Сарыпбекова газиза сейтанкызы


Зерттеу жұмысының дерек көздері



бет5/18
Дата11.10.2023
өлшемі195.08 Kb.
#480466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
сарыпбекова газиза

Зерттеу жұмысының дерек көздері: Ж. Баласағұнның «Құтты білік» дастаны
Зерттеудің әдістері: Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанын зерттеу, талдау, жүйелеу, қоғамдық және дүниетанымдық көзқарасын, өзіндік ерекшеліктерін көрсету.
Зерттеу жұмысының териялық және практикалық маңызы
Жұмыс әдебиет пен тіл туралы жазылған еңбектердің орын алып олардағы айтылған пікірлерді толықтырады. Мектеп бағдарламасы мен студенттерге Ж.Баласағұн еңбектерін оқыытуда көмекші құрал қызметін атқарады.
Жұмыстың жариялануы
«Әуезов оқулары – 22: Әлемдік кеңістіктегі ғылым мен руханияттың жаңа серпілістері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері – Шымкент: М.Әуезов ат.ОҚМУ, 2022 ж. «Ж. Баласағұн дүниетаны идеялық негіздері», «Ж. Баласағұнның ілімі және оның көзқарасындағы болмыс міселесі» мақаласы жарияланды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмысы кіріспе, екі тараудан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


1 Ж. БАЛАСАҒҰННЫҢ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ИДЕЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Түркі халықтарының ортағасырдағы әлеуметтік-саяси, мәдени жағдайы.
ХІ-ХІІ ғасырларда Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өнірінде, Мауреннаһрда (Әмудария мен Сырдария аралығы) Қарахан қағанаты құрылды. Қағанаттың екі орталығы: Баласағұн мен Қашқар. Қарахан мемлекетінің құрылуы жөнінде әр түрлі болжамдар бар. Соның ішінде ол VIII- IX ғасырда тарих сахнасына шыққан Қарлұқ мемлекетінің заңды жалғасы деп қаралады. Қарахан әулетінің мегізін салушы Сатұқ Боғра хан (915-955) деп есептелінеді. Ол Тараз бен Баласағұнды, Қашқарды 942 жылы өзіне қаратқан. Қарахан мемлекетінің тарихы осы кезден басталады [1, 36].«Қарахандар әулетінің, алғашқы мезгілінен бастап мемлекеттік жоғарғы билеушісінің құрметыті атағы «Арслан (арыстан) және Боғра (Бура) деп екіге айрылды. Зерттеушілердің айтуынша, Арслан хан атағын шығылдардың билеушісі, ат Боғра хан атағын яғма көсемі алды. Тегінде Арслан шығылдардың, ал Боғра яғмалардың көсемі болса керек. Әйгілі ғалым Притсактың айтуынша, Арслан Қарахан ең жоғарғы басты билеуші есептелген. Оның астанасы Баласағұнда болған, ал Боғра Қарахан қосшы билеуші есептелген, оның астанасы алғашында Таразда, одан сон. Қашқар қаласында болған [2, 11]. X ғасырдың ақырында Қарахан мемлекеті шығыс және батыс хандарына бөлініп кетті. Шығыс қарахан мемлекетінің астанасы - Шу өзені бойындағы Баласағұнның қасындағы Құзордада болды. Қарахан мемлекеті Ислам мәдениетін жасаушы мейлінше гүлденген елдердің бірі саналады. Ғылым, әдебиеті жоғары деңгейде дамыған. Сонымен қатар бұл мемлекет бір орталыққа бағынбайтын, қоғамдық саяси жағынан да халқының этностық құрамы тұрғысынан да, өндіргіш күштер мен мәдениетінің даму дәрежесі бойынша да әркелкі сатыдағы тайпалардан құралған сан қилы уәлаяттар мен өлкелердің федерациясы еді. Қарахан мемлекстінің алып тұлғалары Баласағұн қаласында туып-өскен әйгілі ақын Жүсіп Баласағұн мен Махмуд Қашқари еңбектері. Бұлар түркілік қана емес, дүниежүзілік мәдениетке айтарлықтай үлес қосқан тұлғалар Ұлы түркі ғұламасы мен Ренессанс идеясынын арасында қандай байланыс бар екендігін айта кетсек. Батыстық философия мен мәдениеттануда Ренессанс идеясы Италия жерінде өріс алған антикалық мұраны қайта жаңғырту талпыныстарымен байланыстырады және бұл тұрғыдан Шығыста Қайта Өркендеу мәдениеті болмады делінеді. Бұл жерде Батыс өркениеті озық үлгі ретінде қабылданып, Шығыстан да батыстық белгілер ізделінеді. Мысалы, еуропалық Ренессанстың алдында ұзақ ғасырларға созылған батырлық барбарлық дәуір болған және Қайта Өрлеу заманы капитализмге бет бұрады. Ал бұл белгілердің Шығыста болмауын батыстық мәдениеттанушылар Шығыс Ренессансын жоққа шығаратын дәлел ретінде келтіреді. Көп жағдайда пікірталас терминді әр түрлі мағынада қолданудан туады. А.Х. Қасымжановтың пікірі бойынша: «Ренессанс. Сөзбе-сөз бұл-қайта туу, қалпына келтіру, мәдениеттің қайсібір классикалық жағдайына қайта оралу деген сөз» [3, 38]. Алайда Ренессанс ұғымын басқа мағынада да қолдануға болады. Таяу және Орта Шығыста «мұсылмандық Ренессанс» прогрессивті бағытта және философиялық ойды дамытқан аль-Кинди, алъ-Фараби, Ибн-Сина, Бируни, Хорезми, Туси, Омар Хайам, Хафиз секілді т.б. көрнекті ойшылардын еңбектері әлемдік философия тарихының маңызды және елеулі бөлшегі болып табылады [3, 78]. Яғни бұл ұғымды рухтың ерекше бір жоғарылауы, өркениеттік гүлдену, гуманизмнің күшейуі мағнасында қолдануға болады. Гегелъ Ренессанс идеясын бүкіл адамзаттың алтын таңы, жер жүзі мәдениетінің жаңа дәуірі деп атаған. Ренессансты барлық өркениетті халықтар өз басынан өткізген. Ол тек Батыс Еуропада болды деген еуроорталықтық көзқарасты тарихи деректер бекерге шығарады. Ренессанс ұғымын айқыңцау үшін онын әмбебапты белгілерін атап өткен жөн: гуманизм идеясы, қалалық мәдениеттің дамуы, адамды ең жоғары тұлға деп қарастыру, өнер мен философиянын өркендеуі, мәдениеттер сұхбаты. Бұл белгілер Жүсіп Баласағұн әрекет еткен мәдени ортаға тән екендігіне кейінірек тоқталармыз. Әдетте, мұсылмандық, үнді-буддалық, конфуцилік және синтоистік Шығысты бөліктейді. Зерттеліп отырған Ж.Баласағұн шығармашылығы мұсылмандық сұхбат аймағына жатады.
Ислам Ренессансы деген терминді ғылыми қолданысқа енгізген ғалым А.Мец бұл жерде Ренессанс деп классикалық антикалық білімділікті әр жерде және әр уақытта қайталауды айтып тұр. Жүсіп Баласағұн өз үлесін қосқан мұсылмандардың Ренессанстық негізгі белгілерін талдауға көшелік. Егер еуропалық Өркендеу нақтылы бір этностың немесе мемлекеттің атымен түйінделсе, онда, атынан көрініп тұрғандай, мұсылмандық Ренессанстың басты ұйытқысы-діни бірлестік, "Шығыстағы,-деп жазады А. Қасымжанов, - бүкіл қоғамдық өмір мен қайта өрлеуді тек «мұсылмандық дүниенің көрінісі» ретінде бейнелеуге дағдыланған әдетке қарсы, біз оның бәрін тек мысал ретінде алудың қате екенін көрсеткіміз келеді. Христиан дінінің орыс жеріндегі орнына ұқсас, ислам діні арабтар жаулап алған халықтар үшін мәдени дүние мен халықаралык қарым-қатынас тілінен кеңірек нәр алуға қалыптастыруда үлгі болады" [4, 1]
«Құтты біліктің» авторы мұны жақсы түсінген:
Адамды хақ жаратты да ескерді
Оған ақыл, білім, өнер, ес берді
Көңіл берді, әрі тілін тербетті
Ұят берді, берді құлық, келбетті
(Дінін өндеп, ерік берді тіліне
Ұят берді қылық-қулық, тініне! [5, 87] .
Ислам дінінің өркениеттік манызы туралы мәселе әлі күнге дейін өз актуалдығын жоғалтпаған, талай пікірталастың түрткісіне айналған, ауқымды дүниетанымдық сұрақ болып табылады. Ол, әсіресе, қазақ халқынын және оның арғы тектерінің рухани мәдениетіндегі діннің алатын орны туралы пікірмен үзеңгілес жатыр. Батыстық әдебиеттен ислам өркениеттілікке жат, фундаменталистік, фанатизм өрістеген діни темір құрсау деген пікірлерді жиі кездестіреміз. Ислам дінінің түркі халықтарьшың руханиятында алатын орны туралы сыңаржақты пікірлер Қазақстанда жарияланған еңбектерде де бой көрсетіп келеді. Бұл мәселе біздің тікелей зерттеу объектісі болмағанымен, осыған байланысты бір тұжырымдалған пікірді келтірейік: «Батыстық және империялық мәдениеттануда исламдық өркениет жөнінде неше түрлі мифтер мен бұрмалаулар жеткілікті». Енді Жүсіп Баласағұн қалыптасқан ортадағы тарихи, әлеуметтік және мәдени ахуалға көшейік. Азияның кіндігінде кезінде бірнеше көне Шығыс мәдениеттерініц сұхбаты болған үлкен территориялық кеңістікті құрылық жатыр. Бұл жерде кезінде ежелгі түрік, византия, араб, парсы, үнді, қытай мәдениеттері өзара сұхбат құрған. Бұл жердің көне атауы - Тұран, кейінірек - Түркістан, қазіргі атауы - Орталық Азия.
Туғардан есті келіп көктем желі
Жәнеттің жолын ашты көркем жері.
Тау, дала, жер жасыл кілем төсенді,
Көкке оранып қолат, қырлар безенді.
Елік-жайран гүл үстінде ойнайды,
Арқар, киік жұптаса өріп тоймайды.
Қабақ түйіп, аспан жасыл селдетті,
Гүл жүз ашып, күлімдетті жер-көкті.
IX ғасырда Түркістан жерінде жаңа түркі мемлекеті құрыдды. Бұл мемлекет тарихта Қарахандықтар империясы деп аталып, ХІІІ-ші ғасырдың басына дейін өмір сүрді. Сол кездегі замандастары «Афрасияб үйі», «Мүлюк-әл-Хакания» (империя билеушілері) атаған Қарахандықтар династиясын Тәңірі текті, түрік тілді қарлұқ тайпасынан шыққан хандар құрды. Мәуреаннахырды, Ферғананы, Жетісуды, Қашқарды қосатын, яғни Хоттанан (Шынжан) Әмударияның жағасына дейінгі аралықты алып жатқан Қарахан мемлекетінің басқарушылары да қарлұқ тайпасы болды. Империяның екі орталығы болды. Шығыста-Қашқар қаласы, батыста-Баласағұн қаласы-Жетісуда, Шу өзенінің алабында орналасқан. Х-шы ғасырдағы араб географы Әл-Муқаддасидің айтуы бойынша «үлкен, халқы көп және бай қала» [6, 11]. Екіншісі - Тянь-Шанның етегіндегі Такла-Мақан жазығында орналасқан Қарахар қаласы. Х-шы ғасырдағы Қарахан түркілері бірінші болып мұсылман дінін қабылдап, оны көшпенді түркілердін арасында таратты. ХІ-ші ғасырда Орталық Азияның көптеген қалаларын басқарған Қарахан мемлекстінін басшысының теңгеге басылып шыққан, Мәлік-әл-Машриқ Ва-с-син ("Шығыс пен Қытайда билеуші")деген ат қойылып, айдар тағылған титулы болды. Қарахан қағанаты үш өлкеге бөлініп басқарылған еді. Мауранахыр, Жетісу және Шығыс Түркістан. Көптеген ішкі қақтығыстардың нәтижесінде мемлекеттің бөлшектенуіне, яғни мемлекеттің тұрақтылығының, әрі күшінің әлсіреуіне алып келді. Қағанаттың түбіне алауыздық, тақ тартысы жетті. Алдымен Шығыс пен Батыс қағанаты болып екіге бөлінді. Кейіннен Салжұқ сұлтандарының айтқанына көніп айдауына жүрді. 1130 жылы Қарахан мемлекетін хорезмшахтар жаулап алды. Ал 1212 жылы Мұхамед Хорезмшах Самархандта Батыс Қарахан династиясының соңғы өкілін өлтірді. Көп кешікпей Қараханидтердің ферғаналық бұтағы да жойылды Осындай жағдайларға қарамастан, Қарахан мемлекетінің билігі кезінде империяның экономикалық, әлеуметтік және мәдени гүлдену дәуірі болды. Орталық Азияны Қарахандықтар жаулап алған кезде ешқандай қирату да, жаппай қырып жою да болған жоқ. Қалалар қиратылмады, тұрғылықты халықтар көшірілмеді. Мәуреннахыр мен Жетісу қалалары рабаттың-сауда-қолөнер махаллаларының ұлғаюы арқасында гүлденіп өсіп, өркениет ошағына айналды.Осы кезеңде Шығыстың әртүрлі тілдерінде көп ғасырлардан өтіп бізге жеткен шығармалары жазылды. Х-ХІІ-ші ғасырларда Қарахан мемлекетінде сәулст өнері дамып, тамаша табыстарға жетті. Жетісу өңірі мен Сырдария алқабыңда сақталған Айша бибі күмбезі, Аяққамыр, Алаша хан күмбезі, Тараз қаласындағы Әулие ата мазары, Баба әже күмбезі, Сырлытам,Талас өзеніндегі тас көпір, Тараз моншасындағы су құбыры және олардағы ою-өрнектің сан алуан нақыштары Қарахан дәуіріндегі өнердің озық үлгілері болып саналады. «Мұсылмандар билеушісінін бағы» - Орталық Азияны XI -ші ғасырда осы жерде болған, көзімен көріп, сүйсінген саяхатшылар мен географтар осьшай айтады. Шынымен-ақ, ХІ-ші ғасыр Түркістан және онымен тығыз байланысты болған көрші Иран үшін таңқаларлық мәдени гүлдену дәуірі болды. Ол мәдениеттің өр түрлілігі кісі таңқаларлықтай. Қараханидтер дәуіріндегі мәдени қоғамдық жағдайдың өзгеруі түркі халықтарының арасынан ағартушы ғалымдарды, ойшыл-ақындарды шығарды. Жауһари, Фараби, Ибн Сина, Беруни секілді ойшыл-ғұламалардың сан-салалы еңбектері Орта Азиялық Қайта өрлеу дәуірінің асыл маржандары болып саналатын Махмұт Қашғаридың «Түркі тілдерінің сөздігі», Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білігі», Ахмет Игунекидің «Шындық сыйы», Ахмет Иассауидың «Диуани Хикметі» сияқты жәдігерліктердің пайда болуына белгілі бір дәрежеде ықпал етті.
Түркістанда сол уақытта үш тіл - түркі, араб және парсы кеңінен қолданылды. Түркі тілі тұрғылықты халықтың тілі еді де, араб тілі дін, ғылым, құқықтык іс жүргізу және жекелеген поэзияның тілі еді. Парсы тілі-тамаша поэтикалық түрде дамыды. Х-шы ғасырдан бастап Түркістанда да парсы тілі дамыған әдебиет болды. Барлық, үш тіл ортақ жалпы мұсылмаидық алфавитін пайдаланады, сонымен қатар, түркі тілінде жазу үшін ұйғыр алфавиті пайдаланылды. Жалпы алғанда түркі жазуы өте көне уақыттан 7-шы ғасырдан түркі руникалық ескерткіштерінен бастау алады. Түркістанның сол кездегі мәдени өміріндегі екі түрлі астанасы-Баласағұн қаласы мен Қашқар қаласының алатын орындары ерекше болды. Бұл қалалар арқылы кезінде Қытай мен Византия арасында жалғасар «Ұлы Жібек жолы» өтті. Сол арқылы қытай жібегі мен фарфорын былай қойғанда, Шығыстың құнды қолжазбалары және басқа ел, басқа қала, басқа салт, өзге мәдениет туралы әңгімелер таралды, қара халық арасына сіңісті, өзара сұхбат құрды. ХІ - ші ғасырда бұл қалалары түркілік мұсылман әдебиетінің басты орталықтары болды. Көптеген жазушылар мен ақындардың бізге жеткен аты-жөндеріне қарағанда, Орталық Азияның Қарахан кезіндеғі әдебиет пен ғылымның дамуы ерекше болған [7, 66]. Қарахандар дәуіріндегі түріктердің «ильдік» (елдік, Л.Гумилев) мемлекетті басқару принціпі жоғары деңгейге жетті. Қарахандар мемлекеті әрі әскери-демократаялық, әрі шығыстық бір орталыққа бағындырылған бюрократиялық жетілген бірлестік еді. Қархандардың ең жоғары билеушісі хақан деп аталды. Қарахандар әулеті өздерін «тағбач» хан деп атаған. Тағбач Жұңго деген сөз, қарахан елінің хандары «арсылан хан» және «Боғыра хан» деп аталды. Қарахандар қоластындағы үлестік жерлерді билеуші ілек хандар қағанның жер-жердегі өкіл әкімдері еді. Бұл қағанның - туыстары болатын. Жоғары лауазымдардың бір түрі тегін (Арсылан тегін, Боғыра тегін) деп аталды. Бұлардан тыс, ұға, еркін (Құл еркін), сағұн (күн сағұн) атағын алған билеушілер болды.
Қарахандар мемлекетінде билікті бәліп жүзеге асыру принципі де әрекет етті. Хақан жанында сарай және диван (кеңес) деп аталатын қос ұжым болды. Сарай маңында ұлығ хаджиб және хаджиб атты әкімдер қызмет етті. Сондай-ақ, хас хаджиб (бас кеңесші) лауазымы болды және оны Жүсіп Баласағұнның алғаны белгілі. Хан сарайында (қаршыларда) ханға ең жақын адам уәзірлері еді. Бүкіл елдің әскери, әкімшілік және шаруашылық жұмыстарын басқаратын лауазым иелері бұғұрұш, абғұ, түксин сияқты үш жүйеге жүктелді. Хан сарайындағы тапұқшылардың (мәнсаптылардың) белгілі штаты болды. Мұндай мәнсаптар: субаш (әскери қолбасы), бек, ұлығхажип (бас кеңесші),ялауач (елшісі), батықчы (хатшы), қабих баш (сарай күзетінің бастығы), хорықчы (есік корушы), ағчы (қазынашы), аспаз, тағы басқалар болды. Қарахан мемлекетінде қалалар мен қыстақтарда мехтарлар, әкімдер, райыстар болды. Пошташылардың бастығы - саһипбарида, алым-салық жинаушы бастықтар мұстауфа деп аталды. Көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан аймақты басқару жүйесі отырықшы, қалалы орындардан өзгешелеу болды. Бұл аймақтардағы халықтар ру-тайпа бастықтары арқылы басқарылды, олар көбінесе ел басшылары арқылы бектер мен хандарға бағындырылып отырды [8, 45].
Соңғы аймақтарда биліктің 4 түрі де кездеседі: заң шығарушы (құрылтай, диван), атқарушы (елбасы, кесемдер), соттық (билер соты), сөз (ақын-ғұламалр). Қарахандар қоғамының әлеуметтік-мәдени өмірінде ислам діні қаншама еркениеттілік қызмет атқарғанымен, оның тасасында ежелгі дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың тұтас бір арнасы бой көрсеткенін атап еткен жөн. «Яғни, ислам көп халыққа тән болса да, ол сол халылықтың табиғи-ұлттық ерекшелігінің сақталуына зиянын тигізген жоқ». Исламның тарихи жеңісіне қарамастан әрқилы конфессиялар қатар өмір сүріп өлке мәдениетін байыта түсті, осының әсерінен исламның түрі де өзгеріске ұшырады. Тиімді экономикалық, сауда және мәдени жағдай тұрғындардың сауаттылығын көтерді, әр тілдерде кітаптардың таралуына әкелді, оның ішінде түрік тілінде кітаптар да шықты. Мұның өзі гуманитарлық сұранымы жоғары халықтың, білікті дара тұлғалардың туып өсуіне ықпал етті, солардың өзі Орта Азия мен Қытайдың, Дешті Қыпшақ даласымен Мауеранахрдың арасын жалғастыратын маңызды керуен жолдары басып өтетін аймақтың мәдени қазынасының толығуына мол үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан философиясы Шығыс Ренессансы (қайта өрлеу) туының астында дамып, шығыс перипатетизміне үн қосты. Осы уақытта Шығыс философиясы Батыс философиясынан перипатетизмді қабылдай отырып, одан әлде қайда басым тұрған еді. Бұл, әсіресе, екінші ұстаз әл-Фарабиге тән еді. Шығыс перипатетизмі жергілікті арнаның негізгі философиясы болды. Әйткенмен, еуропоцентристер үнемі мұны Аристотель тұжырымдамасының көлеңкесі деп қабылдады. Баласағұн да Аристотельдің, әл-Фарабидің, Ибн Синаның, жолын қуа отырып, араб-мұсылмандық философия арнасына құйды.
Шығыс ойы аса жоғары поэтикалық бейнелілігімен ерекшеленеді. Нақты философиялық еңбектерге қадам тартқан мамандар аз болғандығымен негізгі еңбектерді әдебиетшілер, ақындар, ойшылдар, сопылар мен суниттер жазып қалдырды. Сондықтан да Жетісу мәдениетін қазіргіше айтсақ, Орталық Азияның, немесе Орта Азия мен Қазақстанның жалпы мәдениетінің құрамдас бөлігі деп қабылдауға болды. Ерекше атап өтеріміз — Баласағұн еңбегінің түрік тілінде жазылғандығы. Бұл еңбек аймақта дәстүрлі белең, алған араб тілдік жазудан алшақтап, түрік әдебиеті дамуының басы болды. Көне дәуірдің бір белгісі ретінде әлемнің асыл қазыналарының қатарындағы өшпес мұраның бірі- Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» атты дастаны болып табылады. Жүсіп Баласағұнның құнды мұрасы, мәні мен мазмұны зор «Құтты Білік» дастанының әр жолдарындағы тәлім - тәрбиелік толғамдар, әсіресе, бүгінгі ұрпаққа аса қажет. Ойшыл мұрасының өміршеңдігі осыда. «Құтты Білік» дастаны терең мәнін жолғалтпаған құнды шығарма. Оның таным- білігінің түпкі тамырына ой жүгіртіп, тәлім-тәрбиелік заңдылықтарын ашу - педагогика тарихын байытып, теориялық - практикалық мәнін арттырады [9, 11] Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» мұрасын зерттеу бізді жаңа білімдер қорымен қаруландырумен бірге, бүгінгі білімді, тілді, өнерді, әдебиетті дамытудың көптеген проблемаларын түсініп білуге, оларды болашақта дамытудың жолдарын анықтауға көмектеседі.
Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы педагогика негіздері мен оның жүйелі түрде зертелмегендігі арасында, оқу - тәрбие үрдісінде Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастанындағы адамгершілік тәрбиесін халықтық педагогика тұрғысынан пайдалану мен оны пайдалануға байланысты әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама - қайшылықтың бар екені айқын көрінеді және тақырыпты «Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» шығармасындағы адамгершілік идеялары» - деп алуымызға себепші болды. Жүсіп Баласағұн –XI ғасырдың көрнекті ақыны, ойшыл-философ, бүкіл Шығыс елдеріне әйгілі ғалым-энциклопедист, аса ірі мемлекет қайраткері, араб және парсы тілдерін жетік меңгерген. Сол заманның беделді мәдени орталықтары – Фараб, Қашғар, Бухарада білім алған. Жүсiп Баласarұн Қарахандар мемлекeтiнiң хан сарайында бас министр қызметiн атқарған. Ол мемлекeттiк заңдар мен салт-дәстүpлерiнiң oрындалyын қадағалап, сарай маңындағы нөкерлергe, yәзipлерге (министpлерге) сарай қызметшiлерiне тапcыpмалар берген. Сoнымeн қатар, хаc хажиб елшiлеpдi қабылдап, реcми ic-шаралардың ұйымдастырылyын кадағалаған,жетім, кeдейлердiң арыз-өтiнштерiн тыңдап, Қараханид мемлекeтiнің әмiршici Табагач Кара Богра -ханға баяндaп отырған. Ол түрлі білім салалары бойынша көптеген еңбектер жазған, бірақ бізге дейін оның әлемге танымал «Құтты Білік» шығармасы ғана жеткен. Бұл кітапты ол 462 жылы жаңа жыл есебі бойынша – 1070 жылы жазған. Жүсіп Баласағұн өзінің дастанында, оған дейін араб, парсы тілдерінде керемет жазбалар болғанын, бірақ Қараханид мемлекетінде түркі тілінде мұндай шығарманы алғашқы болып өзі жазғанын айтады. Шын мәнінде, парсы және араб тілдерінде ойлайтын және жазатын елде түркі тілінде дастан жазылуы зор жаңалық болды. Жүсіп Баласағұнның «Құтты Білік» дастаны – түркі сөздерімен жазылған өмірлік ақыл-ойдың философиялық ескерткіші. «Құтты Білік» - жалпыадамзаттық ұстанымдарды, адамгершілік қағидаларды зерттеген терең философиялық мұра. «Құтты Білік» - оқырманын тәрбиенің түрлі салалары бойынша даналық ойлардан сусындататын тәлім-тәрбиелік энциклопедия. Жүсіп Баласағұн мұрасында қандай адамгершілік қасиеттер жыоһр етілген?«Құтты Білікте» құтты қоғам құру, елді көркейту мақсаты үнемі алғашқы кезекке шығарылады. Жүсіп Баласағұн «Кедейді орташаға, орташаны байға» жеткізіп, бекті құтайтуды, халыктың әл-ауқатын жақсартып, ырысын арттыруды басты мiндет етіп ұсынады. Мәселен:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет