Сандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері Электронды есептеуіш машиналары



бет5/5
Дата02.01.2022
өлшемі32.28 Kb.
#452926
1   2   3   4   5
Сандық машиналардың арифметикалық және логикалық негіздері

Альтернативті бөлікте128 символ орналасқан (128-ден 255-ке дейін), бұларда ұлттық әріптер (орыстың, қазақтың, жапонның және т.б.), псевдографикалық және кейбір арнайы символдар орналасқан. Ондық, екілік, оналтылық жүйедегі сәйкестік сандар кестесі көрсетілген.

Ондық

Оналтылық

Екілік






























































































A







B







C







D







E







F




Сәйкестік сандар кестесі

Мысалы, «Парта» сөзін кодтап көрейік. Ол үшін ASСII кестесінен әр әріпке сәйкес кодтар табамыз: П-F8, А-08, P-09, T-29, A-08. сонымен ПАРТА сөзі бұл кодта былай болады: F8080929087.

Енді бұл сөзді ASII-ді пайдаланып екілік кодта жазайық: F8-11111000, 08-00001000, 09-00001001, 29-00101001. Бұларды тізбектеп жазсақ: 11111000 00001000 00001001 00101001 11111000 шығады.

Мәтіндік информацияларды ASСII кестесін пайдаланып. Ол үшін: Мәтіндік әр символдың кодын кестеден табыңыз. Оның коды оналтылық жүйедегі екі саннан тұрады, оның біріншісі символ орналасқан жатық жол, ал екіншісі тік жол нөмірлері. Әрбір табылған оналтылық жүйедегі санды оған сәйкес екілік жүйедегі санмен алмастырыңыз.

Бұл процесті керісінше де атқаруға болады, яғни екілік коды бойынша мәтіндегі символдарды анықтауға болады. Мысалы: 010000110100111101001101010100000101010101000100010101010010 коды бойынша мәтінді анықтау қажет. Ол үшін солдан оңға қарай кодты төт-төрттен бөліп шығамыз:

0100 0011 0100 1111 0100 1101 0101 0000 0101 0101 0100 0100 0101 0101 0010.

Кестеден олардың оналтылық жүйедегі баламасын анықтасақ, COMPUTER сөзі шығады.

Информация мәселенің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ информация оны түсінбеушілікке және оған байланысты дұрыс емес шешім қабылдауға әкеліп соғады. Егер информация оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Информацияның бағалылығы оның берілу жолдарында, кейбір информация сізді қуандырады, кейбіреуі ренжітеді, кейбіреуінде тек фактілер баяндалады. Тіпті, хабардың берілу ырғағына, адамның мимикасына, қол сілтеу ретіне қарай информация әр түрлі бағаға ие болады. Егер информация толық, обьективті, пайдалы, дәл болса, ол сонша бағалы болады. Ең қажетті мәселенің бірі – информацияларды сандық бағалау, яғни өлшеу мәселесі. Мысалы, ғылыми жаңалықтарда берілген информацияларды, қоғамдық өсу теориясындағы информациялар көлемін өлшеу өте қиын.

Ал техникалық аспект жағынан өлшеуге болады. Мысалы, алдыңғы информация жадтан қанша орын алады, келесі информацияға қанша орын қажет болады,- міне, бұлардағы информацияларды бағалауға болады. Техникада информация деп онда сақталатын, берілетін, өңделетін белгілер (таңба) тізбегін айтады. Олай болса берілетін информацияны ол арқылы берілетін символдар санымен есептеуге болады.

Демек, информация көлемі деп хабардың ұзындығын, яғни хабарда пайдаланылған символдар санын айтады екен.

Есептеуіш техникаларда кез келген хабардың символдары екілік кодта жазылатыны бізге мәлім. Ендеше, сақталатын, берілетін, өңделетін информация көлемі ондағы екілік белгілер санына тең. Мұндағы ең кіші өлшем 1 бит, яғни бір екілік белге. Одан үлкенірек өлшем 1 байт, ол 8 битке тең.

Инфармацияның өлшем бірлігі. Олар:

1 байт=8 бит;

1 Кбайт=1024 байт  1000 байт;

1 Мбайт=1024 Кбайт  1000 миллион байт;

1 Гбайт=1024 Кбайт  1000 миллиард байт;

ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

 

 

 




 

 




 

 




ДЕРБЕС КОМПЬЮТЕР АРХИТЕКТУРАСЫ

ЭЕМ-нің құрылымы оның техникалық көрсеткіштері мен мүмкіндіктері көбінесе оны пайдаланудың мақсаттарын анықтайды. Дегенмен бағдарлама мен бастапқы деректерді машинаға енгізу қажетті операцияларды орындау үшін керек. ЭЕМ оның құрылымдық ерекшеліктеріне байланыссыз мына құрылғылардан тұрады:


1) Процессор
2) Негізгі жады (есте сақтау құрылғысы)
3) Шеткі аймақтық құрылғылар

Негізгі жады ақпаратты сақтауға арналған. Ол өзі: оперативтік жад және тұрақты жад деп екіге бөлінеді.

ОЗУ – оперативтік жады
ПЗУ – тұрақты жады
Оперативтік жадыға осы кезде қажетті ғана ақпарат сақталады. Компьютер өшкен кезде оперативті жадыдағы ақпарат өшеді. Компьютердің жұмыс істеу жылдамдығы оның оперативтік сйымдылығына байланысты.
Тұрақты жады ақпаратты оны дайындау барысында электрондық немесе механикалық әдіспен жазылады.
1) Д.К. қайта қосқан кезде жүйелік блоктың жұмыс істеуін тексеретін тестті бағдарлама.
2) Шеткі аймақтық құрылғылар (дискжетек, пернетақта, монитор және т.б.) жұмысын басқаратын бағдарлама.
3) Дискінің қай жерінде операциялық жүйе жазылғандығын білдіретін ақпарат.
Негізгі жады регистрлерден тұрады. Регистр – ақпаратты екілік кодта уақытша сақтайтын құрылғы. Регистрдегі еске сақтау құрылғысы – триггер деп аталады. Триггер деп 0 немесе 1 деген екі күйдің бірінде болатын құрылғыны айтады.
Регистрдегі триггерлер саны компьютердің разрядтылығы немесе өнімділігі деп аталады. 8, 16, 32, 64 және т.с.с.

Процессор немесе микропроцессор


Бұл құрылғының негізгі атқаратын қызметі машина жадына келетін ақпаратты түрлендіру. Процессордың құрамында басқару құрылғысы, арифметикалық логикалық құрылғы, регистрлер болады.
Процессорлардың бір – бірінен өзгешелігі олардың типтерінде (модель) және оның қарапайым амалдарды орындайтын жұмыс жылдамдығының көрсеткіші – мегогерцте.
Кең тараған түрлері:
INTEL 8088 – 5Mhz
INTEL 80286 – 20Mhz
………………….
INTEL 486 – 100Mhz
Pentium – 75Mhz
………………….
Pentium 4 3000Mhz
Процессордың жұмыс жылдамдығының көрсеткішіне сәйкес оның бағасы да анықталады.
Кейде құрылымның ерекшеліктеріне қарай 1 модельге кіретін процессорлардың жиіліктері әр түрлі бола береді. Жиілігі артқан сайын оның жылдамдығы да өсе түседі. IBM тәрізді компьютерлерде INTEL фирмасының және басқалардың үйлесімді микропроцессорлары пайдаланылады.
Процессор мен негізгі жады аналық платада орналасады. Қосымша плата контроллер арқылы дискжетек, тышқан, принтер және т.б. магистраль проводтар (шина) арқылы байланыстырылады.
Жүйелік блок құрамы: Микропроцессор, оперативті жады, аналық плата, қоректену блогы, қатқыл диск, және т.б.
Мәтіндік және графикалық ақпаратты шығару үшін монитор немесе дисплей қолданылады.

Шеткі аймақтық құрылғылар.



Принтер: мәтінді немесе графикалық ақпаратты қағазға түсіру (матрицалық, лазерлік, сия бүріккіш).
Плоттер немесе график сызғыш: үлкен форматтағы графиктік мәліметтерді қағазға шығаруға арналған.
Сканер: графиктік немесе мәтіндік мәліметтерді компьютерге енгізуге арналған.
CD ROM: компакт дискілерді оқуға арналған құрылғы.
Модем: телефон желісі арқылы басқа компьютерлермен ақпарат алмасуға арналған құрылғы.
Стример: мәліметтерді магниттік лентада сақтауға арналған.
Желілік адаптер: компьютерді жергілікті желіде қолдануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет