Сапа менеджмент жүйесі бөлімі сапаның ҚҰжатталған процедурасы: ішкі аудит



бет3/7
Дата08.03.2023
өлшемі0.8 Mb.
#470517
1   2   3   4   5   6   7
№3-Ішкі-аудит-процедурасы

6. ІШКІ АУДИТТІ ЖҮРГІЗУ


6.1 Құрылымдық бөлімшенің ІА-ын ішкі аудиторлар тобы өткізеді, олардың бірі жетекші болып белгіленеді (Бас аудитор).
6.2 ІА басталғанда аудитор тексерілетін қызметкерлерге тексеріс міндеттері мен әдістерін, құжаттар мен материалдарды ұсыну тәртібін және т.б. жұмысын түсіндіреді.
6.3 ІА өткізу үдерісінде тексерілетін үдерісті атқарушы қызметкерлер арасында сауал жүргізу, құжаттарды қарастыру және бақылау жүргізу арқылы объективті куәліктер жинастырылады.
6.4 Міндетті түрде іс қағаздарын, ішкі және сыртқы құжаттарды жүргізу мен қызметкерлердің жұмысты орындау сапасын бақылау іске асырылады.
6.5 Аудиторлық топ басшылары аудиторлармен бірлестікте тексерілетін үдеріс ерекшеліктерін ескере отырып, сауал парақтарын (Үлг№ ) дайындайды.
6.6 ІА тексерілетін қызметкерлердің тексеріс нәтижелерімен, анықталған және орын алуы ықтимал сәйкессіздіктермен танысуымен аяқталады. Аудиторлар СМЖ аясында жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстар білдіреді.


7. АУДИТ НӘТИЖЕЛЕРІН РӘСІМДЕУ


7.1 ІА аяқталған соң аудиторлар анықталған әр сәйкессіздікке Сәйкессіздік жөніндегі хаттама толтырылады (Үлг№ ) және Сапа жүйесінің ішкі аудиті жөніндегі есеп жазылады (Үлгі№ ).
7.2 Сәйкессіздіктер жөніндегі хаттамалар Сапа жүйесінің ішкі аудиті жөніндегі есепке тіркеледі.
7.3 Бас аудитор Сапа жүйесінің ішкі аудиті жөніндегі есеп пен Сәйкессіздіктер жөніндегі хаттамаларды аудит болған күні рәсімдейді және оны СБӨ бекітеді.
7.4 СМЖ-нің ішкі аудиттер нәтижелері бойынша Есептерді біріздендіру:
7.4.1 СБӨ Сапа жүйесінің ішкі аудит жөніндегі есепке теңдестіру нөмірін беріп, жоспар-кестедегі «Ескертпе» атты графаға жазба жасайды.
7.4.2 Теңдестіру нөмірі реттік нөмір мен жылдың соңғы санынан нүкте арқылы құралады. (мысалы: № 01.05 Есеп).
7.5 Сәйкессіздіктер жөніндегі хаттамаларды теңдестіру:
7.5.1 Теңдестіру нөмірі реттік нөмір мен Сапа жүйесінің ішкі аудиті жөніндегі есептің нөмірінен (нүкте арқылы) құралып, оған Сәйкессіздік жөніндегі хаттама тіркеледі (мысалы: № 1.01.05 Сәйкессіздік жөніндегі хаттама).
7.5.2 Сәйкессіздік Хаттамаларының теңдестіру нөмірлері Сапа жүйесінің ішкі аудиті жөніндегі есептің «Аудит нәтижелері» бөлімінде беріледі: «Сәйкессіздік хаттамаларының тізбесі».
7.6 ІА жүзеге асырылған құрылымдық бөлімшенің басшысы сәйкессіздіктер (түзетулер) мен олардың себептерін жою шараларын қолға алу бойынша түзету әрекеттерінің жоспарын жасайды. Іс-шаралардың түрлері мен өткізілу мерзімдері Бас аудитормен келісіледі және Сәйкессіздіктер хаттамасының «Түзету әрекеттері» бөліміне жазылады.
7.7 Бас аудитор бекіту үшін түзету әрекеттері қамтылған Сапа жүйесінің ішкі аудиті жөніндегі Есепті Сәйкессіздіктер жөніндегі хаттамалармен бірге СБӨ-ге тапсырады. Келісу және бекіту барысында түзету әрекеттерінің мазмұны бойынша мәселелер туындаған жағдайда Есептер мен Хаттамалар өзгертіліп, қажетті қолдар қайта қойылуы мүмкін. Сәйкессіздіктер жөніндегі хаттамалар СМЖ бөлімінде Сәйкессіздіктер жөніндегі хаттамаларды тіркеу журналында (Үлгі № ___ ) тіркелуі тиіс.
7.8 Сапа жүйесінің ішкі аудиті жөніндегі есеп бекітілгеннен кейін көшірмелер құрылымдық бөлімшенің басшысына тапсырылады. Құрылымдық бөлімшенің басшысы тапсыруды Есептің түпнұсқасына қол қою арқылы растайды.
7.9 Сапа жүйесінің ішкі аудиті жөніндегі Есептің түпнұсқасы мен Сәйкессіздіктер жөніндегі хаттамаларды СБӨ тиісті іске тіркеп, орналастырады.
7.10 Ішкі аудит нәтижелері бойынша Бас аудитор төмендегілерді қамтитын Кеңейтілген есепті тапсыруы мүмкін:

  • өткізілген ІА шолуы мен мақсаттары;

  • ІА өткізу күні;

Кеңейтілген есеп төмендегідей жағдайда тапсырылады:

  • СБӨ талабы бойынша;

  • ІА нәтижелері бойынша бөлімшенің сапа саласындағы жұмысының 9001 СжХҰ ХС, ҚазҰМУ-дың Сапа жөніндегі басшылық және Сапа процедуралары талаптарына сәйкессіздігі жөніндегі тұжырым жасау мүмкін болғанда;

  • ІА нәтижелері бойынша бөлімшенің сапа саласындағы жұмысының жоғары деңгейі, оның жұмыс тәжірибесін басқа бөлімшелерге тарату мақсатында жинақтау жөніндегі тұжырым жасау мүмкін болғанда.

7.11 Сапа жүйесінің ішкі аудиті нәтижелерінің Матрицалық талдауы түрінде жасалған ІА нәтижелері (Үлгі№ ) Сапа жөніндегі Кеңес мәжілісіне тапсырылып, қарастырылуы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет