Суды электрлі ыдырату тәсілімен сутегін алу өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары



жүктеу 0.82 Mb.
бет1/5
Дата01.07.2016
өлшемі0.82 Mb.
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2008 жылғы «18» қыркүйектегі

№ 172 бұйрығымен

бекітілген

Суды электрлі ыдырату тәсілімен сутегін алу

өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік

талаптары

1 - тарау. Жалпы талаптар
1. Талап электролиттік сутегі мен оттегін алу, оларды өндіріске жіберу, пайдалану және сақтау нысандарын жобалау, құрылысын жүргізу, пайдалану, ұлғайту, қайта құру, техникалық қайта жабдықтау, уақытша тоқтату және жою кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған және сол жарылыс-өрт қауіпті нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын белгілейді.

2. Осы Талаптың құзыры жүретін барлық өндірістер мен нысандардың құжаттары болады, оның ішінде:

1) жобалау құжаттары;

2) технологиялық регламенті;

3) суды электрлі ыдырату тәсілімен сутегін алу өндірісінде қолданылатын технологиялық жабдықтардың барлық түрлерінің, құбыр желілерінің және олардың тетіктерінің, сақтандырғыш құрылғыларының, бақылау-өлшеу аспаптарының, қауіпсіздік аспаптары мен құралдарының, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарының төлқұжаттары мен техникалық құжаттамалары;

4) апаттық жағдайларды тоқтату және жою жоспары (АЖТЖ);

5) өндірістік бақылау туралы талабы;

6) өндірістік қауіпсіздік декларациясы;

7) басқа тұлғалардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиян мөлшерін сақтандыру туралы келісім-шарты.

3. Технологиялық процесс өзгерген кезде немесе жабдықтардың жаңа түрлерін қолданған кезде немесе құбырлардың, желілердің орналасу сұлбасы өзгерген кезде, технологиялық регламенттер және өндірістік нұсқаулықтар белгіленген тәртіпте қайта қаралады.

4. Суды электрлі ыдырату тәсілі арқылы сутегіні алу өндірісінің технологиялық бөліктерінің энергетикалық потенциалын - Qж есептеген кезде, Qж < 27болатындай жобалық шешімдер қабылданады.

2 - тарау. Өндірістің аумағына қойылатын талаптар
5. Сутегіні өндіруге қатысты ғимараттар мен имараттардың жақын тұрған басқа да ғимараттар мен имараттарға дейінгі ара қашықтығы ең кемі 6 метрден кем болмайды.

6. Баллон-ыдыстардың қоймасынан өндірістік ғимараттар мен имараттарға дейінгі ара қашықтықтар 1 және 2 - кестеде көрсетілген.

1-кесте


Толтырылған баллондар қоймасынан (40 литрлік баллондарға есептегенде)

Ара қашықтығы,

м, кем емес



300 ден 500-ге жуық

20,0

500-бен 1500-дің арасында

25,0

1500-ден артық

30,0

Сыйымдылығына қарамай-ақ қоймалар мен тұрғын және қоғамдық ғимараттардың арасы 100 метрден кем болмайды.

2- кесте

Ғимараттар мен имараттар



Сутегісі бар газгольдерлер мен ресиверлер, м, кем емес




Тұрақты көлемдегі газгольдерлер (сулы)

ресиверлер

1. Тұрғын және қоғамдық ғимараттар


100

100


2. Тас көмір қоймасы, т:

10 000-нан 100 000-ға дейін

10 000 кем емес

15

9


18

12



3. Торф қоймасы сыйымдылығы 10 000 т

дейін


24

24

4. Ағаш материалдар және отындар қоймасы

сыйымдылығы, м:

1000-нан 10 000-ға дейін

1000-нан төмен


42

30


42

30



5. Жанғыш материалдар қоймасы

сыйымдылығы, м:

1000-нан 5000-ға дейін

1000-нан төмен



42

30



42

30



6. Тез тұтанатын сұйықтықтар қоймасы

сыйымдылығы, м :

1000-нан 2000-ға дейін

500-ден 1000-ға дейін

500-ден төмен


42

30



24

36

30



24

7. Жанатын сұйықтықтар қоймасы

сыйымдылығы, м :

1000-нан 2000-ға дейін

500-ден 1000-ға дейін

500-ден төмен


36

30



24

36

30



24

8. Жанғыш газдары бар баллондар қоймасы

сыйымдылығы, м :

1500-нан 5000-ға дейін

500-ден 1500-ға дейін



30

25



30

25



9. Сығылған газдар құйылған реципиенттер және көліктік цистерналар сыйымдылығы, м :

1000-нан 10 000-ға дейін

1000-дейін


18

12



24

18



10. Жанатын газдар толтырылған ашық алаңда

тұрған газгольдерлер мен ресиверлер

сыйымдылығы, м :

1000-нан 10 000-ға дейін

100-ден 1000-ға дейін

30

24


0

24



11. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік

және қосалқы ғимараттары:

I, II дәрежелі отқа төзімділік

III, IV, V дәрежелі отқа төзімділік



24

30



30

34



12. Ашық ауадағы өндірістік пештер мен от

жанатын қондырғылар


100

60


13. Темір жол телімдерінің шекарасы:

тіке жолдарда

сұрыптау бекеттерінде

30

48


30

48



14. Автокөлік жолдарының телімдеу шекарасы:

I - II категориялы

IV, V категориялы


21

15



21

15



15. Теміржол немесе трамвай жолдарының осі,

телімдеу сызығы жоқ автокөлік

жолдарының жиегі


21


21

Келтірілген ара қашықтықтар сыйымдылығы 1000 м3 болатын оқшау тұрған газгольдерлерге (ресиверлерге) немесе газгольдерлер (ресиверлер) тобына қатысты. Сыйымдылығы 1000 м3 немесе одан кем болатын оқшау тұрған газгольдерлердің (ресиверлердің) немесе газгольдерлер (ресиверлер) тобының ара қашықтығын мына коэффициенттер арқылы қабылдайды:

250-ден 1000-ға дейін – 0,7 м;

250-ден кем болса – 0,5 м.

Жанатын және тез тұтанатын сұйықтықтарды жер асты сақтау кезінде рет саны 6-шы және 7-ші тармақтарда көрсетілген ара қашықтықтарды 2 есе азайтады.

Газгольдерлер (ресиверлер) және түтін шығатын құбырлардың ара қашықтығы түтін шығатын құбырлардың биіктігінен кем болмайды.

Ауада тартылған электр жүйелері мен газгольдерлердің (ресиверлердің) ара қашықтығы электр жүйелерінің тіректерінің биіктінен кемі 1,5 м артығырақ қабылдайды.

Көрсетілген ара қашықтықтар электролиттік оттегі құйылған газгольдерлер (ресиверлер) үшін жарамды.

Оттегі құйылған газгольдердің (ресиверлердің) ара қашықтығын 2 есе кемітуге рұқсат етіледі. Басқа жанбайтын газдарға арналған газгольдердің (ресиверлердің) ара қашықтығын осы Талаптың 1-ші кестеде белгіленген көрсеткіштерден кем болмайтындай етіп қабылдайды.

Газгольдерлер (ресиверлер) және ғимараттар немесе имараттар аралық учаскелерде жанбайтын материалдарға арналған ашық қоймаларды орналастыруға рұқсат етіледі.

Газгольдерлердің (ресиверлердің) сыйымдылығы газгольдерлердің (ресиверлердің) геометриялық көлемі тең деп есептеледі.

Сутегіге арналған бөлек тұратын ыдыстар және аппараттардан көршілес ғимараттарға және имараттарға дейінгі ара қашықтықты осы Талаптың 1-кестеде белгіленген көрсеткіштерге сәйкес қабылдайды.

Көрсетілген ара қашықтықтар III дәрежелі жарылыс қауіпті технологиялық блок нысандарына қатысты. I және II дәрежелі жарылыс қауіпті технологиялық блок нысандарын орналастыру апаттық жағдайлар кезіндегі қираудың есептелген радиустарына қатысты жүргізіледі.

7. Баллондарды толтырылу цехынан және оларды сақтау қоймаларынан, сонымен қатар, сутегі және инертті газдар толтырылған баллондарды (40-литрлікке есептегенде) сақтауға арналған алаңқайлар мен жабындардан көршілес ғимараттарға дейін ара қашықтықтар, осы Талаптың 2-кестесінде келтірілген көрсеткіштерге сәйкес қабылданады. Ғимараттар мен имараттардан сутегі толтырылған газгольдерлерге және ресиверлерге дейінгі ара қашықтық (осы Талапта белгіленген жағдайлардан басқа) осы Талаптың 2-кестесі бойынша қабылданады.

8. Сутегіге арналған газгольдерлер, сонымен қатар, сутегі мен оттегіге арналған ресивер-ыдыстар, айналасын биіктігі 1,2 метрден кем болмайтындай, отқа жанбайтын жеңіл қоршаумен қоршалған алаңқайларда орналастырылады. Қоршаудың қабырғасына «Темекі шегуге тыйым салынады», «Бөгде адамдарға кіруге болмайды» сияқты қауіпсіздіктің ескерту, ал, ресивер-ыдыстар мен газгольдерлерге «Сутегі. Жарылыс қауіпті», «Оттегі. Отқа қауіпті» сияқты қауіпсіздіктің анықтауыш белгілері ілініп қойылады. Қоршау қабырғасының сутегі толтырылған газгольдерлерден ара қашықтығы 5,0 метрден, ал сутегі және оттегі толтырылған ресивер-ыдыстардан - 1,5 метрден кем болмайды.

9. Сутегі және оттегі толтырылған ресивер-ыдыстардың ара қашықтығын 10,0 метрден кем қабылдамайды. Егер, ресивер-ыдыстардың арасы, ресивер-ыдыс биіктігінен ең кемі 0,7 метр және оның сыртқы өлшемдерінен ең кемі 0,5 метр асатын, отқа жанбайтын, бүтін қабырғамен бөлінген болса, онда, ресивер-ыдыстардың арасын 10,0 метрден кем қабылдауға болады.

10. Кейбір жағдайларда қысымы 1,0 МПа аспайтын, сыйымдылығы (геометриялық көлемі) 10 м3 дейінгі сутегі ресиверлерін бүтін қабырғалардың немесе сутегі өндірісінің қарапайым ғимараттарында орналастыруға болады. Бұл жағдайларда, ресивер мен қабырғалардаң ара қашықтығы 1,0 метрден кем болмауы керек және оларға қызмет көрсетуге, жөндеу жұмыстарын жүргізуге ыңғайлы болады. Сонымен қатар, ресиверлердің жалпы саны екіден аспайды.

11. Газдың бір ғана түріне қолданылатын ресиверлердің бір-бірінен ара қашықтығы 1,5 метр және қызмет көрсетуге ыңғайлы болуы шарт.

12. Оттегі, азот және сығылған ауаға арналған ресиверлер, сутегі өндірісі ғимаратының бүтін қабырғаларда немесе қарапайым ғимараттарда орналастыруға болады. Бұл ғимараттардағы қабырғалар мен ресиверлердің ара қашықтығын 1,0 м деп қабылдайды. Қабырғаның бүтін жағы ресиверден 0,5 м шығып тұрады.

13. Азот пен сығылған ауаға арналған ресиверлер, сутегіге арналған ресиверлермен бір алаңқайда, аралары 1,5 м болып орналаса алады.

14. Өндірісті пайдаланушы ұйым, сырттан бөгде жандардың кіруіне және санкциясыз іс-қимылдарға жол берілмейтіндей етіп, сенімді күзет қамтамасыз етіледі. Сутегі өндірісінің аумағы айналдыра биіктігі 2,0 м болатын шарбақпен және қақпа мен кірер есік, қоңырау, кодталған құлыппен және күзету-белгі беру құрылғысымен жабдықталады.

15. Сутегі немесе ауыр газдар толтырылған 40 литрлік баллондарды (жалпы саны оннан артық емес) сақтауға арналған болат кебежелер мен жанбайтын бастырмаларды, бүтін қабырғалардың сыртқы жағына немесе сутегін пайдаланушылар орналасқан, қарапайым өндірістік ғимараттарда орналастыруға болады.

16. Электролиттік сутегі өндірісі аумағындағы автокөліктердің жылдамдығы мен жүру тәртібі пайдаланушы ұйыммен белгіленеді және сілтемелермен және жол белгілерімен реттеледі.




3 - тарау. Сутегі өндірісіндегі ғимараттарға, имараттарға және бөлмелерге қойылатын талаптар
17. Электролиттік сутегі өндірісінің бөлімшелерінің жарылыс қауіпті бөлмелерін бір қабатты, жабдықтарды орналастыратын және оларға қызмет көрсететін алаңқайды екінші деңгейге орналастыратындай етіп жобаланады.

18. Электролиттік сутегі өндірісінің және оның айналымының ғимараттарының өрт төзімділігін кепілді түрде 2,5 сағаттан кем болмайтындай қылып қабылдайды.

19. Сутегі-оттегі бекеттерінің өндірістік бөлмелерінің ең кем дегенде сыртқы бір қабырғасы болады. Сутегі айналымындағы бөлмелер, басқа бөлмелерден шаң-газ өтпейтін қабырғалармен бөлінеді.

20. Сутегі айналымы бөлмелерінің үстінде немесе астында әлдебір өндіріс орындарын немесе басқа да бөлмелерді орналастыруға болмайды. Сутегі өндірісі бөлмелерін жертөлелер мен цокольдық қабаттарда орналастыруға болмайды.

21. Электролиттік сутегі өндірісінің ғимараттары мен имараттарын найзағайдың тура соққыларынан және оның қайтара соққысынан қорғалады.

22. Сутегіні сығуға арналған компрессорлық қондырғыларды бөлек тұрған ғимараттарда, сонымен қатар, сутегі өндірісі орындарына қоса салынған орындарға орналастырады.

23. Сутегі электролизінің жұмыс істеп тұрған және қайта құрылған цехтарындағы сутегі бойынша жалпы сағаттық өнімділігінің (қалыпты жағдайдағы м3) электролиз кезіндегі қысымға (МПа) көбейтіндісі 10 (оннан) аспаса, мына жағдайларда көп қабатты ғимараттардың жоғарғы қабатында орналаса алады:

1) электролизер қойылған бөлменің көлемі (м3) жоғарыда көрсетілген көбейтіндіден 5 (бес) немесе одан да көп есеге асып түссе;

2) электролизерлер саны екеуден аспаса.

24. Электролиттік сутегі өндірісі кешенінің бір өндірістік ғимаратында, суды электрлік әдіспен ыдырату процесімен қатар, сол процеске қатысты басқа да электролит және тазартылған су дайындау, оттегін сығымдау және оны баллондарға құю, баллондарды бояу және оларды кептіру, жөндеу-сынау шеберханасы, сараптамалық және басқа да қызмет түрлері орналаса алады.

25. Жарылыс қауіпті өндірістермен аралас орналасқан сутегі өндірісінің өндірістік ғимараттарында мынадай қосалқы және қосалқы-өндіріс орындарын орналастыруға болады:

1) әжетханалар, душтар, темекі шегу орындары;

2) тамақ ішетін бөлме;

3) кезекші арнайы киімді сақтау бөлмесі;

4) жалпы аумағы 36 шаршы метрден аспайтын және ауысымдағы адам саны 5-тен аспайтын, шұғыл-лаборатория бөлмесі;

5) цехтың кезекші қызметкерінің (аумағы 20 шарша метрден аспайтын 1-2 бөлме), станок және пісіріп жалғау жабдықтарынсыз, бөлмесі;

6) шаруашылық заттарының, қосалқы бөлшектер мен материалдар қоймасы, сонымен қатар, басқа да жұмысшы орынсыз қосалқы-өндірістік орындар.

Бұл бөлмелер мен өндірістік орындар арасындағы қатынас жолдар қысымы 0,2∙10-4 МПа кем емес ауа ағыны келіп тұратын тамбур-шлюздер арқылы жалғасады.

26. Көмекші және қосалқы бөлмелерді, жарылыс қауіпті өндірістердің ені 6 м кем емес, жұмысшы орынсыз, қосалқы-өндірістік орындарына (желдету бөлмелері, зат қойғыш бөлмелер, баспалдақ алаңқайлары) қосарлай салынған орындарда немесе бөлек салынған ғимараттарда орналастыруға болады.

27. Сутегі өндірісінің ғимаратына жанай немесе қосарланып салынған орынға технологиялық, электрлік техникалық желілерді суыту жүйелерін, сонымен қатар, желдету жүйелерін орналастыруға болады. Бұл жағдайда, осы ғимараттарға арналған қолданыстағы нормалар мен талаптар орындалады. Салқындатқыштарды ғимарат төбесіне орнатқан кезде, оларды сутегі қалдықтарының атмосфераға шығарылатын жерінен алысырақ жерге орналастырады.

28. Суыту қондырғыларының машина бөлімшесін (сутегіні суыту тәсілімен кептіру жүйелерінде) электролизер бөлімшесінен бөлек орналастырылады.

29. Сутегі-оттегі бөлімшесінде оттегіні сығымдау кезінде, сутегі айналымына қатысы жоқ бөлек ғимарат қарастырылады.

30. Пневматикалық жүйелердің сұранысын қамтамасыз етуге арналған ауалық компрессорларды, жарылыс қауіпті аймақтан аулақ жердегі бөлек ғимаратта орналастырады.

31. Сутегі-оттегі бөлімшесінің ғимараттарына жанай, электрлік қондырғы құрылғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарына сай, трансформаторлық және тарату қондырғыларының бөлмесін орнатуға болады. Бұл бөлмелерден сутегі-оттегі бекетінің өндірістік және басқа бөлмелеріне кіретін есік орнатуға болмайды.

32. Жарылыс қауіпті бөлмелердің арасын бөліп тұратын қабырғалар, өрт қауіпсіздігі және белгілі тәртіпте бекітілген құрылыс нормалары мен талаптарына сай, өртке қарсы, отқа жанбайтын, отқа төзімділігі 2,5 сағат, отты тарату шегі нөлге тең және шаң-газ өткізбейтін болады.

33. Компрессорлық бөлмелерді толтыру бөлмелерінен бөліп тұратын қабырғаларда ойықтар қарастыруға болмайды.

34. Сутегі өндірісін электролиттік сутегін пайдаланатын өндірістермен бір ғимаратта орналастыруға болады, егер мына төмендегі шарттар орындалар болса:

1) сутегі өндірісі мен электролиттік сутегін пайдаланатын өндірістер бірдей дәрежеде өрт-жарылыс қауіпті болса;

2) сутегі өндірісі мен электролиттік сутегін пайдаланатын өндірісінің арасында ені 6 м кем болмайтын, өн бойында, қызметкерлер ұдайы болмайтын бөлмелері бар қосарланған құрылыс болса;

3) қосарланған құрылыстың екі жағында, ғимараттың ең биік нүктесінен ең кемі 0,7 м артық етіп тұрғызылған өртке қарсы қабырғасы болса;

4) сутегі құбыр желісінің тұтынушыға барар жағында жедел жабылғыш қақпақшалар болса.

35. Электролиттік сутегі өндірісінің бөлімшелері осы өндіріске кірмейтін, бірақ бір ғимаратта орналасқан басқа өндірістің бөлімшелерімен ара қатынас тамбур-шлюзі бар дәліз арқылы жүргізіледі.

36. Жарылыс қауіпті ғимараттар мен бөлмелерде сыртқы, жеңіл лақтырылатын, есептеулерге қатысты қабылданған, есептеулердің нәтижесі болмаған жағдайда, ғимараттың жалпы көлемінің 1 м3 бөлігіне ең кемі 0,05 м2 болатындай жабулау-қоршау құрылымдары болу керек. Жеңіл лақтырылатын жабулау-қоршау құрылымдарына-терезелер (егер, терезелер қалыңдығы 3, 4 және 5 мм шыныдан, сонымен қатар, аумағы тиісінше 0,8; 1 және 1,5 м2 болса), жеңіл жылуұстағышпен қапталған, асбоцемент, алюминий және болат қаңылтырлардан жасалған құрылғылар, жарық шамдарының құрылғылары жатады. Жеңіл лақтырылатын жабулау-қоршау құрылымдарына түсетін салмақ (олардың өз салмағын, сонымен қатар, тұрақты және уақытша түсетін салмақты қосқанда) 1,2∙102 МПа жоғары болмайтындай етіп қабылданады.

37. Сутегі айналымда жүретін бөлмелердің жабу құрылымдары, сутегі жиналып қалатындай болмауы керек. Мұндай құрылымды қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, жабын-бастырма астында, сонымен қатар, алаңқай астында құрылым қырларының шектеген орындарында сутегі жиналып қалмайтындай шара қолданылады. Оны бөлменің жоғарғы жағынан шығару үшін, бөлменің төбе жағынан 1,0 м төмен, егер бөлменің биіктігі (Н) 4,0 м дейін болса, ал бөлменің биіктігі (Н) 4,0 м биік болса, төбеден 1/40∙Н қатынасына тең болатын аралықтан, желдетудің арнайы құрылғылары қарастырылады. Алаңқайларда тұрып қалған ауаны қуу үшін, қажет болған жағдайда тормен жабылатын тесіктер қарастырылады. Тесіктер болмаған жағдайда, желдету кәдімгі ауа алмасу арқылы жүргізіледі.

38. Сутегі айналымда жүретін бөлмелерде, тереңдіктері төменде көрсетілгендей болатын, көмілмейтін және желденбейтін арықтар болады:

1) 0,5 м дейін-су құбырларын жүргізу үшін;

2) 1,5 м дейін-бұл арықтарда сутегі және қышқыл құбырлары жүргізілмесе.

39. Өрт-жарылыс қауіпті ғимараттар мен бөлмелерді басқалардан бөліп тұратын қабырғалардың, сыртқы немесе өртке қарсы қабырғалардың астынан өткен арықтар мен каналдарда жалынды тарату шегі нөлге тең жанбайтын материалдан жасалған бүтін диафрагмалар қарастыру керек. Құбырларды төсеуге арналған, аралас бөлмелердің арасын жалғастырып тұрған арық-каналдардың екі жағын ұзына бойына қабырғаның осінен 1 м болатындай етіп, құм көміп тасталады.

40. Электролизерлік және сілтілік бөлімшелерде, сонымен қатар, электролит айналымда жүретін басқа да бөлмелерде арық-каналдарды химиялық қорғау және жабдықтардан электролиттің төгілуінен қорғау шараларын ұйымдастырады.

41. Сутегі өндірісіндегі бөлмелердің едендерін ұшқын шықпайтын және ток өткізбейтін материалдан салады. Электролизерлік және сілтілік бөлімшелерде, сонымен қатар, сілтіге шыдамды болуы керек. Еденді ұшқын шықпауын қамтамасыз ететін қоспасы бар бетоннан салуға болады. Электролиттік және сілтілік бөлімшелерде керамикалық (метлах) плиткаларын пайдалануға болады.

42. Сутегі өндірісінің ғимаратындағы аралық қоймалардың немесе ғимарат жанындағы алаңқайдың ең көп сыйымдылығы 300 дана толтырылған және 300 дана толтырылмаған баллондардан аспайды.

43. Сутегі толтырылған баллондарды сақтайтын қойманың бөлмелерін биіктігі 2,5 м болатын, төбе салмағын немесе өз салмағын қабылдай алатын қорғаныс қабырғалармен бөліктерге бөлу керек, сонымен қатар, әрбір бөлікте ең көбі 500 дана баллон орналасу керек. Әрбір бөліктен сыртқы арту алаңқайына шығатын есік болуы керек. Әрбір бөлікте, талап бойынша, аралары биіктігі 2,2 м болатын қоршаулармен бөлінген, сыйымдылығы 36-40 дана баллон болатын бөлімдер болады.

44. Оттегі және сутегі баллондарын, аралары өртке қарсы газ өтпейтін қабырғалармен бөлінген қоймада сақталады. Оттегі және сутегі баллондарын сақтайтын бөлмелердің шығар есіктері бөлек болады.

45. Сутегі толтырылған баллондарды сақтайтын қойманың ғимаратында қосалқы бөлмелерді орналастыруға жол берілмейді.

46. Ашық алаңдарда сутегі баллондары мен ауаны бөлудің өнімдері болып ауыр газдар толтырылған баллондарды бірге сақтауға болады, сонымен қатар, сутегі баллондары басқа баллондардан биіктігі 2,5 м кем болмайтын, қалыңдығы 120 мм кес емес қоршаумен бөлінеді. Қоршау ең шеткі баллоннан 0,5 м шығып тұрады.

47. Электролиттік сутегі өндірісінің ғимаратында санитарлық-тұрмыстық бөлмелер қарастырылады, оның құрылымы мен жабдықтары, белгілі тәртіпте бекітілген құрылыс нормалары мен талаптарына сай, жобада қарастырылады.

48. Әрбір өндірістік бөлмелерінде алғашқы көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмектері мен орап-байлау материалдары бар, дәрілік құты болады.

4 - тарау. Жылыту, желдету және ауа ылғалдандыру жүйелері
49. Өрт және жарылыс қауіпті ғимараттар мен бөлмелерде сумен жылыту жүйесі қолданылады. Бұл сумен жылыту жүйесінің құрылғылары, элементтері, тетіктері, сонымен қатар, олардың орналасуы бөлмеге ылғалдың түсуін болдырмайтындай болуы керек. Кейбір негізделген кездерде, ауамен жылыту жүйесін пайдалануға рұқсат беріледі, бұл кезде желдеткіш құрылғылары ұшқын шықпайтындай болып жасалады.

50. Өрт және жарылыс қауіпті бөлмелерді басқаларынан бөліп тұратын ішкі қабырғалар арқылы жылыту құбырлары өткен жерлер отқа жанбайтын материалмен нығыздалып, бекітіледі.

51. Сутегі бөлінуі мүмкін, электролиздеу, сутегіні тазалау және құрғату, компрессорлық, толтыру және басқа да бөлмелер ауаны жоғарғы жақтан дефлекторлар арқылы, көлемі сағатына бір ауа ауысымнан кем болмайтындай, өзінен-өзі сорып тұратын желдеткіштермен жабдықталады. Бөлмеге керекті ауа қажетті көлемде терезеден, шаң ұстағыштар арқылы кіреді. Апаттық желдеткіштің қажеті жоқ.

52. Электролиздеу, сутегіні тазалау және құрғату бөлмелеріндегі желдету жүйелерінің есептеулерін электролизерлерден, құрғатқыштардан, түйістіру аппараттарынан және басқа да жылу бөлінетін жабдықтардан, сонымен қатар, жылу құбырларынан тарайтын жылуларды есепке ала отырып жүргізеді.

53. Өздігінен ауа кіретін барлық терезелер мен тесіктердің ашылатын жақтары және басқа да ашылатын құрылғылар, желдету ауа кіру тесігін қажет мөлшерге дейін реттеуге болатын, жеңіл басқарылатын және сенімді тетіктермен жабдықталады.

54. Желдету ауа кіру тесігінің қажетті мөлшерін бөлменің есептелген сағатына бір рет ауысатындай есеппен реттеуге болады, сонымен қатар, ауаның дефлектор арқылы ауысу көлемін бір еседен кем болмауын қадағалайтын құрылғы қарастырады.

55. Кейбір, негізделген жағдайларда, ауаның ауысуын сағатына 6 есе болатындай етіп, механикалық құрылғы немесе аралас (ауаның кіруі механикалық, шығуы-өздігінен) түрін қарастырады. Бұл жағдайда апаттық ауа алмасу қарастырылады. Апат жағдайында, электролиттік сутегі өндірісінің тұрақты жұмыс істеп тұрған жалпы желдеткішіне қосымша автоматты түрде ауа алмасу жүйесі қосылады. Апаттық желдеткішті қосу-ажырату газ анықтағыш аспабымен реттеледі.

56. Сутегі айналымда жүретін бөлмелердің ауа сору жүйелерінде сору құрылғыларын пайдалануды жобалаушы ұйым анықтайды.

57. Бөлменің сутегі аралас ауасы тазаланусыз атмосфераға шығарылады.

58. Бөлмеге кіретін ауаны соратын құрылғыны, құрамында сутегі, оттегі, және басқа да жарылыс қауіпті газдар болмайтын жерлерден соратындай етіп орнатады.

59. Газ сараптау бөлмесіне ауа кіргізетін камераға қосымша желдеткіш орнатылады.

  1   2   3   4   5


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет