дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және оларды үздіксіз кәсіптік дамыту жүйесін жетілдіру.
      2) ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу.
      Нәтижелер көрсеткіштері:
      халықаралық басылымдарда жарияланымдардың үлесін 2013 жылға қарай 10 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 12 %-ға дейін (2009 ж. - 6%) ұлғайту;
      барлық медициналық ЖОО-ларды 2015 жылға қарай аккредиттеу.
      Қол жеткізу жолдары және тиісті шаралар
      1. Денсаулық сақтау кадрларына дипломға дейінгі, дипломнан кейінгі білім беру және оларды үздіксіз кәсіптік дамытуды жетілдіру аясында мынадай жұмыстар жоспарланып отыр:
      1) денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу:
      денсаулық сақтау кадрларын даярлауды, қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру және қаржыландыру жүйесін өңірлік қажеттілік негізінде жетілдіру;
      медициналық ЖОО-лардың, колледждердің бітіруші түлектерінің және денсаулық сақтау саласының практикадағы қызметкерлерінің білімдерін және дағдыларын тәуелсіз бағалау институтын енгізу;
      2) Материалдық-техникалық базаны жаңғырту:
      студенттер жатақханаларын салу;
      медициналық ЖОО-лардың оқу-клиникалық орталықтарын және зертханаларын халықаралық стандарттарға сәйкес қазіргі заманғы жабдықтармен толық жарақтандыру;
      3) медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін жетілдіру:
      Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық білім беру жүйесін одан әрі дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеу және іске асыру;
      дәрігерлерді халықаралық озық стандарттарға сәйкес «Назарбаев университеті» базасында даярлаудың инновациялық жүйесін енгізу;
      шетелдік аккредиттеу ұйымдарының қатысуымен медициналық ЖОО-ларды аккредиттеу;
      шетелдік үздік тәжірибелерді ескере отырып, медициналық білімнің білім беру бағдарламаларын жетілдіру;
      инновациялық білім беру технологияларын енгізу, профессорлар мен оқытушылар құрамының әлеуетін көтеру, шетелдік үздік тәжірибені тарту;
      медицина қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік білім беру және дамыту жүйесін жетілдіру.
      2. Ғылымды одан әрі дамыту және денсаулық сақтау саласына инновациялық технологияларды енгізу мыналарды көздейді:
      1) медицина ғылымын басқарудың және қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу:
      мультиорталық зерттеулерін, оның ішінде жетекші әлемдік ғылыми орталықтармен дамыту;
      денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың гранттық жүйесін дамыту;
      денсаулық сақтау саласындағы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін бағалаудың халықаралық индикаторларын енгізу;
      2) медицина ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту:
      Астана қаласында регенеративтік медицина, молекулалық биология  және жасуша технологиялары орталықтары бар «Өмір туралы ғылыми орталық» ғылыми-зерттеу кешенін құру;
      әлемдік үздік стандарттарға сәйкес келетін жабдықтармен жарақтандырылған ұжымдық пайдаланылатын 2 ғылыми орталық құру;
      ЖОО ғылымының деңгейі мен сапасын арттыру;
      денсаулық сақтау саласында жоғары білікті ғылыми кадрларды даярлау, оның ішінде РҺD магистратура және докторантура шеңберінде ғылыми-педагог кадрларды даярлау бағдарламаларын жетілдіру;
      әлемге танылған ғалымдарды шақыра отырып, жас және перспективалы ғалымдардың шетелде тағылымдамаларын ұйымдастыру.
5.6. Дәрілік заттардың халық үшін қолжетімділігін және сапасын арттыру, денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық техникамен жарақтандыруды жақсарту
      Дәрілік заттардың қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында пациенттерге дәріхана мен дәрілік затты таңдау құқығын беру арқылы халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді реформалау жүргізілетін болады.
      Бұл тетік фармацевтика нарығындағы субъектілердің, оның ішінде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көпшілігін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысуға тарту жолымен халыққа дәрілік заттардың нақты қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
      Жоспарланып отырған іс-шаралар бүкіл халықтың сапалы дәрілік заттарға тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді, қаржы ресурстарын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, дәрілік заттар бағасының жыл сайынғы өсуін төмендетеді, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде сатып алынатын дәрілік заттардың көлемі мен тізбесін кеңейтеді және отандық фармацевтика өнеркәсібін дамыту үшін жағдай жасайды.
      Мақсаты: халықты сапалы, тиімді, қауіпсіз дәрілік заттармен қамтамасыз ету, олардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде қолжетімділігін ұлғайту.
      Негізгі міндеттер:
      1) халықты сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру;
      2) денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық техникамен жарақтандыру және олардың сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру;
      3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.
      Нәтижелер көрсеткіштері:
      бірыңғай дистрибуция жүйесі арқылы ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды сатып алудың көлемдерін 2013 жылға қарай 70 %-ға дейін, 2015 жылға қарай 80 %-ға дейін (2009 ж. - 0%) жеткізу;
      ауылдық елді мекендерде ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды беруді жүзеге асыратын объектілердің санын 2013 жылға қарай 3 200-ға дейін, 2015 жылға қарай 3 300-ға дейін (2009 ж. - 3 000) ұлғайту.
      Қол жеткізу жолдары
      1. Халықты сапалы дәрілік заттармен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мыналарды көздейді:
      амбулаториялық дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді жетілдіру және бекітілген бағалар бойынша ТМККК шеңберінде дәрілік заттарды босатуды жүзеге асыратын дәріханалық ұйымдар санын көбейту арқылы пациенттерге дәріхананы және дәрілік затты таңдау құқығын беру;
      формулярлық жүйені дамыту және пациенттер мен медицина қызметкерлерін ұлттық ақпараттық дәрі-дәрмек орталығы арқылы объективті және нақты ақпаратпен қамтамасыз ету жолымен ұтымды фармокотерапия (дәрілік заттарды тиімді тағайындау және пайдалану) қағидаттарын енгізу;
      ауылда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру, оның ішінде БМСК ұйымдары мен жылжымалы дәріхана пункттері арқылы ауыл тұрғындарына (дәріханалық ұйымдары жоқ ауылдарда) дәрілік көмектің жеке қолжетімділігін одан әрі қамтамасыз ету;
      Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясы жүйесін жетілдіру.
      2. Денсаулық сақтау ұйымдарын қазіргі заманғы медициналық техникамен жарақтандыру және олардың сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру мақсатында мыналар жоспарлануда:
      заңнамада белгіленген тәртіппен медициналық техниканы жеткізудің лизингілік схемаларын пайдалану жүйесін әзірлеу және енгізу;
      медициналық техниканың, оның ішінде қымбат бағалы жабдықтардың кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсету келісімшарттары жүйесін енгізу.
      3. Дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласында сапаны бақылау жүйесін
жетілдіру үшін:
      1) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді үйлестіру, рұқсат беретін құжаттарды өзара тану, дәрілік заттардың сапасын кеден одағы аясында инспекциялау мен бақылаудың ықпалдастырылған жүйесін құру;
      2) дәрілік заттардың сапасын мемлекеттік бақылау жүйесін:
      «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау ұлттық орталығы» РМК зертханаларын (оның ішінде аумақтық) қазіргі заманғы зертханалық технологиямен материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру және қызметкерлерді оқыту;
      аккредиттеу туралы ережені және зертханаларды халықаралық стандарттарға сәйкестігіне аккредиттеу жүйесін әзірлеу;
      Еуропа фармакопея дәрілік заттар сапасын бақылау (ОМСL) жөніндегі ресми зертханалардың еуропалық желісіне кіру үшін дайындық іс-шараларын жүргізу;
      фармацевтикалық инспекциялардың (РІС/S) халықаралық ынтымақтастық жүйесіне кіру үшін мемлекеттік және сараптау органының мамандарын оқыту;
      контрафактілік және жалған өнімдердің өндірісі мен таралуына қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар өткізу;
      медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау жөніндегі мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелерін жалған дәрілік заттарды анықтауға арналған экспресс зертханалармен қамтамасыз ету арқылы жетілдіру жоспарлануда.
6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері
      Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады.
      Бірінші кезеңде (2011 - 2013 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:
      қоғамдық денсаулық қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың бірыңғай ұлттық стратегиясын әзірлеу;
      халықтың нысаналы топтарына арналған ұлттық скринингтік бағдарламалар кешенін әзірлеу және енгізу;
      Іс-шаралар бағдарламасы шеңберінде жүргізілетін бағалаудың нысаналы индикаторлар жүйесін әзірлеу;
      денсаулық сақтау жүйесінің нормативтік құқықтық базасын жетілдіру, оның ішінде кеден одағы мен ДСҰ-ның талаптарына сәйкес оны үйлестіру;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау жүйесін басқаруды жетілдіру;
      денсаулық сақтау жүйесіне әлеуметтік қызметкерлер институтын енгізу әдістемесін әзірлеу;
      медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін әзірлеу;
      БҰДЖ-ды одан әрі жетілдіру;
      денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту тетіктерін әзірлеу;
      медицина ғылымын басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу;
      Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың бірыңғай дистрибуциясын жетілдіру;
      дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың айналысы саласындағы сапаны бақылау жүйесін жетілдіру.
      Екінші кезеңде (2014 - 2015 жылдар) мына міндеттерді шешу көзделеді:
      Бағдарламаның бірінші кезеңінде әзірленген стратегиялар мен әдістемелерді енгізу;
      негізгі әлеуметтік мәні бар ауруларды және жарақаттарды диагностикалау мен емдеудің халықаралық стандарттарын, хаттамаларын және әдістемелерін енгізу;
      өмір мен денсаулық үшін қауіп-қатер факторларын төмендету жөніндегі мемлекеттік органдардың, қоғамның, жұмыс берушілердің және азаматтардың ведомствоаралық және сектораралық тиімді өзара іс-қимылын іске асыру;
      жеке және қоғамдық денсаулықты нығайтуға және сақтауға мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтасқан жауапкершілігін енгізу;
      мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тиімділігін арттыру және стандарттарды қазіргі заманғы халықаралық талаптарға (санитариялық ережелер, гигиеналық нормативтер, техникалық регламенттер) сәйкес келтіру;
      ТМККК шеңберінде дәрілік заттар мен ұсынылатын медициналық қызметтердің тізбесін кеңейту;
      БМСК-ның әлеуметтік бағдарланған моделін құру;
      денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландырудың медициналық қызметтің сапасына бағдарланған жүйесін енгізу;
      денсаулық сақтау кадрларын даярлау жүйесін басқару мен қаржыландырудың жаңа қағидаттарын енгізу;
      медицина ғылымының инфрақұрылымын жаңғырту;
      медицина қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен уәждемесін көтеру;
      дәрілік заттардың сапасы мен қолжетімділігін арттыру;
      денсаулық сақтау ұйымдарын озық медициналық техникамен жарақтандыру және оларға сервистік қызмет көрсету жүйесін қалыптастыру;
      халықаралық стандарттарға сәйкес келетін жаңа өндірістер құру арқылы отандық дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника өндірісін дамыту.
7. Қажетті ресурстар
      Бағдарламаны іске асыруға 2011 — 2015 жылдары республикалық және жергілікті бюджеттерден, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалады.
      Бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен жалпы шығындар 359 358,9 млн. теңгені, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен (жергілікті бюджеттерге берілетін нысаналы трансферттерді қоса алғанда) 356 596,8 млн. теңгені, жергілікті бюджет қаражатынан 2 762,1 млн. теңгені құрайды.
      2011 - 2015 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет