4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері,
мақсатты индикаторлары
«Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асырудың түпкі мақсаты кешенді нәтиже алу болып табылады, ол мынадай әлеуметтік-экономикалық бағыттарды біріктіреді:
Қазақстанның халқына аса ірі отандық компаниялардың акцияларын иелену, сондай-ақ бағалы қағаздарға инвестиция салу жолымен жинақтарын әртараптандыру және көбейту мүмкіндіктерін беру;
бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту;
бағалы қағаздар нарығында инвестициялау мәдениетін қалыптастыру;
Қазақстанның аса ірі компанияларының ашықтығын, тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Осы Бағдарлама «Самұрық-Қазына» АҚ кіретін еншілес және тәуелді ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасы халқының арасында бағалы қағаздар нарығына орналастырудың тең қол жетімді, ашық және әділ үдерісін болжайды.
Жоғарыда көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:
1) Қазақстан азаматтарының мүмкіндігінше барынша көп санын ашықтық, әділдік және тең қол жетімділік қағидаттарында Бағдарламаға қатысуға тарту;
2) Қор компанияларын корпоративтік басқаруды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шеңберде әлемдік практикаға сәйкес келтіру;
3) инвесторлар үшін бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдерді азайту жөнінде тетіктер жасау;
4) бағалы қағаздар нарығына инвестиция салу үшін қолайлы жағдайлар жасау;
5) бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын жаңғырту;
6) құқықтық кедергілерді жою және нормативтік құқықтық базаны жетілдіру;
7) компанияларды мемлекеттік реттеудің тәсілдерін жетілдіру.
«Халықтық ІРО» бағдарламасын ойдағыдай іске асыру Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын дамытуға, сондай-ақ ел тұрғындарының инвестициялық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беруі қажет.
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай негізгі түйінді көрсеткіштерге қол жеткізу көзделеді:
«Халықтық IPO» шеңберінде Қордың 6 еншілес және тәуелді компанияларының акцияларын орналастыру;
Қазақстан Республикасының жеке тұлғаларынан кемінде 160 000 адамды Бағдарламаға қатысуға тарту;
Қазақстан қор биржасы акциялар нарығын (капиталдандыру) көлемін 2011 жылғы орташа көрсеткіштен 2015 жылға қарай кемінде 15-20%-ға өсіру;
2015 жылға дейін Қор компанияларының акцияларын орналастыру шеңберінде кемінде 500 млн. АҚШ долларын тарту.
«Халықтық ІРО» бағдарламасын ойдағыдай іске асыру халыққа жинақ ақшаны инвестициялауға және көбейтуге, ал Қордың еншілес және тәуелді компанияларына акционерлік капиталға қаражат тарту есебінен өз дамуын қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның ірі компанияларының IPO жүргізуі инвестициялау құралы ретінде акциялар нарығының тартымдылығын арттырады, ол басқа компаниялардың акцияларын бағалы қағаздар нарығына шығаруына мүмкіндік береді.
Бағдарламаны іске асыру жүйені жетілдіру, корпоративтік басқару, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару есебінен Қор тобының компанияларын басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттырады.
5. «Халықтық ІРО» бағдарламасын іске асыру кезеңдері. Акцияларды бағалы қағаздар нарығына шығару
«Халықтық IPO» бағдарламасын іске асыру бірнеше жылдар бойы тізбекті кезеңдермен жүзеге асырылатын болады және көптеген компанияларда іске қосылады. «Халықтық ІРО» бағдарламасы шеңберінде акцияларды орналастырудың нысаналы индикативтік үлесі дауыс беретін акциялардың жалпы санының 5%-ынан бастап 15%-ына дейін құрайды, Бағдарлама шеңберіндегі артықшылығы бар акцияларды орналастыру үлесі Кандидат компаниялар үшін жеке белгіленетін болады. Бұл ретте акциялардың дәл санын ІРО-ға дайындық кезінде компаниялардың негізделген ұсынысы бойынша Қордың Директорлар кеңесі ұсынады және Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен бекітеді.
Инвесторлардың әр түрлері үлгілері арасында орналастыру құрылымы (бөлшек және институционалдық) әрбір нақты жағдайда айқындалатын және кандидат-компаниялардың негізделген ұсынысы бойынша Қордың Директорлар кеңесі бекітетін болады.
Бағалы қағаздар нарығында орналастырылатын акциялар үлесін айқындау кезінде компаниялардың әрқайсысы мынадай негізгі факторларды ескеретін болады:
талап етілетін күрделі салымдар шамасын;
бақылаушы акционердің ағымдағы үлесін және акционерлердің нысаналы құрылымын;
бағалы қағаздар нарығында орналастырылатын акциялар санын және орналастырғаннан кейін олардың өтімділік дәрежесі бойынша күтілуін;
болашақта акциялардың құнын елеулі түрде арттыруға мүмкіндік беретін және тиісінше акцияларды қосымша орналастыруды5 жүргізетін факторлардың болуы.
Бағдарлама артықшылық берілген акцияларды капитал тартудың қосымша құралы ретінде пайдалану мүмкіндігімен:
тұрақты дивидендтер алуға мүдделі инвесторлардың сұранысын қанағаттандыру;
жай акциялардың елеулі үлесі орналастырылған немесе сатылған жағдайда заңды және операциялық бақылауды сақтау мақсатында Кандидат-компаниялардың жай акцияларын орналастыруды немесе сатуды болжайды.
Компанияларды іріктеу үдерісі
«Халықтық ІРО» бағдарламасына қатысу үшін Кандидат компанияларды іріктеу бірнеше кезеңде жүзеге асырылды, бұл «Самұрық-Қазына» АҚ тобынан барынша қолайлы компанияларды тиімді іріктеуге мүмкіндік береді.
Іріктеу әдіснамасы олардың негізінде «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін компаниялардың ІРО-ға дайындығы айқындалатын объективті өлшемдерді анықтайды. Бұл өлшемдерді компаниялардың оларға дайындық прогресін анықтау және болашақтағы ІРО үшін Кандидат компанияларды айқындау үшін тұрақты негізде бағалауға болады.
Бірінші кезең сандық көрсеткіштер негізінде іріктеуді білдіреді, бұл кейіннен барынша егжей-тегжейлі талдау мақсатында «Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін 400 еншілес және тәуелді ұйымдардың ішінен оңтайлы деңгейге дейін қолайлы Кандидат компаниялар санын азайтуға мүмкіндік береді. Осы кезеңде іріктеу өлшемдері ретінде 2010 жыл ішіндегі «түсім» және «EBITDA»6 көрсеткіштері таңдап алынды, олардың шамасы тиісінше 500 млн. АҚШ долларынан және 50 млн. АҚШ долларынан аспауы тиіс. Кейіннен Қазақстанның бағалы қағаздар нарығын дамыту шарасы бойынша іріктеудің сандық өлшемдері түзетілуі мүмкін.
Екінші кезең бағалы қағаздар нарығына акцияларды шығару қатынасы бойынша күшті және әлсіз жақтарын айқындау мақсатында ағымдағы қызметті және даму перспективаларын зерделеуді болжайды. Осы кезең шеңберінде холдингтік компаниялар деңгейінде де, сондай-ақ орташа компаниялар деңгейінде де сандық және сапалық талдау жүргізілді. Осы талдау «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарының бизнес-жоспарларын, қаржылық жағдайын, даму жоспарларын, корпоративтік басқару жай-күйін, стратегиялық анықтығы мен техникалық дайындығын талдауды қамтыды. Осы кезеңде мыналарға:
анық және теңгерімделген даму стратегиясына;
тұрақты және оң рентабельді перспективаларға;
қор биржасында листингтің болмауына;
ең үздік әлемдік практикаға сәйкес корпоративтік басқарудың жеткілікті деңгейіне7 ие компаниялар іріктелініп алынды.
Кандидат компанияларды іріктеу үдерісінің қорытынды кезеңі жекелеген компаниялар қызметін егжей-тегжейлі талдау болып табылады. Кандидат компаниялардан әрқайсысын толық талдау ІРО жүргізуге дайын барынша қолайлы кандидаттарды айқындауға мүмкіндік береді.
Кандидат компанияларды бағалау жүйесі барлық компанияларға келісілген тәсілде қолданылатын объективті өлшемдерге негізделген. Балл белгіленген өлшемдерге жауап беретін компаниялардың дайындық дәрежесіне сәйкес бөлінеді:
1. Стратегиялық анықтығы – қалыптасқан әрі анық даму стратегиясының, компанияның айқын және түсінікті тарихы мен инвестициялық тартымдылығының болуы, ағымдағы сәтте бизнесті қайта құрылымдау үдерісінің болмауы.
2. Қаржылық жағдайы – қаржылық қызметке тарихи шолу, пайдалы операциялар тәжірибесі, қызметтің болжанатын нәтижелеріне шолу, компания болашақта ашықтықтың жоғары дәрежесі мен шығындардың шектелеген тәуекеліне оң болжамға және оның ІРО-дағы инвестициялық тарихын («equity story») растайтын дербес өсуінің перспективаларына ие бола ма.
3. IPO жүргізгеннен кейін тұрақты жағдай – компаниялардың олардың қаржылық қызметімен және олардың акцияларының болашақтағы бағасымен байланысты тәуекелдерді қоса алғанда, кандидаттарға сыртқы факторлардың әсер етуін бағалау.
4. Мәміле мөлшері – мүмкін болатын қаржыландыруды, компанияның қаржыландыру жөніндегі талабын және бизнес-стратегияның сәйкестігін, сондай-ақ Кандидат-компания капиталының құрылымына ІРО-ның әсер етуін есепке ала отырып, ІРО мәмілесінің әлеуетті мөлшерінің барабарлығын бағалау.
5. Орналастыруға (листингке) қойылатын талаптар – Кандидат компаниялардың ҚҚБ талаптарына сәйкестігін талдау.
6. Техникалық дайындығы (құқықтық жағы/корпоративтік басқару) – ІРО табысты жүргізу үшін кез келген маңызды кедергілерді айқындауға арналған құқықтық, қаржылық және басқарушылық тексеру, сондай-ақ ағымдағы қаржылық есептілік, корпоративтік басқару, инвесторлармен қарым-қатынас және жария компаниялардың мәртебесімен байланысты міндеттемелерді сақтау бөлігінде Кандидат компаниялардың техникалық дайындығын бағалау.
Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарын орналастыруға халықтың қатысу нәтижелері тұтастай алғанда Бағдарламаға қатынасын анықтайтын және болашақта бағалы қағаздар нарығына халықтың сеніміне әсер ететінін атап өткен жөн. Соның салдарынан Кандидат компанияларды іріктеу кезінде негізгі өлшем өндіруші сектор Кандидат компанияларының операциялық қызметіне шикізаттық нарықтар конъюнктурасының әсері нәтижесінде компаниялар акцияларының өзгермелілік тәуекелі болып табылады.
Кандидат компанияларға сипатталған өлшемдерді есепке ала отырып, «ІРО дайындығы» өлшемдеріне сәйкестендіру дәрежесі бойынша балл береді және олардың деңгейіне сәйкес дайындық тобына орналастырады. Уақыт өте келе, компаниялар, егер олардың дайындық деңгейі жақсартылса, орналасуына қарай жоғарыға жылжуы мүмкін. Балдық жүйенің өзі мынадай мәндерді қамтиды:
2 балл: Кандидат компания толығымен өлшемдерге сәйкес келеді;
1 балл: Қазіргі уақытта кандидат компания шешілуі мүмкін белгілі бір проблемаларға байланысты өлшемдерге сәйкес келмейді және шешу үшін іс-қимыл жоспары бар.
0 балл: Кандидат компания қазіргі уақытта өлшемдерге сәйкес келмейді және бұл мәселенің шешілуі уақытты талап етеді.
Төмендегі кестеде іріктеудің барлық үш кезеңінен өткен Кандидат компаниялардың талдауы көрсетілген.
Іріктеу өлшемдеріне сәйкес Кандидат компаниялардың балдарын бағалау түйіні
Кандидат компания
|
Страте-гиялық анық-тығы
|
Қаржылық жағдайы
|
ІРО-дан кейінгі тұрақтылығы
|
IPO мөлшері
|
Листинг талап-тары
|
Техн. дайындығы
|
Балдың жалпы саны
|
тарих.
|
болашақ
|
Air-Astana
|
2
|
2
|
2
|
1
|
2
|
2
|
2/2
|
15
|
ҚТО
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1/2
|
15
|
КЕГОК
|
2
|
1
|
2
|
2
|
2
|
2
|
1/1
|
13
|
ҚТГ
|
1
|
2
|
2
|
2
|
1
|
2
|
1/1
|
12
|
ҚТКФ
|
2
|
2
|
2
|
1
|
1
|
1
|
2/1
|
12
|
Самұрық-Энерго
|
2
|
1
|
2
|
1
|
1
|
2
|
1/1
|
11
|
ҚМГ ҰК
|
1
|
2
|
2
|
0
|
0
|
2
|
1/1
|
9
|
ҚАӨ ҰАК
|
1
|
1
|
1
|
0
|
0
|
2
|
1/1
|
7
|
ҚТТ
|
1
|
2
|
1
|
1
|
1
|
2
|
0
|
8
|
ҚТЖ
|
1
|
2
|
1
|
1
|
0
|
2
|
0
|
7
|
Кандидат компаниялардың ІРО-ға дайындығына ұсынылған бағалауды негізге ала отырып компаниялар бөлінісінде кешенді талдау жүргізілді. Сонымен ІРО-ға барынша дайын компаниялар бойынша мыналарды атап өту қажет:
«Қазтрансойл» АҚ, оның үлесіне тасымалдаудың елдегі мұнай өндірудің жылдық көлемінің шамамен 60%-ы тиесілі Қазақстандағы мұнай құбырларының ірі операторы. «Қазтрансойл» АҚ-ның, егер нормативтік-құқықтық базасы неғұрлым ашық болған және нарықтық рентабельділікке бағдарланған жағдайда қаржылық көрсеткіштерді жақсартудың әлеуетін иеленетін тұрақты бизнесі бар;
«КЕГОК» АҚ электр желілерін басқарудағы негізгі қызметтерді, Қазақстанның ішкі экономикасының өсуімен байланысты бірқатар артықшылықтары бар ашық әрі түсінікті бизнесті ұсынады. Бұдан басқа, капитал салымдарындағы қажеттілік акциялардың бастапқы шығарылымы үшін негіз болып табылады;
«Air-Astana» АҚ желіні кеңейтудің ойластырылған жоспарымен қолдау көрсетілетін ТМД өңірінің тез өсіп келе жатқан нарығында көшбасшылық ұстанымдарды иеленіп отыр, бұдан басқа ұшақтардың қазіргі заманғы паркі, сондай-ақ жоғарғы операциялық және қаржылық көрсеткіштері бар, бұл компанияны барынша инвестициялық тартымды компанияларға жатқызуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, «Air-Astana» АҚ акционерлік капиталының ағымдағы құрылымымен байланысты бастапқы орналастыруды жүргізу шартын екінші акционермен келісу қажет, бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ тарапынан компанияның үстінен бақылауды сақтау қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен бір мезгілде «Кандидат компаниялардың акцияларының өзгермелілігі салдары» жекелеген факторын талдай келіп, өндіруші компаниялардың операциялық қызметіне нарық конъюнктурасының әсер етуін есепке ала отырып, Кандидат компанияларда макроэкономикалық тәуекелдердің жоғарғы екенін атап көрсету қажет. Атап айтқанда, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, сондай-ақ басқа да өндіруші активтер шикізатқа бағалар өзгермелілігінің әлеуетті тәуекеліне ие болады, бұл өз кезегінде бизнестің өндіруші сегментінің қызмет нәтижесіне әсерін тигізеді.
Осының салдарынан, кәсіптік емес бөлшек инвесторлардың елеулі санының мүдделерін қорғау, «Халықтық ІРО» бағдарламасында өндіруші Кандидат компаниялардың акцияларын орналастыру мақсатында институционалдық инвесторлар үшін жүзеге асырылатын, не айрықша артықшылықты акцияларды орналастыру жолымен шектелетін болады.
Іріктеудің қорытынды кезеңінің қорытындылары бойынша Кандидат компаниялардың тізімі ІРО-ға шығуға дайындық дәрежесі бойынша компаниялардың біртекті тобына қатысты біріктірілген компаниялар топтарын (эшелондарын) көрсетеді.
Компаниялардың I эшелоны (2012 жылдың 2-3-тоқсаны):
-
«ҚазТрансОйл» АҚ;
-
«KEGOC» АҚ;
-
«AirAstana» АҚ.
Компаниялардың ІІ эшелоны (2013 жыл):
-
«ҚазТрансГаз» АҚ;
-
«Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКК» АҚ;
-
«Самұрық-Энерго» АҚ.
Компаниялардың ІІІ эшелоны (2014 - 2015 жылдар):
-
«Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ;
-
«Қазтеміртранс» АҚ.
Акциялар өзгермелілігінің жоғарғы тәуекелі бар компаниялар тобы (2015 жылдан кейін):
-
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ;
-
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ;
-
Басқа да өндіруші компаниялар.
Бұл ретте 1-эшелонның Кандидат компаниялары ІРО-ға жылдам дайындалуды талап етеді, өз кезегінде 2 және 3-эшелондардың Кандидат компаниялары индикативті түрде айқындалады және «Самұрық-Қазына» АҚ тобының құрамынан әлеуетті ІРО кандидаттарының кейінгі толқынын ұсынады. Іріктелген кандидат компаниялардың дайындық дәрежесінің әртүрлігіне қарай компаниялардың ІРО-ға шығу мерзімі ІРО-ға дайындық бойынша қажетті іс-шаралардың жүргізілуінің қарқынына байланысты болады. Осыған байланысты, іріктелген кандидат компанияларға ІРО-ға шығудың белгіленген мерзімдеріне орай ІРО-ға дайындық және іске асыру жөніндегі іс-шаралардың егжей-тегжейлі жоспарын әзірлеу қажет.
«Халықтық ІРО» бағдарламасының кейінгі кезеңдері ІРО-ға қосымша Кандидат компанияларды шығарады, сондай-ақ капиталдың жергілікті нарығы деңгейін халықаралық деңгейге дейін арттыру мақсатында құқықтық, нормативтік және құрылымдық реформаларды біртіндеп енгізуге алып келеді, сондай-ақ инвесторлардың ұзақ мерзімді дамуына және белсенді қатысуына жәрдемдесетін болады, бұл Қазақстанның капитал нарықтарын дамытуға көмектеседі және Қазақстанда листинг үшін халық тарапынан да, сондай-ақ жергілікті компаниялар тарапынан да үлкен қызығушылық тудырады.
IPO-ға дайындалу процесі
IPO-ға дайындалу компаниялардың барлық құрылымдық бөлімшелерінің үйлестірілген жұмысын талап ететін, жалғастыратын үдеріс болып табылады, осыған байланысты Кандидат компаниялар ІРО дайындау және жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейтін болады. Осы үдеріс іс-шаралардың мынадай үш негізгі блоктарынан тұрады және «ІРО жүргізу кезеңдері» 1-қосымшасында ұсынылады.
Төменде үш эшелонның Кандидат компанияларына арналған дайындалу үдерісі келтірілген.
Алдын ала дайындалу
Кандидат компаниялардың жария мәртебесі компания туралы жан-жақты объективті ұсынымды қалыптастыруды көздейді, бұл ІРО-ны табысты жүргізудің қажетті шарты. Бұл ретте әлеуетті эмитенттер оларды сыртқы инвесторлар үшін түсінікті пішімге және оларды стандартқа келтіру үшін өздерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар әзірлейді немесе енгізеді.
Объективті ұсынымды қалыптастыру рәсімі үш эшелонның Кандидат компаниялары тарапынан бірқатар іс-шараларды жүргізуді талап етеді, олардың арасында:
қаржылық есептілікті дайындау және оның аудиті (басқарушылық есептілікті талдау және жоспарлау үдерісін формалды етуді қоса алғанда);
корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жүйелерін диагностикалау және жетілдіру;
ішкі бақылау және аудит жүйесін диагностикалау;
стратегияны және бизнес-жоспарды әзірлеу жүйесін талдау;
Кандидат компаниялардың заңдық сараптамасын жүргізу;
технологиялық және кадрлық әлеуетті бағалау;
қызметті маркетингтік талдау.
Сонымен бір мезгілде Кандидат компаниялар акциялардың бағалы қағаздар нарығында болашақтағы ұсыныстарын әзірлеу жөніндегі рәсімдерге бастамашылық жасауы қажет. Осы мақсаттар үшін Кандидат компаниялар ұсыныстың құрылымын (бағалы қағаздар түрін, орналастыру мөлшерін, орналастыру кезеңін, нысаналы инвесторларды, опциондарды пайдалану мүмкіндігін және т.б.), сұраныстың бастапқы бағасын анықтауға, компанияның тарихын баяндайтын («equity story») ақпараттық анықтаманы дайындауға, сондай-ақ қор биржасымен және реттеуші органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты жүргізуге көмектесетін тәуелсіз консультанттарды тартуы мүмкін.
Акцияларды орналастыруға дайындалу
Кандидат компаниялар жұмыстарының елеулі көлемі қор биржасында листингке дайындалу кезінде жүргізілетін болады. Орналастыру сәтінде үш эшелонның Кандидат компаниялары мынадай іс-шараларды аяқтауы қажет:
кешенді тексеріс жүргізу («due diligence»);
андеррайтингті және қызметтердің құнын түпкілікті айқындау;
заңдық сүйемелдеу (эмиссия проспектісін және басқа да ілеспе заңды құжаттарды дайындау);
бизнеске бағалау жүргізу;
маркетингтік стратегияны әзірлеу.
Бір акцияның әділ нарықтық құнын анықтау мақсатында жүргізілетін Кандидат компаниялардың бизнесі мен акционерлік капиталының құнын бағалауға ерекше назар аударылатын болады. Әділ нарықтық құнды бағалауға қатысты ортақ қабылданған тәсілдер - кіріс және нарықтық тәсілдер негізінде айқындалатын болады. Бағалауға қатысты осы тәсілдер әлеуетті сатып алушылар немесе инвесторлар қандай да болмасын активтің құнын анықтау кезінде неғұрлым көп тараған болып табылады.
Бір акцияның әділ құнын бағалау нәтижелері, өз кезегінде инвесторлардың бірнеше түрлері арасында (бөлшек, институционалды, компания қызметкері және т.б.) акциялардың (жай немесе артықшылығы бар) әр алуан түрлері орналастырылатын болса, орналастыру бағасы, орналастырылатын акциялар пакетінің шамасы, сондай-ақ орналастырудың нысаналы құрылымы туралы шешім қабылдауға әсерін тигізеді.
Акцияларды орналастыру сәтіне қарай Кандидат компаниялар да талдамалық есептерді қалыптастыру және шешімдерді қабылдау үшін қажетті ақпаратқа тәуелсіз талдаушылар мен инвесторлардың тиісті және уақтылы қолжетімділігін қамтамасыз етеді.
Орналастыруға дайындау жөніндегі фазаны аяқтау І эшелонның Кандидат компаниялары үшін 2012 жылғы сәуір-тамызға қарай, ІІ эшелонның Кандидат компаниялары үшін 2013 жылғы екінші тоқсанның аяғына дейін, ІІІ эшелонның Кандидат компаниялары үшін 2014 жылғы екінші тоқсанның аяғына дейін іске асырылатын болады.
Акциялардың орналастырылуын жүргізу
Орналастыру сәтіне дейін дайындау жұмыстарының елеулі көлемі әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимылға бөлінетін болады. Акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастыруды жүргізу кезеңі үш эшелонның Кандидат компаниялары тарапынан бірқатар мынадай іс-шараларды орындауды талап етеді:
инвесторларды оқыту (ақпараттық меморандумды дайындау, инвестициялық меморандумды дайындау, PR - сүйемелдеу және т.б.);
өтінімдерді жинау (алдын ала проспектіні жариялау, «road show» басшылығының көшпелі тұсаукесерлерін өткізу, сұранысты талдау, бағаны белгілеу және бөлу);
орналастыруды жүргізгеннен кейін қайталама нарықтағы іс-шаралар (акцияларды ұйымдасқан нарықта қолдау).
Үш эшелонның Кандидат компаниялары талдаушылар есептерінің уақтылы релизін қамтамасыз етеді, акциялардың алдағы орналастырылуының ақпараттық науқанын жүзеге асырады, инвесторлардың нысаналы аудиториясына және олардың оқуына ерекше назар аударылатын болады. Кандидат компания тәуелсіз консультанттармен бірлесіп негізгі инвесторларда бар мәселені зерттейді және осы мәселелерге жауап беретін ақпаратты ұсынады. Бұдан басқа, орналастыру ұсынысы, бағасының мөлшерін түзету және т.б. мақсатында нарықтың конъюнктурасына, әлеуетті инвесторлардың пікірлеріне талдау жүргізуі қажет.
Орналастыруға арналған өтінімдерді жинау басталған сәтке қарай Кандидат компания эмиссияның проспектісін жариялауды, басшылықтың көшпелі тұсаукесерін («roadshow») өткізуді қамтамасыз етеді. Өз кезегінде өтінімдерді жинауды жүргізгеннен кейін сұраныс талданатын және орналастыру бағасы мен құрылымы белгіленетін болады.
Акцияларға арналған бағалардың артық немесе ұтымды емес өзгермелілігін болдырмау үшін Кандидат компаниялар акцияларды орналастырғаннан кейін бағаны тұрақтандыру тетіктерін алдын ала айқындайды.
Компанияның жариялылығы оған ақпаратты ашу жөнінде белгілі бір міндеттемелерді жүктейді. Бұл ретте компанияларды капиталдандыру инвесторлардың сеніміне байланысты, өйткені инвесторлармен тиімді өзара іс-қимыл жасау үшін арнайы қызметтер (IR-бөлімдер) құру қажет.
Акцияларды бағалы қағаздар нарығында орналастыру фазасын жүргізу І эшелонның Кандидат компаниялары үшін 2012 жылғы екінші-үшінші тоқсанның аяғына дейін, ІІ эшелонның Кандидат компаниялары үшін 2013 жылғы төртінші тоқсанның аяғына дейін, ІІІ эшелонның Кандидат компаниялары үшін 2014 жылғы төртінші тоқсанның аяғына – 2015 жылғы бірінші тоқсанның басына дейін іске асырылатын болады.
Инвесторлар арасында акцияларды орналастыру тетіктері
«Халықтық IPO» бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін назарға ала отырып, Қазақстан халқына компаниялардың акцияларындағы өз жинақтарын инвестициялау мүмкіндігін беру акцияларды тікелей сатып алу арқылы немесе зейнетақы жинақтарында тұрған зейнетақы қорлары арқылы жанама түрде жүзеге асырылатын болады, бұл ретте басымдылық бөлшек инвесторлардың өтінімдерін қанағаттандыруға берілетін болады.
«Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде зейнетақы қорлары мен бөлшек инвесторлар арасында акцияларды орналастыру құрылымы қалыптасқан сұраныс пен ұсынысқа, сондай-ақ Кандидат компанияның операциялық қызметінен нәтижелердің тұрақтылық дәрежесіне және олардың әлемдік шикізаттық нарықтарда бағалардан тәуелділігіне байланысты әрбір жекелеген орналастырумен анықталатын болады.
Кандидат компаниялардың акцияларын орналастырудың бағасы, саны мен құрылымы туралы шешімді «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі мақұлдайтын және кейіннен Қазақстан Республикасының Үкіметі заңнамада белгіленген тәртіппен бекітетін болады.
«Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберінде халық арасында акцияларды орналастыру үдерісі ҚҚБ-да жазылу әдісімен (бук-билдинг)8 жүзеге асырылатын болады, оны жүргізу тәртібі ҚҚБ-ның ішкі құжаттарымен айқындалады. Бұл Қазақстанда бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығын дамыту үшін оң қарқын береді. Бұдан өзге, орналастыруды жазылу әдісімен жүргізу эмитентке орналастыру құрылымы (орналастыру көлемі, инвесторлар мен басқа түрлерінің арасындағы бөлініс) үстінен бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді және бір тұлғаның бірнеше рет (қайталама) өтінімдер беруін болдырмауға (әртүрлі делдалдар арқылы бірнеше өтінімдер беруге болатын мамандандырылған сауда-саттықтармен салыстырғанда) мүмкіндік береді. ІРО кезінде бук-булдинг үдерісі орналастыру уақытында өтінімдерді сұрыптау және бөлу, сондай-ақ бір тұлғаның бірнеше рет (қайталама) өтінімдер беруінің тиімді мониторингісі мақсатында инвестордың тұлғасын ашып көрсетуді талап етеді. Өтінімдерді іріктеу өлшемдерін эмитент ҚҚБ-да листинг үшін құжаттар пакетінде ұсынатын эмитенттің ішкі құжаттарымен айқындалатын болады.
Жеке тұлғалардың өтінімдерін жинау үдерісі әлеуетті инвесторларға өтінімдерді беруге жеткілікті уақыт беру мақсатында кемінде 15 күнтізбелік күн және 45 күнтізбелік күнінен аспайтын мерзімде жүргізілетін болады. Кандидат компаниялардың акцияларын сатып алуға тең және әділ қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жазылымды жүргізу барысында жеке тұлғалардың өтінімдері сатып алынатын акциялардың барынша көп саны бойынша шектелетін болады, бұл халықтың барынша қамтамасыз етілген жіктерінің акцияларды шамадан тыс сатып алуын болдырмауға мүмкіндік береді.
«Халықтық IPO» бағдарламасына қатысу үшін бөлшек инвесторы:
егер бөлшек инвестор бұрын мұндай шарт жасамаған жағдайда, брокерлік немесе дилерлік ұйыммен тікелей немесе трансфер-агент арқылы (мысалы, «Қазпочта» АҚ-ның өңірлік филиалы арқылы) брокерлік шарт жасасуы;
акцияларды сатып алуға клиенттік тапсырысты брокерлік және дилерлік ұйым толтыруы және беруі;
есеп айырысуды жүргізу сәтінде төлемсіздік тәуекелін болдырмау үшін ақша қаражатының уақытылы болуын қамтамасыз етуі қажет.
Қазақстан халқының барлық жіктеріне тең және әділ қолжетімділікті беру маңыздылығын назарға ала отырып, жеке тұлғаларға шот ашу, сондай-ақ Кандидат компаниялардың акцияларын бастапқы орналастыру сәтінде жүзеге асырылатын акцияларды сатып алу бойынша брокерлік және дилерлік ұйымдардың жеңілдікпен немесе тегін қызметтер көрсету тетігі пысықталатын болады.
Акцияларды жинақтаушы зейнетақы қорлары арасында бөлу ҚҚБ-ға брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар арқылы өтінімдер беру жолымен жүзеге асырылатын болады. «Халықтық ІРО» бағдарламасына жинақтаушы зейнетақы қорларының қатысу артықшылығы мейлінше аз шығындар болған кезде нарықтың кәсіптік қатысушыларының қызметтерін пайдалана отырып, халықтың елеулі үлесіне акциялардағы өз жинақталымдарының бөлігін инвестициялауға мүмкіндік беру болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |