«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның 20 11жылғы


-бөлім. ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ



бет3/3
Дата09.06.2016
өлшемі215 Kb.
#125329
1   2   3

15-бөлім.

ІШКІ АУДИТ ҚЫЗМЕТІ
114. Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, ішкі бақылау саласында бағалауды, тәуекелдерді басқаруды, корпоративтік басқару саласында құжаттарды орындауды және Қоғам қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беруді жүзеге асыру үшін, Ішкі аудит қызметі құрылады. Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері Директорлар кеңесі мен Қоғам Басқармасының құрамынан сайланбайды.

115. Ішкі аудит қызметі тікелей Директорлар кеңесіне бағынады және өз жұмысы туралы оның алдында есеп береді. Ішкі аудит қызметіне басшылық жасауды Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті жүзеге асырады. Ішкі аудит қызметінің міндеттері мен функциялары, оның құқықтары мен жауаптылығы және оның жұмыс тәртібі Директорлар кеңесімен бекітілетін Қоғамның Ішкі аудит қызметі туралы Ережеде анықталады.

116. Директорлар кеңесі белгілеген тәртіпте Ішкі аудит қызметі:

1) Қоғамның қызметі туралы тәуелсіз объективті ақпарат ұсынады;

2) бағалауды жүргізеді, жүйелендірілген және тізбекті ыңғайды пайдалана отырып, тәуекелдерді басқаруды, ішкі бақылау және корпоративтік басқару процестерін жетілдіруге мүмкіндік жасап, кеңес береді;

3) Ішкі аудит қызметі туралы Ережесіне сәйкес өз құзыретіне кіретін басқа да функцияларды жүзеге асырады.

Ішкі аудит қызметінің басшысы мен қызметкерлері Қоғамның директорлар кеңесінің шешімімен лауазымға тағайындалады.

Қоғамның ішкі аудит қызметінің тиімділігін бағалау Аудит бойынша Комитеттің ұсыныстарын есепке алып, Директорлар кеңесімен жүзеге асырылады.

117. Қоғам мен Ішкі аудит қызметінің қызметкерлері арасындағы еңбек қатынастары Қазақстан Республикасының заңнамасы мен осы Жарғыға сәйкес реттеледі.

16-бөлім.

КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ
118. Қоғамның Корпоративтік хатшысы Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысын дайындау мен бақылауды, Қоғамның Директорлар кеңесінің отырысына материалдар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, олармен қолдануды қамтамасыз етудің бақылауын жүргізеді, Қоғамның лауазымдық тұлға және органдарымен Жалғыз акционердің мүддесі мен құқығын қамтамасыз етуге бағытталған және де Қоғаммен корпоративтік басқарма саласындағы заңнаманың қағидалары мен ережелеріне, Жарғының ережелеріне және басқа да Қоғамның ішкі құжаттарын қолдануын сақтауды қамтамасыз етеді.

119. Қоғамның Корпоративтік хатшысы Директорлар кеңесінің немесе Қоғам Басқармасының мүшесі болмайтын Қоғамның қызметкері болып табылады.

120. Қоғамның Корпоративтік хатшысы лауазымына Қоғамның директорлар кеңесімен тағайындалады және босатылады және Қоғамның директорлар кеңесіне есеп береді.

121. Қоғамның корпоративтік хатшысының міндеттері, қызметі және мәртебесі Қоғамның ішкі құжаттарымен анықталады.


17-бөлім.

ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТКЕРІ
122. Қоғам Заңнаманың және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын ескере отырып, дербес өз қызметін кадрлармен қамтамасыз етудің барлық мәселелерін шешеді, жұмыс аптасы мен жұмыс күнінің мерзімін, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек және басқа да демалыстардың тәртібін және мөлшерін белгілейді.

123. Қоғам қызметкерлерінің әлеуметтік қамтамасыз ету мәселелерін Қоғамның ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешеді.

124. Қоғамның лауазымдық тұлғалары тура немесе жанама мүдделіктері бар (үшінші тұлға арқылы) сұрақтар бойынша шешім қабылдауға қатыспау керек. Мүдделік бар мәлімет директорлар кеңесінің төрағасына уақтылы жеткізілу керек.

125. Қоғамның лауазымдық тұлғалары қызметінің қағидаттары: Қоғамның лауазымдық тұлғалары:

1) оларға жүктелген міндеттерді адал атқарады және Қоғам мен Жалғыз акционердің мүдделлігін білдіретін тәсілдерді қолданады;

2) Қоғамның мүлігін қолданбау керек және оның қолдануын Жарғы мен Жалғыз акционердің шешімі және Қоғамның директорлар кеңесінің қайшылық келтіріп қолдануды жібермеу және де өзінің жеке мақсаттарына, аффилиирленген тұлғалармен мәміле жасаған кезде қиянаттанбау;

3) бухгалтерлік есеп жүйесінің және қаржылық есептіліктің түгендігін, тәуелсіз аудит өткізуін қосып қамтамасыз етуге міндетті;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес Қоғамның қызметі туралы ақпаратты ашып беруді және ұсынуды бақылайды;

5) Қоғамның қызметі туралы, оның ішінде егер өзгесі Қоғамның ішкі құжаттарында белгіленбесе, Қоғамда жұмыс істеуді тоқтату сәтінен бастап үш жыл ішіндегі ақпараттың құпиялылығын сақтауға міндетті.

Қоғамның директорлар кеңесінің мүшелері міндетті:

1) Қоғам және Жалғыз акционердің мүдделігінде ашық, ақпараттандырылған негізінде жеке еңбек шарттары, Қоғамның ішкі құжаттары мен осы Жарғыны, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйке әркет етеді;

2) Қоғамның Жалғыз акционерінің мүддесіне әділ, корпоративтік мәселелер бойынша тәуелсіз, объективті ой талқылау;

Директорлар Кеңесінің мүшелері, Басқарма мүшелері және Қоғамның басқа да басқарушы қызметкерлері директорлар кеңесіне және/ немесе бәсекелес-серіктестіктің атқарушы лауазымдарында болмауы керек.

126. Қоғамның лауазымдық тұлғалары Қоғам мен Жалғыз акционердің алдында әрекеттерімен зиян келтіргені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, соның ішінде:

1) адастыру ақпаратын ұсынған не жалған ақпарат бергені үшін;

2) Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңында белгіленген ақпаратты ұсыну тәртібін бұзған үшін;

3) Қоғаммен мәміле жасау нәтижесінде олардың немесе олардың аффилиириленген тұлғаларының пайда табуы мақсатында, олардың жосықсыз әрекеті немесе әрекетсіздігі нәтижесінде Қоғамға залал келтірілетін, мүдделілігі бар мәміле және (немесе) ірі мәміле жасау туралы шешім қабылдау және (немесе) мәміле жасауды ұсыну.

Қазақстан Республикасының “Акционерлік қоғамдар туралы” Заңы мен осы Жарғыда көзделген жағдайларда, Қоғамның директорлар Кеңесі немесе Жалғыз акционердің ірі мәміле және (немесе) мәміле жасауда мүдделілігі бар шешім қабылдаса, мәміле жасауды ұсынған лауазымды тұлға немесе жосықсыз әрекет еткен немесе ол мүшесі болып табылатын Қоғам органы отырысында, сонымен қатар оның немесе олардың афилиириленген тұлғаларының пайда табуы мақсатында әрекетсіздік көрсеткен, олардың орындалуы нәтижесінде Қоғамға залал келтіретін болса, лауазымды тұлға жауапкершіліктен босатылмайды.

127. Қоғам Қоғамның Жалғыз акционері шешімінің негізінде лауазымдық тұлғаға Қоғамға келтірген зиянды не шығынды өтеуге сотқа арыздануға құқылы.

Қоғамның лауазымдық тұлғалары Қоғамға шығын келтірген Қоғам органдарымен немесе Жалғыз акционерімен қабылданған шешімге қарсы дауыс берген жағдайда немесе дауыс беруге қатыспаған жағдайда жауапкершіліктен босатылады.



18-бөлім. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ
128. Басқарма мүшелері мен Қоғам бойынша басқа да іріктелген тұлғалар арасындағы Қоғам істері бойынша барлық даулар, жеке және заңды тұлғалармен Қоғамның даулары келіссөздер немесе сот тәртібінде шешіледі.

19-бөлім.

ҚОҒАМДЫ ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ, ТАРАТУ ТӘРТІБІ
129. Қоғам Жалғыз акционердің шешімі бойынша немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да негіздемесі бойынша қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы мүмкін.

130. Қоғамды қайта ұйымдастыру немесе тарату тәртібі Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес реттеледі;

131. Бөлу немесе бөліп шығару арқылы Қоғамды қайта ұйымдастырған кезде қайта ұйымдастырылатын Қоғамның кредиторлары борышкері Қоғам болып табылатын міндеттемелерді мерзімнен бұрын тоқтатуды және шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.

Егер Қоғам қайта ұйымдастырылған кезде өз қызметін тоқтатса, оның жарияланған, оның ішінде орналастырылған акциялары Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен күшін жоюға жатқызылады.



20-бөлім.

ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
132. Егер осы Жарғы ережелерінің біреуінің күші жойылды деп танылса, онда бұл қалған ережелердің қолданысына әсер етпейді.

133. Осы Жарғыға енгізілген барлық өзгерістер мен толықтырулар жазбаша ресімделеді, оған уәкілетті тұлғалар қол қояды және тіркеу үшін Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына беріледі және ол осы Жарғының ажырамас бөлігі болып табылады.

134. Осы Жарғыда көзделмеген барлық жағдайда Қазақстан Республикасының қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерінің ережелерін басшылыққа алынады.

135. Осы Жарғы мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тілде үш данадан жасалған. Осы Жарғының даналарының әрқайсысы бірдей заң күшіне ие.


21-бөлім.

КҮШІНЕ ЕНУІ
136. Осы Жарғы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.


«Павлодар әуежайы» АҚ-ның

Басқарма төрағасы В.И. Юдин



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет