20
дәл осы істі Жақыпқа айтып жібереді. Құнанбай
бұйрығынан құтылған
соң Ұлжан мен Абай бар ынтасын көпті күтуге салады. Он бес күн өтеді.
Көктемнің шырайы ашылып, жылы жел соға бастайды. Абайдың
арқасында елу ауылдың мың жарымдай
қойы мен барлық ірі қарасы
жандарын сақтап, аман қалады.
2
Көктемнің ескегі соға бастасымен жұрт жазғытұры жайлауларына
көше бастады. Көші-қон кезінде Зере қатты сырқаттанады. Бір-екі күнде
тынысы тарылып, қозғала алмайтын болып қалады. Бір күні таңсәріде
Зере
көзін ашып, Ұлжан мен Абайға соңғы сөздерін айтады да, әжім
басқан көздерін мәңгілікке жұмады. Күн шығысымен хабар шартарапқа
тарап, ағайын тегіс жиналады. Абай түңіліп, ешкіммен сөйлескісі келмей,
қайғыға батып кеткен болатын. Қырқына
шейін әжесінің рухына арнап
Құран аударып жүреді. Ұлжан Абайдың қатты ойға түскенін байқап,
Ерболмен бірге ел аралап қайтуын сұрайды. Сүйіндіктің Асылбегі
Абайды қонаққа шақырыпты. Олар солай қарай бет алысты. Біраз күн ол
жерде қонақ болып, Қадырбай ауылына Қарашаш және бір топ жастармен
барады. Сұрастыққа тек мамырдың жұтын сұрайды. Қызық ойын-
сауықтар болады. Осы екі жеті ішінде Абайдың бетіне күлкі жүгіргендей
болып, Тобықты жайлауына сергіп қайтады.
ІІ кітап
Достарыңызбен бөлісу: