Ұстаздық өмірі
М әскеуде жұмыс жасаған мерзімде Асфендиярұлының талантының жаңа қыры ашылды — оның тарих саласындағы белсенді ғылыми-ізденімпаздық қызметі ғалымның келешектегі шығармашылығын айқындап берді. Мәскеуде болған алғашқы күндердің өзінде-ақ КСРО ОАК жанындағы Шығыстану институтымен қызмет жасасады, МГУ-де сабақ береді. Бұл жылдарда Санжар шетел Шығысының өкілдерімен жиі кездеседі. Оның ғылыми еңбек сіңіргенінің айғағы 1927 жылы Шығыстану институтының директоры қызметіне жоғарылатып, МГУ профессоры деген атақ берілгені болып табылады. Ғұламаның өмірі мен қызметіндегі неғұрлым жемісті кезең — 1928-1937 жылдарға дейінгі Қазақстанда өткен мерзім. Бұл мерзімде ол республикадағы алғашқы оқу орындары мен ғылымын ұйымдастыруға көп күш салады. 1928 жылдан 1931 жылға дейінгі аралықта ол — Қазақтың педагогикалық институтының алғашқы ректоры. 1931 — 1933 жылдары Денсаулық сақтау ісінің халық комиссары, Қаз КСР оқу ісі халкомының орынбасары болып қызмет жасайды және бүгінде оның есімімен аталынатын Алматы дәрігерлік институтын басқарады. Санжар Қазақстанның академиялық ғылымының дамуына маңызды үлес қосты. 1931-1933 жылдары ол КСРО ғылым академиясының Қазақстандық базасы төрағасының орынбасары болады, ғылыми консультация мен насихат комиссиясын, тарих-археология комиссиясын, қазақ сөздігі комиссиясын басқарады, ұлттық мәдениет жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты тарих секторының меңгерушісі болады. Ол — Қазақстан тарихы жөніндегі көптеген жұмыстың авторы, сондай-ақ қабілетті зерттеуші-филолог және жазушы. Шығыс халықтарының өмірі туралы “Әлем шатыры” деген повесть, қазақ ұлтының мәдениеті жөнінде мақалалар жазды.[5] Алматыда Асфендиаровтың есімін мәңгілік есте қалдыру үшін көше мен мемлекеттік медицина университетіне атыалды.
Достарыңызбен бөлісу: |