Сапа бойынша нұСҚаулық



бет3/4
Дата07.07.2016
өлшемі1.16 Mb.
#183644
1   2   3   4

Университет басқаруына түскен тұтынушылар меншігі сақтау шарттарына сәйкес сәйкестендіріледі, тексеріледі, сақталады. Мұндай меншіктерге орта білім туралы куәліктер (күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін), білімі туралы дипломдар (сырттай бөлімінің студенттері, магистранттар) т.б.

Егер тұтынушы меншігі жоғалып, бұзылып қалса немесе пайдалануға жарамсыз деп табылса, тұтынушы бұл туралы хабардар болуы керек.



7.5.5 Өнімді сақтау

Білім беру қызметтердің ҚР МЖМББС талаптарына сәйкестікте сақталуы теориялық оқытуды (дәріс, лабораториялық-практикалық, семинар сабақтары, студенттердің өздік, курстық және дипломдық жұмыстары) және практикалық дайындықты қамтитын оқытудың дәстүрлі және инновациялық нысандарын, әдістерін және технологияларын қолданып жүзеге асырылады. Ағымдағы, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация студенттер білімдерін міндетті тексерудің әдісі болып табылады.


7.6 Бақылау және өлшеу құралдарын басқару

Қызметтің бекітілген талаптарға сай келетінінің расталуын қамтамасыз ететін құрал-жабдық, өлшеу құралдары және программалық жабдық «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының және әрекет ететін нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес калибрленеді және тексеріледі. Ғылыми-зерттеу жұмыстарды орындау кезінде қолданылатын сынау және өлшеу жабдық сәйкесті жиілігімен бекітілген мерзімде калибрленеді және тексеріледі. Калибрлеу немесе тексеру туралы жазбалар жұмысшы қалыпта ұсталынады. Оқыту мақсаттарда қолданылатын өлшеу жабдықтар тексеруге жатпайды және «О» әрпімен белгіленеді.

Өлшеу және сынау жабдықтарын басқару шарасы СМЖ.07.21 Өлшеу құралдарын және сынау жабдықтарын басқару үрдіс картасында сипатталған.

8 Өлшеу, талдау және жақсарту
8.1 Жалпы ережелер

Көрсетілетін қызметтің бекітілген талаптарға сәйкестігін растау, сапа менеджменті жүйесінің сәйкестігін қамтамасыз ету және сапа менеджменті жүйесінің тиімділігін үнемі жақсарту мақсатымен мониторинг, өлшеу, талдау және жақсарту бойынша жоспарлау, дайындау және шараларды орындау БҚМУ-да жүзеге асырылады. Шаралар объектілері: қызметтер, үрдістер және сапа менеджменті жүйесі болып табылады. Осы жұмысты ұйымдастыру және жұмыстың нәтижелері осы Нұсқаулық, қызметтік нұсқаулары, СМЖ әдістемелік нұсқаулары мен үрдіс карталары талаптарына сай регламенттеледі.


8.2 Мониторинг және өлшеу

8.2.1 Тұтынушылардың қанағаттанушылығы

Тұтынушы (ішкі және сыртқы) қанағаттанушылығын бағалау сапа менеджменті жүйесінің қызмет ету нәтижелігінің маңызды критерилері санына жатады.

Тұтынушылар қанағаттанушылықтарын бағалау сапа менеджменті жүйесінің және жұмыстардың барлық тексерулерде (ішкі аудиттер, жоғары басшылықтың сапа менеджменті жүйесіне талдауы, тұтынушылар наразылықтарын қарастыру кезінде) БҚМУ-да әрекет ететін шараларына сәйкес жүзеге асырылады.

Жұмыс берушілердің БҚМУ түлектеріне қанағаттанушылықтарын бағалау СМЖ.08.05 Жұмыс берушілерге сауалнама өткізу үрдіс картасына сәйкес жүзеге асырылады.

БҚМУ оқытушылары мен студенттердің қанағаттанушылықтарын бағалау СМЖ.08.12 Әлеуметтік зерттеулер жүргізу үрдіс карталарына сәйкес жүргізіледі.

Тұтынушылардың қанағаттанушылықтарын бағалау туралы деректер түзетуші әрекеттерді өткізу және сапа менеджменті жүйесін жетілдіру үшін маңызды кіріс деректері болып табылады.


8.2.2 Ішкі аудиттер (тексерістер)

Ішкі аудиттерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі СМЖ/ЭМЖ.08.01 Ішкі аудит СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқаулармен анықталады.

Басшылықтың сапа және экология жөніндегі өкілі ішкі аудитті жоспарлау және жүргізу үшін жауапты.

Ішкі аудитті университет бойынша ректор бұйрығымен тағайындалған және арнайы курстарда оқыту өткен ішкі аудиторлар өткізеді.

Сапаны ішкі аудит бойынша бақылаудың жиілігі мен негізгі пункттер қызметтерге, үрдістер маңыздылығы мен технологияларға қатысты мағына мен функция есебінен орнатылады. Аудиттер бекітілген жылдық бағдарлама бойынша өткізіледі.

Аудит нәтижелері ішкі аудит нәтижелері туралы сәйкес есептер түрінде құжатталады және қорытындылау үшін басшылықтың сапа және экология бойынша өкіліне беріледі.

Ішкі аудит нәтижелері СМЖ жоғары басшылықтың сапа менеджменті жүйесіне талдауға кіріс мәліметтері болып табылады.
8.2.3 Мониторинг және үрдістерді өлшеу

Мониторинг және үрдістерді өлшеу әдістері үрдістерге қатысты сапа жүйесінің құжаттарында анықталған.


8.2.4 Өнімді бақылау және өлшеу

Өнімнің мониторингі мен өлшеуі білім беру қызмет талаптарын бекітетін нормативтік құжаттарда (ҚР МЖМББС, типтік оқу бағдарламалар, ЖОО қызметін ұйымдастыру ережелер) анықталған.

Егер мониторинг әдістері анықталмаған кезде, онда қанағат етерліктей қорытындылар мен жоспарланған шаралар орындалғанша қызметтер көрсетілмейді, егер өкілеттілік тұлға және мүмкіндік жерде тұтынушы басқа тәртіпті бекітпесе.

БҚМУ-да мониторинг және сапаны өлшеу әдістері:



  • СМЖ.08.05 Жұмыс берушілерге сауалнама өткізу;

  • СМЖ.08.07 Өткізілетін оқытудың сапасын бақылау;

  • СМЖ.08.08 Студенттерге психометриялық тестілеу өткізу;

  • СМЖ.08.09 БҚМУ ПОҚ және бөлімшелер қызметін рейтингтік бағалау;

  • СМЖ.08.10 Кредиттік оқу технологиясындағы компьютерлік тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;

  • СМЖ.08.12 Әлеуметтік зерттеулерді өткізу үрдіс карталарында сипатталған.


8.3 Сәйкеспейтін өнімді басқару

Сәйкеспейтін өнімдерді басқару ережелері мен әдістері, сонымен бірге осындай өнімдермен әрекет ету бойынша өкілеттілік мен жауапкершілік СМЖ/ЭМЖ.08.02 Сәйкессіз өнімдерді басқару СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларда сипатталған.

Шара сәйкеспейтін өнімдерді талдаудың құрылымдық үрдісін қамтамасыз етеді.
8.4 Деректерді талдау

8.4.1 Деректерді жинақтау

Деректерді жинақтау мен талдауды жетекшілер мен мамандары оларға тіркелген қызмет салаларында сапа менеджменті жүйесін енгізу және қызмет ету бойынша жұмыстарды орындау кезінде ұйымдастырады және жүзеге асырады. Осы деректерге тұтынушылардың (ішкі және сыртқы) қанағаттанушылық, үрдіс және қызметтер мінездемелері мен тенденция туралы мәліметтер, соның ішінде сақтандырушы әрекеттер мүмкіндіктері, жеткізушілер жөнінде ақпараттар кіреді.


8.5 Жақсарту

8.5.1 Үнемі жақсарту

БҚМУ сапа менеджменті жүйесіндегі үнемі жақсарту талаптары:



  • тұтынушы талаптарына қызметтерді жақсарту бойынша талаптарды жүзеге асыру үшін – көрсетілетін қызметтеріне;

  • СМЖ процестерін үнемі жақсарту бойынша талаптарды жүзеге асыру үшін - СМЖ үрдістеріне;

  • Сапа менеджменті жүйесінің нәтижелігін үнемі жақсарту бойынша талаптарды жүзеге асыру үшін – сапа менеджменті жүйесіне қолданылады.

Талаптар екі жолмен жүзеге асырылады:

а) түзетуші әрекеттерді өткізу шеңберілерінде сапа проблемаларынын толық құнды және тез шешу жолымен;

б) үнемі іздеу және қызметтердің, процестердің және сапа менеджмент жүйесін толық жетілдіру мүмкіншіліктерінің орындалу жолымен.

Тұтынушы талаптарына қатысты қызметтерді жақсарту бойынша талаптар оқытудың инновациялық формаларын ендіру, жаңа құрал-жабдықтармен және бағдарламалық құралдармен жабдықтау, жаңа аса қажетті мамандықтар енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Сапа менеджменті жүйесінің үрдістерін үнемі жетілдіру талаптары үрдіс нәтижелілік критерийлерін байқау, үрдіс құрылымы мен ресурстары оның мақсаттарына және қажетті шараларды қабылдау парапарлығының талдауы жолымен орындалады.

Сапа менеджменті жүйесінің нәтижелігін жақсарту бойынша талаптары, сапа менеджменті жүйесі сүйенетін СМЖ үрдістер, жалпы жүйелік шаралар мен ұйымдастыру құрылым жетілдіру арқылы жүзеге асырылады.



8.5.2 Түзетуші әрекеттер

Түзетуші әрекеттер БҚМУ сапа менеджменті жүйесінің барлық үрдістер циклының міндетті құрылымдық бөлшегі болып табылады. Түзетуші әрекеттер қызметтер, үрдістер мен сапа менеджменті жүйесінің сәйкессіздік себептерін жоюға бағытталған. Түзетуші әрекеттер СМЖ/ЭМЖ.08.03 Түзетуші әрекеттер СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүзеге асырылады.

Түзетуші әрекеттерді дайындау және жүзеге асыру бойынша жұмыстар бағытының талдауы жоғары басшылықтың талдауы үшін есептердің міндетті тарауы болып табылады.

Түзетуші әрекеттер шара аясындағы қабылданған нәтижелер құжатталады.


8.5.3 Сақтандырушы әрекеттер

Потенциалды сәйкессіздіктер себептерін жою бойынша әрекеттер құжатталған шара СМЖ/ЭМЖ.08.04 Сақтандырушы әрекеттер СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.

Қабылданған сақтандырушы әрекеттер бойынша жазбалар СМЖ/ЭМЖ.08.04 Сақтандырушы әрекеттер СМЖ/ЭМЖ әдістемелік нұсқауларға сәйкес жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет