Зерттеу әдістері:
зерттеу мәселесі бойынша философиялық,
психологиялық, педагогикалық
әдебиеттерге талдау жасау, бақылау, әңгіме,
педагогикалық озат тәжірибелерді жинақтау, талдау және қорыту.
Зерттеу нысанының теориялық негіздері: оқушыны
өз әрекетінің
субъектісі, үнемі дамушы сипаттағы жеке тұлға деп тану теориясы, бастауыш
білім беруді дамытуға байланысты тұжырымдамалар,
педагогикалық,
психологиялық, әдістемелік зерттеулер.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Басатауыш сыныптарда
табиғат лирикасын оқыту арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру
теориялық және әдістемелік жағынан айқындалды.
Практикалық маңыздылығы: Зерттеу
жұмысының нәтижелерін
бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш оқыту педагогикасы мен
әдістемесі мамандығының студенттері қолдануы мүмкін.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі
бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
5