Салықтық жоспарлау мемлекет және басқарудың шаруашылық субъектілерінің деңгейінде жоспарлаудың құрамдас бөлігі



бет2/2
Дата19.05.2022
өлшемі73.93 Kb.
#457900
1   2
Кенжебай Шыңғыс салык срс

III.Қорытынды
Ағымдағы салықтық жоспарлауды жүзеге асыру процесінде негізінде тактикалық міндеттер шешіледі, ол арқылы салықтық жоспарлау стратегиясын жасау үшін маңызды алғышарттар жасалады.Бұл стратегия орта және ұзақ мерзімді салықтық жоспарлау процесінде анықталадыүАғымдағы салықтық жоспарлау бір жылға ғана арнап жасалатын және бекітілетін тиісті бюджеттердің жобаларын жасау үшін негіз қызметін атқарады. Бұл жоспарлау кезінде салықтардың жалпы жиынтығының, сол сияқты бөлек салық түрлерінің де мөлшері анықталады және егжей-тегжейлі талданады. Перспективті жоспарлау кезінде салық түрлері бойынша бөлу жоқ, ол барлық салық жиынтығын қамтиды. Сонымен қатар, салықтық жоспарлау процесінде салық органдарының бақылау жұмысын жетілдіру бойынша, сондай-ақ елдегі және аймақтардағы жалпы экономикалық жғдайларды жақсарту бойынша, кәсіпкерлікті дамыту үшін қажетті жағдай жасауға шаралар жасалады. Ол салықтың қосымша түрін жоспарлау үшін негіз болып табылады. Сонымен, макроэкономикалық деңгейде салықтық жоспарлау процесі тиісті билік органдарының бюджеттеріне алдағы түсімдер мөлшерін анықтау болып табылмайды. Бұл экономикадағы барлық резервтерді анықтау және жұмылдыру, жақын болашаққа және перспективада жалпы мемлекеттік және салалық міндеттерді шешу процесі. Салық түсімдерін жоспарлау елдегі және аймақтардағы болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және саяси процетердің, олардың дамуының перспективалары мен қарқынын терең талдауды, салық заңдары аясындағы терең білімінің болуын талап ететін күрделі әрі жауапты жұмыс.

IV.Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Налоги:Учеб.пособие/ Под ред.Д.Г.Черника.-М.:Финансы и статистика, 2004.

  2. Қазақстан Респбуликасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттыққұқықтық жүйесі. ҚР Әділет министрлігі.

  3. Толкушкин А.В.Налоги и налогообложение.-М.:Юристъ, 2000

  4. Н.Б. Мухитдинов «Қаржы саласындағы басқарудың құқықтық негіздері». Алматы, 2012 ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет